Практикум бастапқы кәсіптік білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқу процесінде оқу



Pdf көрінісі
бет68/83
Дата16.03.2024
өлшемі3.07 Mb.
#495826
түріПрактикум
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   83
Косолапова-Н.В.-Тіршілік-қауіпсіздік-негіздері

116
 
 
тар (ені 3-7 см., ұзындығы 5 м.); 
 
орташа (ені 10 - 12см., ұзындығы 5 м.); 
 
кең (ені 14 - 16см., ұзындығы 7 м.); 
Тар бинттер саусақ, табанды таңуда қолданылады, орташа – бас, 
мойын, білек, иық, табан мен тобықты орағанда, ал кең – кеуде тұсын, 
сүт безі, иық, жамбасты орағанда пайдаланады.
Бинттеу ережесі: 
 
бастамас бұрын мүмкіндігінше зардап шегушіге қарсы (зардап 
шегушіні бақылап) тұру; 
 
таңу кезінде зардап шегушімен сөйлесу жəне таңуды орап біткенше 
оның маңыздылығын түсіндіру керек (зардап шегушіні 
серіктестікке шақыру, жағдайды бақылау); 
 
зардап шегуші ыңғайлы жағдайда болу керек; 
 
таңылған дене бөлігі (аяғы) қозғалмауы тиіс. Күш салу керек
мысалы, тобықты таңуда зардап шегушіні отырғызу, табанын 
кішкене орындыққа қою, тіреу; 
 
Таңғыш зардап шегушінің шегушінің қимыл қозғалысына ыңғайлы 
болуы тиіс; 
 
бинттік таңуда бинті оң қолда ұстайды, ал оның басталуы сол 
қолда болады; 
 
Таңуды солдан оңға, жоғарыдан жоғарыға қарай оралады. 
Бинттік таңу соңын бекітуден басталады. Әрбір жаңа бинт алдыңғы 
бинтті жалғасыра əкету керек; 
 
бинтті қатты қысып немесе ол түсіп кетпес үшін қатты бос етпеу 
керек; 
 
бинтелген аяқ жазылған қалыпта, ал қол бүгілген қалыпта болады. 
Сосын қолды жіпке немесе шарфқа іліп бүгілу қалпын ұстайды; 
 
бинттеу жарадан жоғары беттерін де жабады, бинттің соңын 
байлайды. 
Бинттік таңудың бірнеше түрлері ерекшеленеді. Ең кең тараған 
түрлері циркулярлік, спиральді жəне айқышты. Бинтті емес
таңғыштарға жабысқақ пластырьлар мен үшбұрышты пластырьлар.
Лейкопластырды жараның үстіне бірнеше қабат қатар етіп 
жабыстырып пайдаланады. Лейкопластырь тек құрғақ теріге 
жабыстырылатынын ескеріңіз. 


117
 
Лейкопластырлардың кемшілігі лейкопластырь астындағы тері 
бетінің өзгеруі (кейбір науқастардың пластырь жолақшасының 
астындағы тері зақымданады), сенімсіз таңғыш болып табылады. 
Бұндай таңғыштар іш жаралары кезінде, əсіресе жараның жиектері 
кеңірек ажыраған кезде, сондай-ақ қабырға сынған кезде 
қолданылады. Соңғы жағдайда таңғыш омыртқадан алдыңғы орта 
сызығына дейінгі қабырға бағытымен таңылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет