Презентациялар (дәріс) мамандығы: «6B01705-Шетел тілі: екі шетел тілі»



бет9/36
Дата04.10.2023
өлшемі152.27 Kb.
#479732
түріПрезентация
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36
«Орта білім берудің жаңартылған мазмұнының технологиясы» пәнÑ

Критериалды бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым ішінде өңделген, оқушыға, ата-анаға және мұғалімге түсінікті нақты анықталған критерийлерге негізделген үдеріс.
Критериалды бағалау оқушылардың жетістіктерін бір-бірімен салыстырмайды және бір-біріне тәуелді етпейді, сонымен қатар әр оқушының құзыреттілік деңгейі туралы ақпарат беруге бағытталады.

Білім беру аясында білім алушылардың дайындық деңгейлеріне қойылатын талаптар (күтілетін нәтижелер Б.Блум таксономиясына негізделген)



Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны
Пән бойынша оқу бағдарламалары
Пән бойынша оқу мақсаттары, бөлім, ортақ тақырыптар, бөлімшелер
Бағалау критерийлері -
білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын белгі
Түрлі деңгейдегі тапсырмалар
Қалыптастырушы және жиынтық бағалау
критерийлерге негізделген
Кері байланыс
Күнделікті тәжірибе
Бағалау стандарты
Бағалау құралдары
Бағалау үдерісі
Нәтиже
Ойлау дағдыларының деңгейлері: білу, түсіну, қолдану, талдау, синтез, бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым
Балдар
Әр бөлім және тоқсан бойынша
Ойлау дағдыларының деңгейлері
Әр бөлім және тоқсанды аяқтау бойынша
Баға
Оқу жылын аяқтау бойынша

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ (ПРИНЦИПТЕРІ)


  • 1. Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады, ол оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты.

  • 2. Шынайылық, анықтық және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділігі болады.

  • 3. Ашықтық және қолжетімділік. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.

  • 4. Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады.

  • 5. Дамыту бағыты. Бағалау нәтижелері білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет