1-жүргізуші: Енді кезекті студенттеріміздің топ тәлімгері Баймаханова Шолпан Үсенқызынан алған сұхбатты тамашалауға берсек.
1-жүргізуші:Тәуелсіз елдің ұлы - өжет, қызы қайратты, қаhарман.
2-жүргізуші:Тәуелсіздікті анаңдай ардақта, балаңдай мәпеле, құрметте.
1-жүргізуші: Елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді, асқақ бола түссін!
2-жүргізуші: Еліміздің белгісі – көгілдір туымыз әрқашан желбірей берсін!, топ студенттеріміздің орындауында хор “Желтоқсан желі”()
1-жүргізуші: Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік,
Ғасырдың тойы болшы келе берер!
2-жүргізуші: Бүгінгі «Тәуелсіз елдің қырандары» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. « Ел ерімен мақтанар, жер кенімен мақтанар», елімізді қорғайтын ер-азаматтар, асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл-қыздар молая берсін!
Көңіл қойып, келіп тыңдағандарыңызға рахмет!
Қорытынды сөзді желтоқсан оқиғасының куәгері қазақ тілі мен әдеби мен журналистика кафедрасының қауымдастырылған проффессоры Баялиева Гүлмира Жарылқасынқызына береміз.