Процестері мен аппараттары



Pdf көрінісі
бет45/48
Дата03.10.2024
өлшемі1.73 Mb.
#504290
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
procester men apparattar

Жылусыйымдылық - затқа жеткізілетін жылу санының оның 
температурасының өзгеруіне ара-қатынасы. 
Жіктеу (сорттау) – біртекті материалды мөлшері, пішіні және сапасы 
бойынша бөлу процесі. Технологиялық талаптар бойынша материалдарды 
өңдеу кезінде жіктеуді жиі қолдану талап етіледі. 
Кептіру – қатты немесе сұйық ылғалды материалдан оны буландыру 
жолымен ылғалды жою процесі. Бұл процесте ылғалдың қатты ылғалды 
материалдан булы немесе газды фазаға ауысуы жүреді. Бұл күрделі 
жылуалмасу процесі.
Кері осмос – еріген заттардың иондарын немесе молекулаларын ұстап 
қалатын және еріткішті өткізетін жартылай өткізгішті мембраналар арқылы 
қысыммен сүзу жолымен ерітіндіні бөлу тәсілі. 
Кесу процесі ұсақталатын материалдарға белгілі бір бұрыш арқылы 
бағытталған жүздермен (пышақтармен) жүзеге асырылады. Сонымен қатар 
пышақтар жазықтықта, параллель материалды бөлу жазықтығында қозғалыс 
жасайды. Кесу кезінде материалды алдын ала таңдалған өлшемдер мен 
пішіндерге сай ұсақтауға болады. 
Конденсация – заттан жылуды алып кету жолымен бу немесе газ тәрізді 
күйден сұйық күйге өту процесі. Бұл процесс конденсоторларда жүреді. 
Конденсациялау процестері тамақ технологиясында әртүрлі заттарды сұйылту 
үшін кеңінен қолданылады. 
Көбіктер – сұйық және оның ішінде газ көпіршіктері таралғаннан пайда 
болған әртекті жүйелер. Бұл газды-сұйықты қоспалар өздерінің қасиеттері 
бойынша эмульсияларға жақындау.
Кристалдау кезінде сұйық фазадан кристал түрінде зат бөлінеді. Бұл 
кезде ерітіндегі кристалдардың пайда болуымен және өсуінен сұйық фазадан 
қатты фазаға ауысуы жүреді.
Қыздыру - материалдарға жылуды алып келу жолымен олардың 
температурасын көтеру процесі. Тамақ технологиясында ыстық сумен немесе 
сулы бумен, оттық газбен және электр тогымен қаныққан басқа да сұйық 
тасушылармен қыздыру әдістері кеңінен тараған. Бұл мақсаттар үшін әртүрлі 
құрылымды жылуалмасу аппараттарын қолданады. 


83 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет