62
шыдамдылық танытуда олар,
егер шарасыз болса, көзқарастардың
толықтай келісімі болмаса да біртіндеп бейбіт өмір сүруге
дағдыланады.
Дегенмен жанжалды шешу арнайы күш салу арқылы ғана іске
асады. Ондай жағдайлар көптеген өнерлілік пен тапқырлықты талап
етеді.
Қақтығысқандардың татуласу бастамасын өзіне алған тарабы бар
жағдайдағы тұлға аралық жанжалды шешу мүмкіндігін қарастырамыз.
Бұндай жанжалдасу өте қиын, өйткені
екі тарап та өздерін дұрыс
санайды. Жағдаяттың объективті бағалауда əр жанжалдасушы
жағымсыз эмоция əсерінен қиындыққа ұшырайды.
Жанжалды шешу үшін қажет:
жанжалды жоюда табанды, берік шешім қабылдау. Жанжалда
бастама жасау жəне өз мінез-құлқыңызды өзгертуіңіз керек;
Серіктестік жасауға жəне мəмілеге келу үшін айқын жағдайлар
керек екеніне бейімделу. Осындай жағдайға ену үшін жанжалдық
жағдайда ешкім ешқашан ештене дəлелдей алмайтынын түсіну
керек. Бұл теңдік деңгейі екі тарапқа да тиесілі, өйткені жағымсыз
эмоциялар қабылдау, келісу, санасу, түсіну
қабілетін бұғаулайды,
яғни ойлау жұмысын тоқтатады. Яғни, екінші тарап дəледі
қабылдамайтын жағдайда бір нəрсені дəлелдеуге тырыспаңыз;
қарсыласыңызбен қатынаста жағымсыз эмоциядан бас тартыңыз;
жағдаятқа жан-жақты қарау, екі тарап та барлығында дұрыс емес
екенін көруге тырысу, екі тараптың да артықшылығы мен кемшілік
тұстары бар екенін көру;
жанжалдың мəнін түсіну, жеңіліске ұшыраудан қорқатын
қарсыластын шынайы қалауын анықтау;
ары қарай алауыздықты алу үшін жанжалдасуды басуға
тырысыңыз. Қарсыластың қалауы мен өз қалауыңыздың
максималды орындалуы болатын
жанжалдың басылуы немесе
біртіндеп шешілу тəрізді екі-үш нұсқасын дайындау.
Мүмкіндігінше, жанжалдың толықтай шешілуін нұсқасын ұсыну;
қарсыласпен ашық сөйлесу. Жанжал екі тарапқа да зиянын
тигізетінін түсіндіру, бітімгерлікті ұсыну; өз қателіктеріңізді
63
мойындау; өзара жол беру, мəмілеге келу мүмкіндігін
талқылау
жəне жанжалды біртіндеп немесе толықтай шешу. Егер əңгімелесу
шешілмесе, біраз уақыт өткен соң қайта оралсаңыз болады.
Мінез-құлықтың басқа да тиімдірек тəсілі бар. Егер сіз жанжал
арасына
байқаусызда
еніп
кеттіңіз,
ондайда
үндемеңіз.
Қарсыласыңызда «үндемеуді», «тоқтауды» талап етпеңіз, өзіңізден
талап етіңіз. Бұған біреуден қарағанда өзіңіз қол жеткізген оңайырақ.
Үндемеу жанжалдық жағдаяттан шығуға жəне тоқтатуға мүмкіндік
береді. Ұрысу үшін, қақтығыс, жанжал үшін екі тараптың қатысуы
керек, ал егер біреуі жоқ болса – кіммен жанжалдасады?
Қарсыласыңыздың жағымсыз эмоционалды
жағдайын сөзіңізбен
анықтаудан («Неге күйгелектенесің, неге ашуланасың?», «сен мені
ешқашан түсінбейсің») қашу, бұл одан бері ушықтырады.
Соғысты тек соғыстан бас тартумен жеңе алады. Жанжалдан
қашуды оқып үйрену керек. Ал бұған өз үлгілі əрекетіңіздің күшімен
жетесіз. Ең бастысы өзіңізге қалай қатынас жасауды қаласаңыз,
өзгелерге де солай қатынас жасаңыз. Сондықтан, өз құқықтарыңызды
айтарда, айналаңыздағылардың бар құқығы бар екені есіңізде болсын.
Егер өзгенің жеке құқығын сыйлайтын болсаңыз, өзгелер де сіздің
құқығыңызды сыйлайды. Өмірімізде жанжалдар аз болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: