Практикум бастапқы кәсіптік білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқу процесінде оқу



Pdf көрінісі
бет50/83
Дата16.03.2024
өлшемі3.07 Mb.
#495826
түріПрактикум
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   83
Косолапова-Н.В.-Тіршілік-қауіпсіздік-негіздері

88
 
жəне т.б.) жəне жекеленген қорғау құралдарын даярлау (газға 
қарсы, отқа қарсы алжапқыштар, костюмдер, қолғаптар), қажетті 
жағдайда қолдану. 
Өртті сөндіруде газды жабу, электр қуатын сөндіру, асбест 
жабындысымен отты жабу қажет, одан кейін өрт ошағынан 
жанғыштығы аз сұйықтықты (ЖАС) алу керек. Қажетті жағдайда өрт 
сөндіргіш құралдарын пайдаланылады. Жанғыштығы аз сұйықтық 
өртін өшіру үшін құм, өрттен қорғану маталарды, көбікті өрт 
сөндіргішті падаланады. 
Ыстық электр қондырғыларын дереу өшіру қажет. Егер өшіруге 
мүмкіндігіңіз болмаса, электр қуатын өткізбейтін: құм, оттан 
қорғайтын маталар, көмірқышқыл өрт сөндіру құралы пайланылады. 
Қажетті жағдайда «Жедел жəрдем» шақырыңыз, зардап 
шегушілерге алғашқы көмек көрсетіледі.
Өрт апаты жағдайында алғашқы көмек көрсетуде өрт түтін, бықсу 
аймағынан адамдарды шығарады, жанған киімдерін шешеді. 
Сонымен қатар, есте сақтау керек: 
 
жанған киіммен адам жүгірмеу керек! Өрт ошағынан тез қашып, 
жанған киімді шешуге немесе жыртып алып тастауға тырысыңыз. 
жалынды басу үшін қолыңызды орап алыңыз (мысалы, халаттың 
сулы матасымен); 
 
Егер жанған киімі жалыны көп болса, басыңыз бен денеңіз зардап 
шекпес үшін дереу еденге жатыңыз. Су құйыңыз (3 л. кесм емес) 
немесе шлангадан су құйыңыз; 
 
ЛВЖ сөндіру жалынын басу үшін отқа қарсы маталар (асбест), құм 
пайдалану керек,сосын жану орнын сумен салқындатыңыз. 
Сонымен бірге көбікті өрт сөндіргіш (бəрінен жақсы ауа-көбікті) 
пайдалануға болады (көмірқышқыл емес!). Ол жағдайда зардап 
шегуші көзін жұму керек.; 
 
«Жедел жəрдем» жəне дəрігердің келуіне дейін күйген дене 
бөліктері қалың сулы матамен, қарсалынған немесе мұз салынған 
полиэтиленді пакетпен салқындатылады; 
 
ІІ – Iv деңгейлі күйік орнын суық сумен жумаңыз, калия 
перменганат қоспасын, əртүрлі майларды, вазелин қолданбаңыз. 
Бұндай күйік орнын жай ғана этиль спиртіне малытылған таза 
жұмсақ матамен сүртіледі; 
 
Күйген дене бөлігіне жабысқан киім қалдықтарын алмаңыз жəне 
тазалап жүрмеңіз. 


89
 
Барлық адамдарды құтқарғаннан соң, оларды тынышталдыру 
қажет. Сосын зардап шеккендерді ең қысқа жолмен қауіпсіз орынға 
апарыңыз. 
Егер адамдар өрт тосқауылда қалып қойса немесе түтіннен есі 
танып жатса, оларды сатының жанынан, терезенің қасынан немесе 
басқа да шығу есіктері маңынан іздеңіз. Өрттен қорыққан балалар 
жабық жерлерге, мысалы, кереует немесе стол астына тығылып 
қалады жəне таныс емес дауыстарға көбінде ишарат танытпайды.
Өрт сөндіргіш құтқарушылары келгенге дейін өрт шарпуын 
тоқтатуға тырысыңыз, су құю немесе сулы сүлгімен қауіпті от 
ошақтарын ұрғылап сөндіріңіз.
От шарпуын сөндірген соң тағы жалын шығатын ошақтар жоқ 
екенін тексеріп шығыңыз. Адам аз жүретін имарттарға аса көңіл 
бөліңіз. 
Өрт болған ғимаратта эвакуация кезінде өзіңізді ұстау үлгісі. 
 
түтін иісі шыққанда кез келген шүберекті сулап тыныс алу ағзасын 
жабыңыз жəне жанып жатқан ғимараттан тез шығып кетуге 
тырысыңыз. Қалың киініп, оны сулаңыз. 
 
Жеделсаты қолдануға болмайды, өрт салдарынан электр қуаты 
өшіп қалады жəне жеделсатыдағы адамдар тұзақта қалады. Егер от 
жоғарғы қабаттарда жалындаса баспалдақ арқылы түсіңіз. Егер от 
астынан жоғарыға қарай жалындаса, онда өрт арқылы өту өте 
қауіпті. Егер баспалдақта қою түтін болса, ғимараттық шатырына 
шығып ТЖМ күтіңіз. Егер төменгі қабатта болсаңыз терезе немесе 
балкон арқылы шығуға болады.
 
Егер баспалдақпен түсу мүмкін болмай, өрт жақындап келе жатса, 
терезені ашып, барлық жұмсақ заттарды лақтырыңыз. 
Құлағаныңызда жұмсақ болатындай етіп жиһаздарды лақтырыңыз 
жəне маталар мен төсекжаймалардан түсу жіп тəріздес етіп секіру 
биіктігін қысқартуға болады. 
Кішкене өрт болғанда өзіңді ұстау үлгілері.
Өрт кезінде ертерек сөндіру қажет, кішкене өртті оңашалауда əрбір 
секунд маңызды. Көптеген жағдайда үйде өрт асүйден шығады. Өрт 
ошағына қолыңыздағы кез келген сулы жамылғыны, пальто, 
төсекжайма, бірақ синтетикалық жамылғылар емес, жабу керек. Жану 
ошағына оттегіні өткізбеуге тырысыңыз. Егер өрт пердені алып жатса, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет