Практикум бастапқы кәсіптік білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқу процесінде оқу



Pdf көрінісі
бет18/83
Дата16.03.2024
өлшемі3.07 Mb.
#495826
түріПрактикум
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   83
Косолапова-Н.В.-Тіршілік-қауіпсіздік-негіздері

30
 
2.2-
сурет. Найзағай 
Найзағай - бұлттар ішінде не бұлт пен жер арасында жарқыл 
пайда болатын атмосфералық құбылыс (2.2-сурет). Нажағай – бұл
қалың будақ бұлттарда электр разрядтарынан жарқыл пайда болатын 
жəне қатты дыбыстар шығатын құбылыс (күн күркіреуі). Күн 
күркіреуі қалың будақ-жаңбырлы бұлттар мен нөсерлі жаңбырда, 
ұйтқыма жел, дауыл соққанда пайда болады. Найзағай – адам өмірі 
үшін үлкен қауіп төндіретін табиғи апаттардың қатарында, Адам 
өмірі үшін үлкен қауіп төндіретін табиғи апаттардың қатарында 
нөсерлі жаңбырлар, күшті найзағайлы жаңбырлар соңғы орында 
емес,адам шығынын тіркеу бойынша су тасқыны алдыңғы орында тұр.
Найзағайлардың қауіптілігі найзағай қуаты үлкен токпен 
сипаталады, оның температурасы 300000 градусқа дейін жетеді. Ағаш 
найзағай түскен кезде бөлшектеніп кетеді, тіпті жанып кетуі де 
мүмкін. Ағаштың бөлшектенуі ішкі ылғалдылық соққы əсерінен дереу 
буға айналуынан болады. 
Найзағайдың адамға тікелей түсуі өлімге дейіп алып келеді. Жыл 
сайын əлемде найзағайдан 3000 жуық адам қаза табады.
Найзағай қандай заттарға түседі? Статикалық электр разряды 
əдетте электрге қарсы тұра алмайтын жолдармен өтеді. Ең жоғары зат 
пен будақ бұлттар арасы жақын жəне электрге қарсы болатын 


31
 
құралдар аз. Сондықтан найзағай бірінші кезекте биік заттарға (діңгек, 
ағаш жəне т.б.). 
Қорғану шаралары. Найзағайдың түсу қаупінен қорғану үшін оған 
қарсы сымтетіктер объектісінен биік етіп жерасты металл қалқан 
орнатқыштар орнату керек. 
Жолға шығар алдында ауа-райын анықтап алған дұрыс. Егер күн 
күркеуі болжамдалса сапарыңызды келесі күнге қалдырыңыз. Егер сіз 
найзағай болатынын сезсеңіз, онда бірінші кезекте оның жерге түсу 
жақындығын анықтаңыз жəне дауыл жақындап не болмаса 
қойғандығын қараңыз. Жарық жылдамдығының тездігіне байланысты 
(
300000км/с) найзағай жарқылын тез арада байқай аламыз. 
Сəйкесінше күркіреу дыбысының кешігуі арақашықтық пен оның 
тездігіне байланысты анықталады (340м/с жуық). 
Мысалы: егер жарқылдан кейін найзағайға 5 с өтсе, онда найзағай 
фронтының арасы 340м/с*5с = 1700м. Егер дыбыс кешігуі жиіленсе
онда найзағай фронты сирейді ал егер дыбыс азайса, онда найзағай 
фронты жақындап келе жатқандығын білдіреді. 
Найзағай кезіндегі әрекет ережелері. Найзағай жарқылынан кейін 
қатты дауыл болса, найзағай өте қауіпті. Бұндай жағдайда сақтану 
шараларын тез арада қолдануыңыз керек: 
 
ауылдық жерде болсаңыз терезені, есікті, құбырларды жəне 
желдеткіштерді жабыңыз; 
 
пеш жақпаңыз, себебі пеш трубасынан шығатын жоғары 
температуралы газда қарсыласа алмаушылық болады; 
 
телефонмен сөйлеспеңіздер, кейде найзағай бағаналардың 
арасында тартылған сымдарға түседі; 
 
Найзағай болып жатқан сəтте электр желісіне, антеннаға, терезе 
жанына, үйдің төбесінен су ағатын жерлерге жақындамаңыз
сонымен қатар теледидар, радио жəне т.б. электрлі қондырғыларды 
қоспаңыз.
Егер сіз орманда болсаңыз, қысқа талдар өскен жерлерді 
паналаңыз. Биік талдардың қасына, əсіресе қайыңның, еменнің 
қастарына тығылмаңыз. 
Су жиналатын жерде немесе оның жағысында тұрмаңыз. Жағадан 
аласырақ, яғни жоғары жерден төменге түсіңіз. 
Жазық далада, егістікте немесе қорғанатын жер болмаған жерде 
болған кезіңізде жерге жатпаңыз, қазылған жердің шетіне аяғыңызды 
қолыңызбен ұстап отырыңыз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет