Практикум жоғары оқу орындарының атомдық және ядролық физика пәнінің типтік бағдарламасының типтік бағдарламасына сәйкес 9 бөлімнен тұрады



бет9/57
Дата25.09.2024
өлшемі2.08 Mb.
#504010
түріПрактикум
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57
Жұманов Атомдық физика

1.1.4. «Резерфорд-Бор атомы» тақырыбы бойынша бақылау жұмыстары үшін есептер
І
1. Сутегі атомының Лайман сериясы спектрлік сызығының ең үлкен толқын ұзындығы –  = 0,12 мкм. Ридберг тұрақтысын белгісіз деп ұйғарып, Бальмер сериясының спектрлік сызығының ең үлкен толқын ұзындығын анықтаңыз.
2. Қандай сутегі тәрізді ионның Бальмер және Лайман серия­ларының бас сызықтары толқын ұзындықтарының айырымы
59,3 нм-ге тең болады?
3. Энергиясы а) 12,5 эВ; б) 14 эВ электрондармен сутегі атомын қоздырғанда қандай спектрлік сызықтар пайда болады?


ІІ
1. Не+ ионы қозған күйден негізгі күйге ауысқанда толқын ұзындықтары 1=108,5 нм және 2=30,4 нм екі фотонды бірінен кейін бірін шығарады. Қозған күйге сәйкес келетін n кванттық санын анықтаңыз.
2. Сутегі атомының бірінші қоздыру потенциалы – V1=10,2 В. Осыған сүйеніп Бальмер сериясының екінші сызығына сәйкес келетін фотон энергиясын эВ-та анықтаңыз.
3. Электронның тыныштықта тұрған протоннан алыстағы жылдамдығы –  = 1,870106 м/с. Осы электронды протон қармап алады, осының нәтижесінде сутегінің қоздырылған атомы пайда болады. Атом қалыпты күйге ауысқанда шығарылатын фотонның толқын ұзындығын анықтаңыз.


ІІІ
1. Не+ ионы үшін Бальмер және Лайман серияларының бас сы­зықтары толқын ұзындықтарының айырымы – =133.7 нм. Осыған сүйеніп, Ридберг тұрақтысын есептеп табыңыз.
2. Энергиясы   17,7 эВ фотон негізгі күйде тұрған сутегі атомынан электронды жұлып шығарады. Атомнан шығарылған электронның жылдамдығын анықтаңыз.
3. Сутегі атомы спектріндегі Лайман сериясы бас сызығының және Бальмер сериясы шекарасының толқын ұзындықтары тиісін­ше 121,5 және 365 нм-ге тең. Осы деректер бойынша қоздырыл­маған сутегі атомының иондану энергиясын анықтаңыз.


ІV
1. Не+ ионы Лайман сериясы бас сызығының фотоны негізгі
күйде тұрған сутегі атомын иондайды. Ядроның серпілуін ескер­мей, жұлып шығарылған электронның кинетикалық энергиясын эВ-та табыңыз.
2. Протон (ядро) массасының шектеулілігін ескергенде сутегі атомы энергия деңгейлерінің салыстырмалы өзгерісін анықтаңыз және бағалаңыз.
3. Ұшып келе жатқан электронды протонның қармауы нәти­жесінде сутегінің қозған атомы пайда болады. Атом қалыпты күйге ауысқанда а) жиілігі 5,8109МГц; ә) импульсі 1,2810-26кгм/с фотон шығарылады. Электронның протоннан қашықта болғандағы жылдамдығын анықтаңыз.


V
1. Бор теориясын пайдаланып, екі мәрте иондалған литий ато­мы (Li++) үшін бірінші орбита радиусын; бірінші қоздыру потен­циа­лын; резонанстық сызықтың толқын ұзындығын; иондану потенциалын анықтаңыз.
2. Сутегі атомы фотонды жұтады, осының салдарынан екінші Бор орбитасындағы электрон атомнан  = 6105м/с жылдамдықпен ұшып шығады. Фотонның жиілігін анықтаңыз.
3. 1) Бірінші Бор орбитасындағы элекронның айналу жиілігін;
2) осыған сай келетін токтың күшін анықтаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет