68
протоплазмалық қабықшасы оны жібермеуімен қиындалады.
Сондықтан
қанттың экстрагирлеуші сұйыққа диффузиялық ауысудан бұрын қызылша
жоңқасын протоплазма ақуыздары ықшамдалатын температураға дейін (60
0
С)
қыздыру қажет. Осыдан кейін жасушалық қабырғалар диффузияға шамалы ғана
әсер етеді.
Жоңқадан қантты экстрациялау сумен жүргізіледі
және процесс
механизмі сызба түрінде келесі тәртіппен көрсетілуі мүмкін. Жоңқада болатын
қант бетке қарай оның ішінде диффузияланады. Бұл процесс (
І процесс)
ішкі
диффузия деп аталады. Гидродинамика заңына сәйкес жоңқа бетінде шектік
қабат
қалыптасады, ол арқылы қант өтіп және аз-кем кедергі жасауы мүмкін.
Осы қабаттан өтіп қант судың негізгі ағынына түседі. Шектік қабықша арқылы
қанттың өту процесі және оның суға ауысуы
сыртқы диффузия деп аталады.
Осылайша экстракция екі процестен тұрады: ішкі және сыртқы диффузия.
Экстрация жылдамдығы процесс жылдамдығына тәуелді.
Достарыңызбен бөлісу: