Практикум бастапқы кәсіптік білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқу процесінде оқу



Pdf көрінісі
бет31/83
Дата16.03.2024
өлшемі3.07 Mb.
#495826
түріПрактикум
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   83
Косолапова-Н.В.-Тіршілік-қауіпсіздік-негіздері

54
 
Жанжал тууының негізгі себептеріне алып келеді:
 
басымдыққа талпыну, қысым көрсету, айып тағу, ескерту, əділетсіз 
сын айту, күлкі ету; 
 
мақтану; 
 
сенімсіздіктің ашық түрі; 
 
сұхбаттасушыңыздың сөзін бөлу; 
 
өз пікірін қыстырмалау; 
 
сұхбаттасушымен өзін жоғары ұстап қатынас жасау; 

сұхбаттасушының 
мүддесін 
қорғамай 
араларындағы 
айырмашылыққа көңіл бөлу; 
 
біреудің шындығы мен өз қателіктерін мойындамау; 
 
өз үлесін көтермелеп, əріптесінің үлесін төмен бағалау; 
 
шынайы емес пікір айту; 
 
əңгіме қарқынын бірден тездету жəне оның күтпеген жерден 
өзгеруі; 
 
əріптесіңіздің көзқарастарын түсініп, тыңдай алмау жəне т.б. 
Жанжал барысын негізгі бес кезеңге бөлуге болады: 
 
жанжалдың туындау кезееңі (жанжал басталу себептері); 
 
қақтығысқандардың жанжалдық жағдайда екенін ұғыну. Ол 
өрескел жəне əдепсіз сөздерден, қысымнан, көңіл күйді 
төмендетуден басталады. Қысым көрсету бір нəрсе істеуді талап 
етумен қатар, қарсы тарапқа зиян келтіруде сол талаптарды 
орындауға күш көрсетеді («Ақшаны қайтармасаң, онда ...», «Егер 
қасыма жақындасаң, ...»); 
 
ашық жанжалдың басталуы. Бұнда бір тарап шектен шығып
қарсыласына зиян келтіреді. Келесі тарап қорғаныс ретінде өз 
қадамдарын жасайды; 
 
ашық жанжалдың дамуы, кейде болып жатқан жанжалдың негізін 
түсінбей əр тарап өз дегенін талап етеді. Жанжал үдемелі 
қарқында өседі – бір қадам алға шығу тəрізді əрбір əрекет 
қарсыластықты тудырады. Кейде əр тарап жанжалдың шығу 
себебін ұмытып, неден басталғанын түсінбегенге дейін 
жанжалдасады. 


55
 
 
жанжалдың əдетте педагогикалық (көзін жеткізу, əңгімелесу) жəне 
əкімшіліктік (жұмыстан босату, басқа жұмысқа ауыстыру) 
əдістерімен шешілуі. 
Жанжал туындағанда конфликтоген ( лат. conflictus +gen – 
туындаған жанжал) маңызды рөл атқарады. Ол жанжалдың туындауы 
мен өрбуіне, яғни тура жанжалдасуға əкеп соқтыратын.
Конфликтогеннің негізгі сөздері: 
 
сенімсіздікті білдіретін сөздер: «сіз маған жала жауып жатырсыз», 
«мен сізге сенбеймін», «сіз бұны шеше алмайсыз» жəне т.б. 
 
тіл тигізу: «жексұрын», «оңбаған», «ақымақ», «парықсыз», 
«жалқау», «пасық» жəне т.б. 
 
айбат көрсету: «біз əлі кездесеміз», «сізге əлі қайтарамын», «сен əлі 
өкінесің» жəне т.б. 
 
келеке ету: «соқыр», «қалқанқұлақ», «былжыр», «сүйегі 
жабысқан», «қортық» жəне т.б. 
 
жəбірленетін теңеулер: «сұмырай сияқты», «шошқа сияқты», 
«тотықұс сияқты» жəне т.б. 
 
теріс қатынасты білдіретін сөздер: «мен сені жек көремін», 
«сенімен сөйлескім келмейді», «сен маған жиіркеніштісің» жəне 
т.б.
 
лауазымдылық: «сіз міндеттісіз», «сен істеу керексің» жəне т.б. 
 
айып тағу: «сіз бəрін бүлдірдіңіз», «сіз өтірікшісіз», «сен бəріне 
кінəлісің» жəне т.б. 
 
үзілді-кесілділікті тудыратын сөздер: «əрқашан», «ешқашан», 
«болды», «ешкім» жəне т.б. 
 
қамқорсынып сөйлейтін сөздер: «Бұл сенен басқаның бəрі түсінетін 
жайт», «Осындай болмашы нəрсені қалай білмеуге болады», 
«өзіңді кішкентай бала ұқсап ұстайсың». 
 
мақтаншақтықты көрсететін сөздер: «Сенен қарағанда мен 
барлығын реттей аламын», « Мен болсам басқа жағдай!». 
 
Өз көзқарасын қыстырмалайтын сөздер: «Мені тыңда, үлкенмін 
жəне саған қарағанда жақсы түсінемін». 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет