37
Жаныңызда бала болса, құшақтап ұстаңыз;
Сынған шыны қалдықтары кесіп кетпес үшін қолыңызбен
басыңызды, бетіңізді жабыңыз;
Егер вагон аударылып жатса, аяғыңызбен қабырғаларды тіреңіз;
Егер
вагон
тоқтаса,
жан-жағыңызды
бақылаңыз,
жарақаттанғандарға
алғашқы көмек көрсетіңіз, балаларға,
қарияларға, мүгедектерге, əйелдерге көмектесіңіз;
Вагоннан шығуға тырысыңыз, тек өзіңізбен
керекті заттарды ала
шығыңыз;
Қажетті жағдайда апаттық шығу терезесін құрылғы арқылы
сындырып шығыңыз;
ТЖМ болған апаттық жайт жайлы хабарлаңыз;
Дүрбелеңге салынбаңыз жəне сабыр сақтаңыз.
Метрода болған ТЖ станцияларда, вагондарда, туннелдерде болуы
мүмкін. Олардың басты себептері пойыздардың соқтығысуы, рейльс
жолағынан тайып кетуі жəне террористтік
акт бойынша жарылыс
салдарынан (3.3-сурет) жəне т.б. адамдардың жолға құлап түсуі
абайсызда немесе қинау мен қылмыскердің жоспарлаған əрекетінен
болады. Бұндай жағдайда ең қауіптісі метродағы жақындап қалған
пойыз бен жылдамдық күші. Сондықтан:
Платформа жиегінде тұрмаңыз;
Егер платформада қатты сығылыс болса, 1-2
пойызды өткізіп
жіберіңіз, мінгенде жəне түскен кезде абай болыңыз;
Егер платформадан құлап түскен адамды көрсеңіз дереу станция
кезекшісіне хабарлаңыз;
Оған көмектесіңіз,
қолыңызды созыңыз;
Платформа басында шығатын баспалдақ бар екенін ұмытпаңыз;
Егер пойыз жақындап қалған болса, құлаған кісі рейстер арасына
басып төмен бүгіп жату керек.
Метродағы террористтік акт қауіптілігі кезіндегі:
Ортадағы вагондарға отыруға тырысыңыз, олар қауіпсіздеу;
Егесіз қалдырылған заттарды
ұстауға тыйым салынады, ол өте
қауіпті. Күдікті адамдарды жəне егесіз заттарды көрсеңіз
машинистке хабар беріңіз;
Жарылыс болған кезде тірі қалу мүмкіндігі
тұрып тұрған
жолаушыларда болуы мүмкін, өйткені жарылыс заттарды көп
жағдайда орындық астына қояды.