Практикум жоғары оқу орындарының атомдық және ядролық физика пәнінің типтік бағдарламасының типтік бағдарламасына сәйкес 9 бөлімнен тұрады



бет53/57
Дата25.09.2024
өлшемі2.08 Mb.
#504010
түріПрактикум
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Жұманов Атомдық физика

1.5.5. Өз бетімен шығару үшін есептер
Молекуланың айналысы
1. 127І35Cl молекуланың айналыс тұрақтысы B = 2,27  10-24 Дж. Осы молекуладағы ядроаралық қашықтығын есептеңіз.
2. HF молекуласы толқындық саны см1 сәулені жұта­ды. Осы молекулада қозғалыстың қандай түрлері қоздыры­лады?
3. 35Cl 16O молекуласындағы ядроаралық қашықтық r = =1,54610-10 м-ге тең. Осы заттың айналыс жұтылу спектріндегі бірінші сызықтың толқындық санын есептеңіз.
4. P2, HF, CO, Cl2 молекулаларының қайсысы үшін J = 1 дең­гейінде айналыс энергиясы ең үлкен болады?
5. H2, HD, D2, HI молекулаларындағы ядроаралық қашықтық бірдей. Осы молекулаларды бұлардың инерция моменттерінің өсу реті бойынша орналастырыңыз.
6. HBr молекуласының айналыс жұтылу спектріндегі бірінші сызықтың толқындық саны 16,94 см-1-ге тең. Үшінші деңгейден төртінші айналыс кванттық деңгейге ауысуға себепші болатын жұтылу сызығының толқын ұзындығын анықтаңыз.
Айналыс спектрлері
7. 12С16О молекуласының спектрдің ұзын толқынды ИҚ айма­ғында орналасқан айналыс жұтылу спектріндегі бірінші бес сызық­тың орнын (см-1, мм және МГц) үш мәнді цифрға дейінгі дәлдікпен есептеңіз. Молекуладағы ядроаралық қашықтық – r0 = 0,113 нм. Айналыс деңгейлерінің сызбасын, бұлардың арасындағы мүмкін болатын ауысуларды және спектрді салыңыз.
8. D35Cl молекуласының ұзын толқынды ИҚ аймақтағы айна­лыс жұтылу спектріндегі бірініші үш сызықтың орнын (см-1, мм және МГц) үш мәнді цифрға дейінгі дәлдікпен есептеңіз. Ядроара­лық қашықтық – r0 = 0,127 нм. Айналыс деңгейлерінің сызбасын, бұлардың арасындағы мүмкін болатын ауысуларды және спектрді салыңыз.
9. Молекулалық тұрақтылар кестесін пайдаланып, HBr моле­куласының бірінші бес айналыс күйлерінің жүйесін салыңыз. J үшін сұрыптау ережесіне сүйеніп, ИҚ айналыс спектрін (см-1) есептеңіз және сызбасын салыңыз.
10. Молекулалық тұрақтылар кестесін пайдаланып, NO моле­куласының бірінші бес айналыс күйлерінің жүйесін құрыңыз. J үшін сұрыптау ережесіне сүйеніп, ИҚ айналыс спектрін есептеңіз және сызбасын салыңыз.
11. H35Cl молекуласының ұзын толқынды ИҚ аймақтағы айна­лыс жұтылу спектрінің бірінші үш сызығының толқындық сан­дары: 20,88 см-1, 41,74 см-1 және 62,58 см-1. Үш мәнді цифрға дейінгі дәлдікпен В0 айналыс тұрақтысын (см-1), І0 инерция моментін (гсм210-40) және r0 ядроаралық қашықтықты (нм) анықтаңыз.
12. 12С16О молекуласының айналыс спектрінің бірінші үш сызы­ғының толқындық сандары: 3,85 см-1, 7,69 см-1және 11,53 см-1. Үш мәнді цифрға дейінгі дәлдікпен В0 айналыс тұрақтысын (см-1), І0 инерция моментін (кгм2) және r0 ядроаралық қашықтықты (нм) анықтаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет