Африкадағы халық ең тығыз орналасқан ел – ___________________. Бұл елде ауызсудың
жетіспеушілігі нақты байқалуда. Нигерия 2050 жылға қарай әлемдегі ең тығыз орналасқан мемлекеттердің бірі
болуы мүмкін. Елдің 60 млн-нан астам халқы судың жетіспеушілігінен зардап шегуде.
ГЕОЭКОЛОГИЯНЫҢ ЗЕРТТЕУ ПӘНІ МЕН ӨЗЕКТІЛІГІ
___________________ – экологиялық жағынан таза ортаны сақтау және табиғат ресурстарын қалыпты
пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жоғары иерархиялық деңгейдегі (физикалық-географиялық зона,
провинция, ландшафт) географиялық жүйелердің экологиялық ерекшеліктерін зерттейді. Геоэкология жеке
ғылыми бағыт ретінде XX ғасырдың 30-40 жылдары белгілі бір геожүйе шегінде өмір сүріп, адамдардың
экологиялық айналасын сипаттау негізінде пайда болды. Геоэкология Германияда аса Қарқынды түрде дамыды
және 1939 жылы неміс ғалымы ___________________ «геоэкология» терминін алғаш ұсынған. Жалпы
геоэкология ландшафт жөне одан да ірі аймақ, провинция, облыс сияқты физикалық-географиялық
аудандастырудың таксономиялық бірліктерінің экологиялық қасиеттерін зерттеумен айналысады.
ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДАНДАСТЫРУ
______________________________________дегеніміз – адам әрекеті әсерінен өзгеріске ұшырау дәрежесін
бағалау нәтижесінде адам тіршілігі тұрғысынан алғанда қолайсыз деп саналатын қазіргі табиғи-антропогендік
ландшафтылардын немесе геожүйелердің кешенді аудандастырылуы.
Қазақстан аумағындағы мүмкіндігінше шектелген экологиялық жүктеме (МШЭЖ) көрсеткіштеріне
негізделе отырып, экологиялық шиеленістің бес деңгейін көрсетуге болады.
Қазақстан аумағы экологиялық шиеленіс деңгейі бойынша қазақстандық геоэколог ___________________
ұсынуымен экологиялық тұрғыда ______________________________________провинцияға бөлінеді.
|