Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу


-тақырып. Тіл дамыту әдістемесі



бет5/7
Дата01.03.2024
өлшемі345 Kb.
#493968
түріПрограмма дисциплины
1   2   3   4   5   6   7
6636 (3)

15-тақырып. Тіл дамыту әдістемесі.
Тіл дамытудың мақсаты мен міндеттері. Тіл дамыту жұмыстарының мазмұндық – құрылымдық жүйесі, тілдің ғылыми курсын оқыту барысында оқушылардың тілін дамыту – оқушылардың тілден теориялық деңгейде білім алуының жемісі екендігі. Тіл дамытудың ауызша және жазбаша жұмыс түрлері. Мазмұндама, щығарма жазу әдістемелері.

16 – тақырып. Тіл мәдениеті және оқыту әдістемесі. Тіл мәдениеті және оқыту әдістемесі


Осы бағыттағы жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемесі. «Дұрыс сөйлеу» мен «жақсы сөйлеу» ұғымдарын талдау. Әдеби норма, ол туралы түсініктерді қалыптастыру. Мектепте стилистиканы оқытудың мазмұны, мақсаты, міндеттері. Стил және стилистика туралы ұғымдарды қалыптастыру жолдары.


3.3 Тєжірибешілік сабаќтардыњ мазм±ны



ТӘЖІРИБЕШІЛІК САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ






Тақырып

Мазмұны




1

2

3




1.

Қазақ тілін оқыту әдістемесі –дербес ғылым саласы.

Қазақ тілінің әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні, методологиялық – теориялық негіздері және басқа ғылымдармен байланыстылығы. Қазақ тілінің оқыту әдістемесінің тарихм қалыптасу, даму жолдары. Әдістемелік мұра және оны талдау әдістері.




2.

Қазақ тілінің фонетикасын оқыту
әдістемесі.

Мектепте фонетиканы оқытудан берілетін білім мазмұны мен меңгерілетін ұғымдардың жүйесі. Оқушылардың орфоэпиялық және орфографиялық сөздікпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.




3.

Қазақ тілінің лексикасы мен фразеологиясын оқыту әдістемесі

Лексика мен фразеологияны оқытудың мақсаты мен міндеттері. Лексиканы оқытуда көренкілік пен сөздіктерді қолдану жолдары. Лексиканы меңгерту барысында оқушыда қалыптастырылуы тиіс машық – дағдылар.




4.

Фразеологияны оқыту әдістемесі.

Фразеологияны меңгерту барысында ұлттық дүниетаным ерекшеліктерін таныту. Фразеологияны оқытуда көрнекі құралдарды, қосымша әдебиеттерді пайдалану жолдары.




5.

Сөзжасамды оқыту әдістемесі

Сөзжасамды сөз таптарымен, орфографиямен, тіл мәдениетімен және стилистикамен байланыстыра оқыту. Сөзжасамды оқытуда көрнекі, техникалық құралдарды, сөздіктерді пайдалану.




6.

Грамматиканы оқыту әдістемесі

Мектепте грамматиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері. Грамматикалық ұғымдар жүйесі мен оларды меңгерту грамматикалық қателіктерді болдырмау үшін алдын – ала жұмыс жүргізуде, тілін байытуда грамматиканың ролі. Грамматикалық талдау әдістемесінің теориялық негіздері.




7.

Морфологияны оқыту әдістемесі.

Морфологияны оқытудың практикалық маңызы. Морфологиялық жаттығулар, олардың ішкі жүйесі. Морфологияны оқытудағы көрнекілік пен қосымша оқу құралдар жүйесін пайдалану әдістемесі.




8.

Синтаксисті оқыту әдістемесі

Мектепте оқылатын синтаксис үғымдар жүйесі және синтаксисстік ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі. Оқушыда қалыптасуға тиіс машық – дағдылар мен іскерлік жүйесі. Синтаксистік талдау түрлері.




9.

Сөз тіркесін оқыту әдістемесі

Сөз тіркесінің жасалуындағы синтаксистік байланыстар мен синтаксистік қатынастарды танудың алатын маңызды орны. Сөз тіркесін талдау жолдары, жаттығулар және оның түрлері, көрнекіліктер мен оқу - әдістемелік құралдар жүйесі.




10.

Жай сөйлемді оқыту әдістемесі

Жай сөйлем жасалуындағы синтаксистік байланыстар. Жай сөйлемді талдаудың діс – тәсілдері.




11.

Сөйлем мүшелерін оқыту әдістемесі.

Сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерін игертуде қолданылатын әдіс – тәсілдер. Сөйлем мүшелерінің орны тәртібінің, кондинаторлық ауысудың атқаратын мағыналық қызметін талдау әдістемесі.




12.

Құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі.

Құрмалас сөйлемнің құрылымдық - мағыналық жүйесі туралы түсінік беру жолдары. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары. Құрмалас сөйлемді талдау әдістемесі.




13.

Мәтінді оқыту әдістемесі.

Мәтіннің тұтастығы оның құрылымдық және мағыналық бірлігі арқылы танылатындығы. Мәтінді талдау әдістемесі.




14.

Орфографияны оқыту әдістемесі

Орфографиялық жұмыстың мазмұны. Орфографиялық талдау, орфографияны оқытуда көрнекіліктер мен қосымша оқу құралдарын қолдану әдістері.




15.

Пунктуацияны меңгерту әдістемесі

Пунктуациялық дағдыларды қалыптастырудың негіздері. Пунктуациялық ережелерді оқыту. Пунктуациялық қателер мен оларды болдырмау әдістемесі. Көрнекіліктер мен қосымша оқу құралдарын қолдану әдістері.




16.

Тіл дамыту әдістемесі. Тіл мәденеті және оқыту әдістемесі

Тіл дамыту – оқушылардың ойлауын дамытумен тығыз байланысты екендігі. Тіл дамытудың ауызша және жазбаша түрлері. Тіл мәдениеті бойынша жүргізілетін жұмыстар жүйесі мен ішкі түрлері. Әдеби норма, ол туралы түсініктерді қалыптастру. Стильдік қате және оларды болдырмау жолдары



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет