118
Циркульді (оралмалы) таңғыш өте берік,
өйткені барлық
айналымдар біркелкі таңылып оралады. Тобық, білекті, сонымен бірге
маңдай, мойын, кеуде, ішті таңуға арналған (8.2-сурет).
Спиральді таңғыш үлкен жараларды жабуға арналған. Бинттеу
циркульді таңумен басталып, сосын жоғарыға
бағытталатын жанама
ораммен 2/3 үстеме таңулар жасауды.
Кеуде тұсын спиральді таңу үшін бинт иық арқылы байланады.
Кеуде тұсын спиральді таңу барысында екі бинт пайдаланылады,
сосын əр орам жолағын 2/3 қабаттап орайды. Кеуде тұсын толықтай
немесе жарақаттанған бөлігін жабады . Сырғып түспес үшін
циркулярлы айналым бинтінің соңғы жақтары иық арқылы байланады.
Қол саусақтарын таңу кезінде де спиральді таң пайдаланылады.
8.3-
суретте сұқ саусақтың спиральді таңылуы көрсетілген.
Айқышты (сегіз тəрізді) таңу кедедегі жараны,
желке тұстағы,
білектегі, тобықтағы жарақаттарды таңуға арналған əдіс.
Кеудені айқышты таңуда сол тұсты бинт айналымдарымен
бастайды, сосын кеудені сегіз тəріздес айқышты түрде орайды,
сегіз
тəрізді таңудың жоғары дөңгелегіне мойынды,
төменгі дөңгелегіне
кеудені таңып орайды.
Табанды айқышты таңу тобық буындарынының байламдарын,
жарақаттарын жəне бірнеше буын ауруларын түзейді (8.4-сурет).
Бинт ені – 10 см. Табан мен тобықты тік бұрыш қалыпта таңады.
Тобықтың астыңғы жағынан түзету айналымдары бағытымен
бинттеу басталады. Сосын тобықтың жоғары жағына өтеді (сол
жақ табанда сыртқа, оң жақ табанда ішке). Табан жақты айналмалы
ораммен байлайды. Сосын алдыңғы айналымдарға қарсы бағытта
бір шетке қарай арам жасалады. Қайтадан тобық жанын айналмалы
орамдармен байлайды жəне сегіз
тəріздес
орамдарды
тобық
буындарын орнына келтіру үшін 5-6
рет қайталанып бинт жолағы
жасалады. Таңғыш сирақ маңында
айналмалы орамдармен аяқталады.
8.3-
сурет. Сұқ саусақтың
спиральді таңылуы
119
8-4-
сурет. Табанды айқышты (сегіз тəрізді) таңу
«Тасбақа» таңу буын аймағынын бүгілген
қалпында оралады. Ол таратып таңу (8.5, а-сурет)
немесе жинақтап таңу (8.5,б-сурет) болып бөлінеді.
Таратып таңу буынның ортасынан (1) бастап
айналмалы жолақпен басталады, сосын жоғары жəне
төменге қарай бағытталып таңылады (2 жəне 3).
Келесі қадамдары одан ары да таралып
буынның барлық аумағын
жабады (4-9). Орамның соңғы жолағы тізе асты ойығында аяқталады.
Таңу жамбас маңында бекітіледі.
8.5-
сурет. «Тасбақа» таңу
а- таратып таңу; б- жинақтап таңу