Практикум жоғары оқу орындарының атомдық және ядролық физика пәнінің типтік бағдарламасының типтік бағдарламасына сәйкес 9 бөлімнен тұрады



бет46/57
Дата25.09.2024
өлшемі2.08 Mb.
#504010
түріПрактикум
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   57
Жұманов Атомдық физика

1.5.2. Молекуланың тербелісі
Гармоникалық осциллятор жуықтауында екі атомды моле­куланың потенциалдық энергиясы (молекулалық атомдардың өзара әрекет энергиясы) (параболалық тәуелділік):


, (1.5.9)


мұндағы r – ядроаралық қашықтық, re – ең кіші (min) энергияға сәйкес келетін ядроаралық қашықтық (тепе-теңдік қашықтық немесе байланыс ұзындығы), k – күш тұрақтысы.
Потенциалдық энергия үшін (1.5.9) өрнекті Шредингер тең­деуіне қойып, оны шешкенде гармоникалық осциллятор энергия деңгейлері үшін өрнек табылады.
Екі атомды молекуланың тербеліс энергиясы (гармоникалық осциллятор жуықтауында):


(Дж). (1.5.10)


Тербеліс кванттық саны: υ = 0,1,2,…
Меншікті тербелістер жиілігі: .
k – квазисерпімді күш тұрақтысы,
– молекуланың келтірілген массасы; m1 және m2 – молекуланы құраушы атомдардың массалары.
Тербеліс энергиясы (см-1):





. (1.5.10а)
Нөлінші тербеліс энергиясы: немесе (см-1).
Кванттық ауысу энергиясы (см-1): .
Тұрақты дипольдық моменті бар молекулалар ғана әр түрлі тербеліс деңгейлері арасында кванттық ауысу жолымен сәулені шығарып және жұта алады.
Гармоникалық осциллятордың тербеліс ауысулары үшін сұрыптау ережесі: Δυ=±1.
Ангармоникалық осциллятордың потенциалдық энергиясы Морзе функциясымен жақсы бейнеленеді:


, (1.5.11)


мұндағы α – берілген молекулаға тән тұрақты, De – диссоциация энергиясы.
Егер Шредингер теңдеуіне (1.5.9) өрнектің орнына (1.5.11)-ді қойғанда тербеліс энергиясының рұқсат етілген деңгейлер тізбегі


(см-1); (1.5.12)


түрінде болады.
Ангармоникалық тұрақты .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет