Практикум бастапқы кәсіптік білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқу процесінде оқу



Pdf көрінісі
бет33/83
Дата16.03.2024
өлшемі3.07 Mb.
#495826
түріПрактикум
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   83
Косолапова-Н.В.-Тіршілік-қауіпсіздік-негіздері

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ 
1. 
Жанжал дегенімізне? 
2. 
Жанжалдық жағдай дегеніміз не? 
3.
Жанжалдық формула қандай? 
4. 
Қандай себептер жанжалды тудырады? 
5. 
Жанжалдың қандай түрлері ерекшенеді? 
6. 
Жанжалдық жағдай неден туындай? 
7. 
Конфликтоген сөздер дегеніміз не? 
8. 
Сөз қорыңыздан қандай конфликтоген сөздерді алып тастау керек? 
9. 
Агрессияның жоғарылау психологиялық қысымын қалай алады? 
10. 
«Ұрыста мың адамды жеңіп шығуға болады, ал нағыз жеңіс 
адамның өзін-өзі жеңіп шығуы» деген Будданың нақыл сөзін қалай 
түсінесіз? 
 
2-
тапсырма. Жанжалсыз қатынас жасау əдістерін үйреніңіз жəне 
бақылау сұрақтарына жауап беріңіз.
Мінез-құлық стратегиясы – əртүрлі жағдайларды шешуге 
ұсынылған адамның тұрақты кешенді əрекет. Тұрақтытылық деп 
əдепті, автоматтандырылған əрекетті айтамыз.
Жанжалдық жағдайда адамның озық мінез-құлықты стратегиясы 
туындаған жағдаятта өзін ұстау оның жынысы мен қоршаған ортасына 
байланысты. Сонымен қатар, мінез-құлық стратегиясы көп мəселенің 
ішінен дұрысын таңдау нəтижесі болып табылады.
Қазіргі таңда жанжалтану қақтығыс жағдайындағы мінез-құлық 
стратегиясын беске бөледі: 
 
бəсекелестік – басқа тарапқа белсенді қарсыластық көрсету; 
 
қашу – жанжалдық жағдаяттан қашу; 


58
 
 
бейімделу – бір тарап өзінің көзқарасын айтуға қорқады, бірақ 
басқа тараптың бар талаптарына келіседі; 
 
мəмілеге келу – екі тарапты да қанағаттандыратын, өзара келісімге 
келуші біріккен шешімге келуге тырысу
 
серіктестік – тұлға аралық қатынастағы құндылықтарды 
қабылдайтын екі тарап қызығушылығының теңдігі. 
Жанжалдық жағдаяттарда көптеген адамдар «мен жеңемін – сен 
жеңілесің» (бəсекелестік) мінез-құлық стратегиясын таңдайды. Бұл -
қарсы тараптың көзқарастарын теріске шығарып, өз құқығын қорғап 
шығатын мінез-құлықтың агрессивті үлгісі. Мұндай мінез-қлық 
стратегиясын мықты күш-жігерге ие, абыройлы, серіктесікке 
қызықпайтын жəне бірінші кезекте өз қалауын қанағаттандыруды алға 
қоятын адамдар таңдайды. Оны жанжал нəтижесі сіз үшін маңызды 
болса, туындаған жанжалдың қорытындысы сіздің пайдаңызға шешу 
ұтысына тігу жасасаңыз пайлануға болады; егер сізде басқа таңдау 
жоқ жəне ештеңе жоғалтпайтын болсаңыз; егер беделіңіз болса 
пайлануға болады.
Бірақ бұндай мінез-құлық отбасымен, жақын адамдарыңмен, жақсы 
көретін адамдарыңмен қатынаста пайланауға болмайды. Жатсыну 
сезімінен басқа ештеңе жете алмайсыз. Бұл мінез-құлық 
стратегиясының шегіне мысал мынандай: адамдар тола автобус кетіп 
бара жатыр. Бір адам байқаусызда келесі адамды итеріп жібереді. 
Тұлға мінезіндегі ашушаңдық пен жəбірленуді шақыратын сөз: 
«Бөшке, неге итересің!». Осындай жанжалдың дамуы жолаушылар 
мен жүргізушілер де араластыратын төбелеске ұласу мүмкін. 
Жанжалдасу кезіндегі мінез-құлықтың келесі стратегиясы – 
қашу 
мен алыстау, жанжалдық жағдаяттан кетіп қалу, пассивтік əрекет.
Мұндай мінез-құлық үлгісі ақтап алуы мүмкін, егер: 
 
жанжал сіз үшін болмайды жəне сіз оған күш жұмсағыңыз 
келмейді; 
 
алауыздықты өз пайдаңызға шешкіңіз келмейді жəне олай ете 
алмайсыз; 
 
уақыт жоғалтқыңыз келмейді; 
 
жанжалдың шешілуі сіз үшін қауіпті, жағымсыз ақпараттардың 
талқылау мен ашылуы жағдайды одан бетер шиеленістіреді. 


59
 
Бірақ жанжал белгіленген уақытта өздігінен шешілмесе немесе 
оның шешілуіне ыңғайлы жағдай туындамаса, онда бұндай стратегия 
нəтижесі жағымсыз болуы мүмкін. Әдетте, бұндай мінез-құлық үлгісін 
таңдаған адамдар мəселені шешпей, одан əрі тығырыққа тірейді. 
Көптеген жағдаяттарда бір қадам қалып, өз жауапкершілігіңді 
мойындап келісімге келуге тырысқан пайдалырақ болады. 
Бір тарап жанжалдың алдын алу мақсатында өз талаптарын сақтай 
отырып, екінші тараптың талаптарымен де келісе отырып мəселені 
шешудің мінез-құлық стратегиясы бейімделу деп аталады. Бұндай 
стратегияны таңдау егер сіздің мəселеңіз жанжалды шешу емес 
сабырлық пен тұрақтылық болғанда; жанжал нəтижесі сіз үшін маңыз 
емес болғанда; ұрысқыңыз келмеген жағдайда тиімдірек; өз 
қарасыңыздан қайтпай тұрғаннан жақсы қатынасты сақтау тиімдірек; 
егер шындық сіз жақта болғанда; жеңіске жету мүмкіндігі аз болғанда 
тиімдірек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет