1.2.6. Суды талдау
Тамақ кəсіпорнында су технологиялық, шаруашылық жəне жылу
техникалық мақсаттар үшін пайдаланылады. Технологияда су дайын өнімнің
құрамына кіретін шикізат, шикізаттың кейбір түрлерін еріткіш, өндірістік
операцияларды орындау үшін орта болуы мүмкін.
Микробиологиялық көрсеткіштерді анықтау
Эпидемиологиялық тұрғыдан судың қауіпсіздігі микроағзалардың
жалпы жəне ішек таяқшалары тобының бактериялардың саны бойынша
анықталады. Микроағзалардың жалпы санын 1см
3
су себу жəне қоректік
агарда 37
0
С температурада 24 сағат бойы өсіргенде пайда болатын
бағандарды есептеумен анықтайды. Ішек таяқшалары тобы бактерияларының
санын мембраналық сүзгіштегі судың белгілі бір көлемінен бактерияларды
шоғырландыру, оларды 18-24 сағат бойы 37
0
С температурада қоректік ортада
өсіру, өсіп шыққан бағандарды саралау жəне 1дм
3
суға ішек таяқшалары
тобы бактерияларының санын есептеу арқылы анықтайды. Стандартқа сəйкес
1дм
3
суда ішек таяқшалары тобында бактериялары саны 3-тен аспауы тиіс.
Суда ішек таяқшалары тобының бактерияларының болуы су мөлшерінің
фекальды ластануын растайды [2].
Токсикологиялық көрсеткіштерді анықтау
Судың сапалық көрсеткіштері оның химиялық құрамының
зиянсыздығын сипаттайтын алюминий, бериллий, молибден, мышьяк,
нитраттар,
полиакриламид,
қорғасын,
селен,
стронция,
фтор
концентрацияларын анықтау жəне нормаланатын шамаларға сəйкестігін
тексерумен сипатталады.
Органолептикалық көрсеткіштерді анықтау
Су иісінің сипаты мен қарқындылығын органолептикалық түрде
анықтайды, қабылданатын иістің сезімін атап өтеді: топырақ, хлор, мұнай
өнімдері. Судың дəмі мен иісінің қарқындылығын бес баллдық жүйе
бойынша бағалайды, дəмі: тұздалған, қышқыл, сілтілі, металлды деп атап
көрсетеді. Судың түсін зерттелетін судың сынамаларын мембраналық сүзгі
арқылы табиғи судың түсін сипаттайтын ерітінділермен салыстыру арқылы
анықтап, түс градусын көрсетеді. Судың лайлануын сыналатын суды каолин
немесе трепелден стандартты суспензиямен салыстырып, фотометриялық
əдіспен анықтайды.
Кесте 1.9.
Судың органолептикалық көрсеткіштері
Иісі, баллдан көп емес
2
Дəмі, баллдан көп емес
2
26
Түсі, град, көп емес
20
Лайлануы, мг/дм
3
1,5
Достарыңызбен бөлісу: |