Бағдарламалау парадигмасы – бұл компьютерлік
бағдарламаларды жазу
стилін анықтайтын идеялар мен ұғымдардың жиынтығы (бағдарламалау
тəсілдемесі [көзқарасы]). Бұл есептеу ұйымдастыруды жəне компьютермен
орындалатын жұмысты құрылымдауды анықтайтын концептуалдау тəсілі.
Ғылыми парадигма
(грек сөзі «сурет, өрнек, мысал, моделі») –
ғылыми
қоғамдастық сөзсіз қабылдаған ғылыми қызмет моделі. Ғылым
философиясында термин Т. Кун 1958-1959 жылдары енгізді.
Парадигманың ауысуы ғылыми революция кезінде орын алады
Ақпараттық қоғам – жаһандық
ауқымда қолданылатын
ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың
көмегімен қоғамның тіршілік əрекетінің барлық
жүйелерінде ақпараттық
ресурстарды қалыптастыруды
жəне тұтынуды көздейтін сапалы жаңа əлеуметтік шындық.