Магниттік резонанс
16. Магниттік резонансты зерттеу үшін атомдарының меншікті магниттік моменттері бар затқа екі магнит өрісімен: индукциясы В тұрақты өріс және оған перпендикуляр жиілігі ω әлсіз айнымалы өріспен бір мезгілде әсер етеді. Осы жағдайда байқалатын энергияның айқын жұтылуы максимумдары мына шарт орындалғанда пайда болатынын көрсетіңіз.
17. 2D5/2күйдегі атомдардан тұратын газға индукциясы В тұрақты магнит өрісі және оған перпендикуляр жиілігі 2,8гГц айнымалы магнит өрісі бір мезгілде әсер етеді. В мәні қандай болғанда энергияның резонанстық жұтылуы байқалады?
1.4.4. «Атомның магниттік қасиеттері» тақырыбы бойынша бақылау жұмыстары үшін есептер
І
1. 3P1-күйдегі атомның магниттік моментін анықтаңыз.
2. 1D2-күйдегі атомның В = 1Тл магнит өрісінде қабылдайтын қосымша энергиясының ең үлкен шамасын анықтаңыз.
3. Атом индукциясы В = 1Тл магнит өрісінде тұр. 1P1→1S0 кванттық ауысуы үшін көрші зеемандық құраушыларының Δω аралығын табыңыз.
ІІ
1. 3S1-күйдегі атомның магниттік моментін анықтаңыз.
2. Атом индукциясы В = 1Тл магнит өрісінде тұр. 2D5/2 термнің толық жіктелуін анықтаңыз.
3. Натрийдың сары дублеті үшін (2P3/2,1/2→2S1/2 ауысулары нәтижесінде толқын ұзындықтары λ1 = 590,0 нм және λ2 = 590,6 нм сызықтар пайда болады) магнит өрісі әлсіз деп санауға болатын В0 индукцияның шектік шамасын бағалаңыз.
ІІІ
1. 3D2-күйдегі атомның магниттік моментін және сыртқы магнит өрісі бағытына оның проекциясының мүмкін мәндерін анықтаңыз.
2. 2D3/2→2P3/2 спектрлік сызығының әлсіз магнит өрісіндегі мүмкін болатын ауысулар сызбасын кескіндеңіз және зеемандық құраушыларының ығысуларын есептеңіз ( бірлігінде).
3. Хунд ережелері көмегімен толмаған қабығында бес р-электрон бар атомның негізгі күйінің магниттік моментін есептеңіз.
IV
а)1P1→1S0; ә) 1D2→1F3; б)2P1/2→2S1/2; в) 2P3/2→2S1/2;
г) 3D1→3P0 ауысуларына сәйкес келетін спектрлік сызықтар әлсіз магнит өрісінде жіктелгенде Зееманның қандай эффекті (қарапайым әлде күрделі) байқалады?
Хунд ережелері көмегімен толмаған қабығында үш d-электрон бар атомның негізгі күйінің магниттік моментін есептеңіз.
Атом индукциясы В = 0,3Тл магнит өрісінде тұр. Толық жіктелу шамасы ΔE = 104 мкэВ болатын синглет термнің спектрлік белгіленуін анықтаңыз.
V
4D1/2-күйдегі атомның магниттік моментін анықтаңыз.
Атом индукциясы В = 0,3 Тл магнит өрісінде тұр.1D термнің толық жіктелуін анықтаңыз (эВ-та).
Цезий-сілтілік металл. P→S ауысуы кезінде цезий атомы λ1 = 455,5 нм және λ2 = 459,3 нм екі сызықтан тұратын дублет сәуле шығарады. Осы дублет термдерінің магнит өрісінде жіктелу көрінісін сызыңыз. Осы жағдайда индукциясы В = 3Тл магнит өрісінде сызықтардың жіктелуі қандай формулалармен кескінделеді (қарапайым әлде күрделі Зееман эффекті формуласымен).
Достарыңызбен бөлісу: |