Презентация, видеоролик, суреттер, плакаттар Барысы Әнұран орындалады 1-жүргізуші



бет2/3
Дата09.10.2023
өлшемі20.8 Kb.
#480172
түріПрезентация
1   2   3
Тәуелсіз елдің қырандары (копия) (копия) (1)

Көрініс


1-жүргізуші: (Кулбаева Сапаргул) – Қайраттың түрмеде жазған өлеңінен үзінді оқиды.
Түрме жыры
Тор темір, жамбасыма тақылдайсың,
Өзіммен бірге туған жақындайсың.
Телміріп темір торға қаматқанша,
Сұм дүние, бұл жалғаннан неге алмайсың?!
Ауылда жақсы екен ғой салған әнім,
Қу тағдыр татырды ғой түрме дәмін.
Қайдағы пәлеқорлар жала жауып,
Жазықсыз қылмыскер боп кетті сәнім.
Тас төбе, төрт қабырға, темір есік,
Ас берер ортасында жалғыз тесік.
Күніне ұстатады үш тілім нан,
Өлмейтін саған ішер осы нәсіп.
2-жүргізуші: Президенттің жарлығымен 1996 жылы 9 – желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке « Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісімен « Алтын жұлдыз» тапсырылды.


1-жүргізуші:Тәуелсіздікке арналған өлең шумақтарын тамашалайық!( Мұратбаева Елігай, Қараман Назым, Күнтөре Еңлік, Бозқұлан Манар)


2-жүргізуші: Қазақстан – қасиетті ұғым бұл
Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.
Он бір әріп не мағына береді,
Ал, толғайық жеткенінше қызыл тіл.
Т- білдіреді теңдікті,
Ә- әдептілік, әлдікті,
У-уайымсыз уақытты,
Е- егемендік елдікті.
Л-дейді лағып лепірме,
С-сенімділік секілді,
І-ілтипат пен ізетті
З- зиялылық тілек қой.
Д- шақырады достыққа,
І- ізденіс пен нәтиже
К- дейді күн боп көктегі
Көз алартып, көршілерге қол сұқпа.
1-жүргізуші: Далада думан, қалада думан жыр бүгін
Ғасыр бойы асыға күткен бұл күнім
Жасай бер, жаса қалдырған бақыт бұлбұлым
Тәуелсіз Қазақстаным!
2-жүргізуші: Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жер көлемі 2 400мың шаршы шақырым жерді алып жатыр, яғни республикамыздың территориясына жеті мемлекет сияды. Мысалы, Норвегия, Швеция, Франция, Германия, Португалия, Испания ,Италия . Жер көлемі жағынан БҰҰ 180 мемелекеттің ішінде 9-орында. Республикамыз 5 мемлекетпен көршілес. Олар: Ресей, Қытай, Өзбекстан,Қырғызстан,Түркменстан. Елімізде 135 ұлт өкілі тұрады. Қазақстанда 14 облыс, 858 ірі қалалар бар. Елордасы– Нұр-Сұлтан.
1-жүргізуші: . Біздің Қазақстан Республикасы өте бай мемелекет. Бізде алтын, темір, мырыш, күміс,көмір, газ, мұнай, яғни бір сөзбен айтқанда Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 элементі Қазақстан жерінде кездеседі.
2-жүргізуші: Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар,
Қазақстан –бұл азат ел, танысыңдар.
Көк байрағы, елтаңба, әнұраны,
Қазақ елі егеменді, сан ұлты бар
1-жүргізуші: Еліміздің өзіне тән туы, елтаңбасы,әнұраны бар. Әнұранымыздың авторлары- Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев. Қазақстан Республикасының Мемелекеттік туы көгілдір түсті. Онда Алтын күн бейнесі, шарықтай ұшқан дала қыраны және ұлттық ою-өрнек нақышталған тік жолақ бар. Тудың көгілдір түсі - бұлтсыз ашық аспан, бейбітшілік белгісі. Күннің нұр шұғыласы - байлық пен берекенің, тыныштық пен жылылықтың белгісі. Қыран бүркіт – тәуелсіздік белгісі. Өрнек – салт-дәстүрдің белгісі. Мемлекеттік тудың авторы – Шәкен Ниязбеков.
2-жүргізуші: Қазақстан Республикасының елтаңбасының бастысы- шаңырақ. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі, ол күн бейнесін, ал уықтар одан тарап жатқан алтын сәулелері.Қазақта «Ат- адамның қанаты» деген мақал бар. Елтаңбадағы тұлпар бейнесі дала пырағы оның шапшаңдығы ер жігітті тәуелсіздікке жетелейді. Бесбұрышты жұлдызы - әр адамның өміріне бағдар беретін өз жұлдызы сияқты. Күн мен айды , жұлдызды кие тұтатын халқымыз «Жұлдызың жарқырай берсін» деген асыл арманын айтып тұрғандай. Елтаңбаның авторлары - Шота Аман Уәлихан және Жандарбек Мәлібекұлы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет