Профессора рузуддинова


Оқыту және сабақ беру әдістері



бет7/7
Дата27.04.2023
өлшемі75.24 Kb.
#472876
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Силлабус дантисты

3.12. Оқыту және сабақ беру әдістері:
« Адам анатомиясы және физиологиясы» пәнінен бағдарламаны меңгеру үшін келесі оқыту формалары қолданылады: топтық және индивидуальды жұмыстар, тесттер, кіші топтар (CBL, TBL бағдарламалары), дискуссия, презентация, реферат, баяндамалар, көрсетілімдер, шолулық және мәселелік дәрістерді оқу.
СӨЖ түрлері: әдебиеттер мен мәліметтердің электрондық қорымен жұмыс, оқу материалдарын өздігінен оқып, кейін сынамадан өту және өзін- өзі бағалау.


3.13. Студенттің білімі мен дағдыларын бағалау критерилері: әр деңгейдегі білімді бағалаудың шкаласы мен критерилері ( ағымдық, аралық, қорытынды бақылау).
Оқу нәтижелерін бақылау мен бағалаудың формалары мен әдістері студенттерге кәсіби құзыреттіліктің қалыптасуын ғана емес, сонымен қатар негізгі құзыреттіліктер мен оларды қамтамасыз ететін дағдылардың дамуын тексеруге мүмкіндік беруі керек.
Білімді бағалау дегеніміз – бұл студенттің білім деңгейін оқу жоспарында баяндалған көрсеткіштермен салыстыру процесі.Бағалаудың мақсаты – студенттің оқу-танымдық белсенділігін ынталандыру және бағыттау. Бағалауға қойылатын негізгі талаптар: объективтілік, анықтық және айқындылық, тиімділік, жан-жақтылық пен беделділік.
Бақылаудың барлық түрлері бойынша студенттердің білім деңгейін бағалау – ағымдық бақылау және аралық аттестаттау баллдық-рейтингтік әріптік жүйеге сәйкес, № 1 кестеге сәйкес жүргізіледі.
1 кесте . Студенттің білім деңгейін бағалаудың әріп-баллдық жүйесі.



Әріп жүйесіндегі баға

Сандық эквивалент

%-дық балл

Дәстүрлік жүйе бойынша баға

A

4,0

95-100

Үздік

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы


B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

C

2,0

65-69

Қанағаттанарлық





C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D-

1,0

50-54

FX

0,5

25-49

Қанағаттанғысыз

F

0

0-24

Бағалау критериі

Үздік «А»: Студент осы пәннің барлық
бағдарламасына толық көлемде жауап бере алады.
Жақсы «+В»-«+С»: Студент осы пәннің толық бағдарламасымен өз білімін көрсете алады.
Қанағаттанарлық «С»-«-D»: осы пәннің толық бағдарламасы бойынша білімі бар.
Қанағаттанғысыз
«FX»-«F»: Студент осы пәнннің толық бағдарламасы бойынша бірнеше сұрақтарға ғана жауап бере алады.

Студенттердің білім деңгейі рейтингтік бағалаудан және аралық бақылауды бағалаудан қалыптасатын қорытынды баға бойынша анықталады. Пән бойынша қорытынды бағаға ағымдағы үлгерім және қорытынды бақылау кіреді (емтихан бағасы).
Ағымдағы үлгерімді бағалау үлесі студенттің пән бағдарламасын меңгеру дәрежесін қорытынды бағалағанда 60℅ дан кем емес.Қорытынды бақылауды бағалау осы оқу пәні бойынша қорытынды бағаның кемінде 30℅-ын құрайды. Оң қорытынды баға пәндер бойынша берілген қарыздарды белгілі бір мөлшерде несиелермен толықтырудың құралы болып табылады және студенттің транскриптіне/ өтініміне енгізіледі. Студент қорытынды бақылауда (емтиханда) « қанағаттанарлықсыз » деген баға алған кезде, пән бойынша қорытынды баға есептелмейді.

Р- Рейтингтік бағаның пайыздық көрсеткіші; n – рейтинг саны; Э – емтихан бағасының пайыздық көрсеткіші.
Жоғарыда келтірілген формула бойынша қорытынды бағаны есептеудің дұрыстығы үшін студенттің білімін аралық бақылауда (рейтингте) 0-ден 100% ға дейін бағалау қажет. Рейтингтік баға құралады: ((ТК (Аудиториялық, семинар)+ ТК Симуляция + ТК (Аралық бақылау) + СӨЖ )



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет