3) Жерге орналастыру жобасы – жер учаскесінің схемасы ( жоспары ), жер учаскесінің алаңы, оның шекаралары мен орналасқан жері туралы мәліметтер, жер учаскелерінің аралас меншік иелері мен жер пайдаланушылары туралы және жер учаскелеріне ауыртпалықтар мен сервитуттар туралы мәліметтер ; 4) Жергілікті атқарушы органдардың шешімдері – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, селолар, селолық округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері ; 5) Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган - жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі ; 6) Жер учаскесі - осы Кодексте белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі ; 6) Жер учаскесі - осы Кодексте белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі ; 7) Комиссияның оң қорытындысы – тиісті жергілікті атқару органдарымен құрылатын комиссияның жер учаскесін беру туралы хаттама шешімі нысанындағы қорытындысы ; 8) Нобайлар - жергілікті жердің маңызды элементтерін көрсететін, көз мөлшермен түсіруде орындалған сызба ; 9) Сервитут - бөтен жер учаскелерін шектеулі нысаналы пайдалану, оның ішінде жаяу өту, көлікпен өту, қажетті коммуникацияларды тарту мен пайдалану, аңшылық шаруашылығы және балық шаруашалықтары және өзге де мұқтаждар үшін пайдалану құқығы; 10) Тапсырыс беруші – жерге орналастыру жобасын әзірлеуге өтініш білдіретін азаматтар мен заңды тұлғалар ; 11) Үшінші тұлғалар – мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері және жерге орналастыру жүргізген кезде құқықтары мен заңды мүдделері шектес жер учаскелерінің меншік иелері ( жер пайдаланушылар ).
Достарыңызбен бөлісу: |