Практикум бастапқы кәсіптік білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқу процесінде оқу



Pdf көрінісі
бет20/83
Дата16.03.2024
өлшемі3.07 Mb.
#495826
түріПрактикум
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   83
Косолапова-Н.В.-Тіршілік-қауіпсіздік-негіздері

1-
тапсырма. Жол апаты ТЖ кезіндегі əрекет үлгілерін оқыңыз 
жəне сұрақтарға жауап беріңіз. Бұл тапсырманы орындау үшін 
автокөлік, теміржол, су асты көлігі мен метродағы апаттар кезіндегі 
əрекеттер ережесін зерделеу қажет.
Автокөлік апаты (апат) кезіндегі əрекет үлгілері (3.1-сурет): 
 
Өз-өзіңізді жоғалтпаңыз; 
 
Көлікті соңғы мүмкіндік болғанша басқару; 
 
Көлік толықтай тоқтамайынша бұлшықеттеріңізді жиырып 
ұстаңыз. 
 
Көлік жүріп келе жатқанда секіруге тырыспаңыз. Статистика 
бойынша көлік ішінде қалған сыртқа секіруге қарағанда аман қалу 
мүмкіндігін 10 есеге арттырады. 
 
Алдыңғы айна соққысынан қашудың барлық мүмкіндігін жасаңыз. 
Ол көлік апатындағы ең қауіпті түрі саналады. Бұны болдырмас 
үшін жолдан шығып, кюветті түріңіз немесе басқаруды жоғалтпай 
тез арада тежегішті басыңыз, жолдан шықсаңыз сол жаққа емес, оң 
жаққа қарай бұрыңыз; 


34
 
3.1-
сурет. Автокөлік апаты 
 
Соғысу апаты бол жағдайда аяғыңызды еденге тіреңіз, басыңызды 
алға қарай қолдарыңызбен бүркемелеп түсіріңіз, бұлшықетеріңізді 
ширатыңыз, қолыңызды рөлге немесе алдыңғы панельге тіреңіз; 
 
Көліктің артыңда жолаушы болса, оған басын қолымен жауып 
қырымен жату ұсынылады. Жүргізуші жанындағы орын артқы 
орындарға қарағанда қауіптірек; 
 
Қозғалыссыз
заттармен соқтығысу кезінде оң немесе сол жағынан 
қарағанда көліктің бамперімен тікелей соқтығысқан қауіпсіздеу: 
соққыны радиатор ортасы жағынан бұрған жөн, шет жағына қарай 
соққы жасау одан да жақсырақ; 
Қауіпсіздік белдігін тағу, бас сүйегіштер алды жағынан соққы 
болғанда өлім шығын екі-үш есе азайтуға мүмкіндік беред, ал көлік 
аударылғанда бес есеге азайтады. 
Көлік апаты болғаннан кейін
 
Жан-жағыңызға қарап көлік қандай жерде жəне сіз қандай 
жағдайда тұрғаныңызды бақылаңыз;
 
Көлік аударылған жағдайда тұтану немесе жанармай ағуы жоқ 
екеніне көз жеткізіңіз; 
 
Қасыңыздағы жарақаттанғанды анықтаңыз;


35
 
 
Көліктен есік арқылы шығуға тырысыңыз, егер ашылмаса терезе 
арқылы шығыңыз; 
 
Жарақаттанғандарды құтқарушы топ келгенше тек көлік жануы 
мүмкін жағдайда ғана алып шығыңыз. 
Көлік суға батып кету апаты жиі болады. Егер ондай жағдайға тап 
болсаңыз, онда автокөлік бірнеше уақыт жүзетінін есіңізге сақтаңыз. 
Автокөліктің суға бату кезінде есік пен терезелері жабық жағдайда 
салонда ауа бірнеше минут сақталады. Бұл құтқарылуға жеткілікті. 
Фарды қоссаңыз құтқарушылар сізді тез табуға жеңіл болады. Артық 
киімдеріңізді шешу керек, кислородқа толтырып бірнеше рет терең 
демалыңыз. Жоғарыға қарай көтеріліңіз. Көліктің төбе жағын ұстап 
тұрып, есігінен немесе терезесінен өзіңді тіреп тұрып итеру арқылы 
жоғарыға жүзіңіз. Есікті бірден ашпаңыз, себебі салонға су кіріп көлік 
батып кететінін есте сақтаңыз. Құтқарылу үшін терезені ашыңыз. Егер 
олай жасай алмасаңыз, көлік батып жатқан жағдайда алдыңғы айнаны 
сындыруға тырысыңыз. Алдын-ала немен сындыратыныңызды 
анықтап алыңыз жəне су салонның жартысына дейін толуын күтіңіз 
жəне əрекетке кірісіңіз.
Қазіргі таңда қоғамдық транспорт апаттары барлық жол 
апатының үштен бірін құрап отыр. Сонымен бірге, ондаған 
жолаушылар зардап шегеді. Әсіресе кең тараған апат түрі «газель» 
шағын автобустарында болатын апат.
Қоғамдық транспорт апатында қалай әрекет ету керек
 
Қоғамдық транспортқа (автобус, троллейбус, трамвай) кіргенде, 
мүмкіндігінше бос орынға отырыңыз; 
 
Қарттар мен балалы жолаушыға, мүгедектерге орын беріңіз, апат 
болса басқаларға қарағанда олар көп зиян шегеді, өйткені 
жұлқымалы соққы болғанда олар тұтқаны берік ұстай алмайды 
жəне құлау кезінде өздерін ұстай алмайды; 
 
Бос орын болмаған жағдайда салонның ортасында тұтқаны берік 
ұстап тұрыңыз; 
 
Апаттық жəне қосалқы шығу тесіктері қайда орналасқынын 
қараңыз, апат болған кезде пайдануға тура келеді. Ол үшін арнай 
шнурды жұлып алып шыныны басып сындыру керек. 
Теміржолдағы төтенше жағдай (3.2-сурет) вагондардың рейстен 
шығып кетуі, пойыздардың соқтығысуы, өрт жəне жарылыс, сонымен 
қатары адами факторлары салдарынан болатын апат. Адами фактор: 
жауапсыздық, шаршаңқылық, машинисттің жəне диспетчерлер




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет