Экономикалық мақсаттылық қағидаты. Мұнай-газ компаниясының өнімділікті арттыруы табиғи
ресурстарды тиімді пайдалануға, қалдықсыз өндіріске және тиімді басқару есебінен үнемдеуге бағытталуы тиіс.
Бұл қағидат жобалау құжаттамасын сапалы дайындау арқылы жаңадан іске қосылатын нысандардың қоршаған
ортаға тигізетін техногендік жүктемесін төмендетуге негізделген.
___________________ қағидаты – табиғи және ресурс үнемдеуші технологияларды енгізу арқылы табиғи
ресурстарды тиімді пайдалану.
___________________ қағидаты өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын
жүйелі бақылау, сондай-ақ мұнай-газ компаниясы қызмет ететін аймақтарда табиғи ортаға тұрақты экологиялық
мониторинг жасаудан тұрады.
___________________ қағидаты. Бұл қағидат қолданыстағы ең жаңа технологияларды, ғылым мен
техниканың жетістіктерін енгізу есебінен өндіріс көлемін ұлғайту кезінде ластаушы заттар мен қалдықтар
шығарындыларының, төгінділерінің мөлшерін азайту және уыттылығын төмендету болып табылады.
Экологиялық ақпараттың ___________________ қағидаты. Бұл қағидат бойынша компанияның
экологиялық қызметі туралы қоғамдық маңызы бар ақпарат ашық болады.
___________________ тиімділік қағидаты. Эстетикалық құндылығы бар табиғи ресурстарды сақтау,
компания қызметкерлері мен өндіріс орналасқан аудандарда тұратын халықтың психоәлеуметтік әл-ауқатына
жәрдемдесу.
Экологиялық ___________________ қағидаты. Мұнай-газ компанияларының табиғатты қорғауға
арналған шығындары адамның тіршілік ету ортасының сапасын және экологиялық тепе-теңдікті барлық
деңгейлерде (жергіліктіден ғаламдық деңгейге дейін) сақтауға, табиғи-ресурстық әлеуетті қолдауды қамтамасыз
етуге жеткілікті болуы тиіс. Қоршаған ортаны қорғау мәселелерінде қызметкерлердің кәсіби деңгейін үнемі
арттырып отыру қажет.
___________________ экологиялық жауапкершілігі қағидаты – қоршаған ортаны қорғау саласындағы
заңнама шеңберінен шығатын бағдарламалар мен іс-шараларды ерікті түрде әзірлеу және оларды нақты жүзеге
асыру. Мұнай-газ компаниясының экологиялық қауіпсіздігі оның экологиялық жауапкершілігіне тікелей
байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |