- Жерге орналастыру жобасында берілетін ( өзгеретін ) жер учаскесінің алаңы, оның шекарасы және орналасқан орны, бөгде және шектес меншік иелері немесе жер пайдаланушылар, сондай-ақ жер учаскесінің ауыртпалықтары мен сервитуттары айқындалады.
- Азаматтар мен заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығынан басқа мақсаттар үш i н бер i лет i н жер учаскелер i н i ң мөлшер i қызметт i ң осы түрлер i не жер бөл i п беруд i ң нормалары бойынша не сәулет-қала құрылысы және ( немесе ) құрылыс құжаттамасына сәйкес айқындалады.
- Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде жаңадан қалыптастырылатын ауыл шаруашылығы ұйымдары, шаруа (фермер) қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтары үшін құрылатын жер учаскелерінің шекаралары қосымша ескеріледі, олардың жинақы орналасуы ескеріле отырып белгіленеді, табиғи және ( немесе ) жасанды шекаралармен ( өзендермен, бұлақтармен, арналармен, орман алаптарымен, жолдармен ) біріктіріледі.
- Жерге орналастыру жобасын әзірлеуші, тапсырыс берушінің және қажет болған жағдайда үшінші тұлғалардың қатысуымен жер учаскелеріне далалық зерттеуді жүргізеді.
- Далалық зерттеу процесінде жылжымайтын мүлік объектілерінің орналасқан жері мен жер учаскелерінің нақты шекараларын нақтылау жүргізіледі.
- Жер учаскелерін далалық зерттеудің нәтижелері далалық зерттеудің сызба схемасын дайындаумен бірге далалық зерттеу актісімен ресімделеді.
Жерге орналастыру жобасының мәтіндік бөлігінде : 1) жер учаскесіне құқық беру туралы азаматтың немесе заңды тұлғаның өтініші; 3) сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы жер комиссиясының қорытындысы ; 4) жаңа жер учаскесін қалыптастыру немесе оны ретке келтіру кезінде қабылданатын жобалық шешімдердерді негіздеу үшін қажетті материалдар ( құжаттар ) қамтылады. Қолданыстағы жер учаскелері үшін жерге орналастыру жобасының мәтіндік бөлігіне жылжымайтын мүлік объектісіне құқықты белгілейтін құжаттардың көшірмелері және тапсырыс берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі қосылады.
Достарыңызбен бөлісу: |