Презентация Тақырыбы: Жерге орналастыру жобасы



бет6/6
Дата11.10.2023
өлшемі106 Kb.
#480376
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6
Алымбекова Г Мк2

Жобаны бекіту кезеңі

Мемлекеттік органдардың жобаны бекіту туралы шешімді (қаулыны) қабылдауымен аяқталады, ол жерге орналастыру процесінің кейінгі кезеңдерін орындау және атап айтқанда жобаны жергілікті жерге көшіру үшін құқықтық негіз болып табылады. Бекітілген жерге орналастыру жобасы белгіленген үлгідегі межелік белгілермен жергілікті жерге бекітіле отырып, нақты жерге көшіріледі. Жобаны жер бетіне көшіру меншік иелері, жер пайдаланушылар, жалға алушылар өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі, оларға жер бетіне шығарылған және жергілікті жерде бекітілген шекаралар көрсетіледі және тапсырылады. Орындалған жұмыс жұмыс сызбаларының шекарлары көрсетілген қосымшаларымен бірге белгіленген үлгідегі актімен ресімделеді. Бекітілген және жер бетіне шығарылған жерге орналастыру жобаларының негізінде меншік иелеріне, жер пайдаланушыларға және жер иеленушілерге меншік құқығына, жерді пайдалану құқығына және иелену құқығына мемлекеттік актілер (куәліктер) беріледі немесе бұрын берілген актілерге өзгерістер енгізіледі. Сондай-ақ жобалық құжаттама және басқа да материалдар беріледі.

Қорытынды кезең 

Жобаның орындалуын авторлық қадағалаудан тұрады, ол жүзеге асырылатын іс-шаралардың толықтығы мен сапасын тексеруді, қосымша есептеулер мен жобалық шешімдерді нақтылауды, егер қажет болса, жер иеленушілерге әдістемелік және техникалық көмек көрсетуді, жобаның кемшіліктерін анықтауды және жоюды қамтиды. Жоба толығымен жүзеге асырылған, авторлық қадағалауға арналған арнайы тапсырма орындалған, жобаның графикалық және есептік бөлігіне барлық қажетті өзгерістер енгізілген, авторлық қадағалау журналы ресімделген кезең аяқталған болып саналады. Жерге орналастыру ісі материалдарының бір данасы міндетті түрде жерге орналастыру кәсіпорынының мұрағатында сақталады. Жерге орналастыру ісі жерге орналастырудың әрбір объектісіне қатысты жерге орналастыру құжаттамасын және белгілі бір объектіге қатысты басқа да материалдарды (өтініштер, хаттамалар, анықтамалар, актілер, сараптама деректері, жүкқұжаттар және т.б.) қамтиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет