1.5.6. «Екі атомды молекулалар» бойынша бақылау жұмыстары үшін есептер
І
H2, NO молекулалары үшін: а) бірінші (J = 1) айналыс деңгейіне қоздыруға қажетті энергияны; ә) J = 1 күйде бұрыштық айналу жылдамдығын анықтаңыз. Ядроаралық қашықтық: 74,1 пм (Н2), 115,0 пм (NO).
N2, NO молекулаларының квазисерпімді күшінің коэффициенттерін табыңыз. Атомдық масса: 14,003074 (N), 15,994915 (О); массаның атомдық бірлігі: 1,6606 10 -27кг.
СО молекуласының инфрақызыл жұтылу спектрінде ; 4260,1 және 6350,4 см-1 жолақтары байқалады; бұлардың интенсивтілігі үлкен жиілік жағына қарай шұғыл төмендейді. Осы молекуланың тербеліс жиілігін (см-1), ангармоникалық коэффициентін анықтаңыз.
ІІ
СН молекуласының айналыс спектріндегі көрші сызықтардың аралығы – Δω = 5,50·1012c-1. Осы молекуланың инерция моментін және ядроаралық қашықтығын табыңыз.
ОН молекуласының кванттық сандары – υ’ = 1, J’ = 0 және υ = 0 , J = 5 күйлерін энергиялары айырымын табыңыз.
DBr молекуласының ИҚ жұтылу спектрінде центрлері 1839,8; 3634,10; 5382,0 см-1 үш тербеліс-айналыс жолақтары байқалады. Жолақтарды тиісті υ’-υ” ауысулармен сәйкестендіріңіз және , шамаларын анықтаңыз.
ІІІ
1. 79Br19F молекуласының айналыс спектрі бір-бірінен бірдей 0,71433см-1 қашықтықта тұратын сызықтар сериясынан тұрады. В айналыс тұрақтысын, бұдан кейін инерция моментін, молекуланың байланыс ұзындығын есептеңіз.
2. СО молекуласы үшін негізгі және бірінші қозған тербеліс деңгейлері арасында орналасқан айналыс деңгейлерінің санын есептеңіз. Айналыс күйлері тербеліс күйлерінен тәуелсіз деп ұйғарыңыз.
3. D37Cl молекуласының ИҚ жұтылу спектрінде центрлері 2088,0; 4122,7 және 6104,3см-1 тербеліс-айналыс жолақтары байқалады; бұлардың интенсивтілігі толқындық сандары өскенде щұғыл төмендейді. Жолақтарды тиісті υ’-υ” ауысуларымен сәйкестендіріңіз және тербеліс жиілігін (см-1), ангармоникалық коэффициентін анықтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |