Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу



бет3/10
Дата04.10.2022
өлшемі299 Kb.
#461909
түріПрограмма дисциплины
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
7888 (1)

Ќосымша єдебиеттер:

24. Сыздыќова Р. Абайдыњ сµз µрнегі. А., 1995.


25. Стилистика русского языка. М.,1972.
26. Скворцов Л.И. Теоретические основы культуры речи. М.,1980.


Тематический план Форма
дисциплины СО ПГУ 7.18.2/07


Пәннің мазмұны
Ф СО ПГУ 7.18.1/13

Пәннің тақырыптық жоспары



Тақырып

Сағат саны

Дәріс

Тәжір.

С¤Ж
СӨЖО

1

2

3

4

5

1

Стилистика және тіл мәдениеті туралы түсінік. Зерттейтін мәселелері, пайда болып қалыптасуы, оқытудың мақсаты мен міндеттері.

1

1

3

2

Функционалдық стилистика, зерттеу бағыттары, бөлінісі. Жалпы стилистика. Салыстырмалы-салғастырмалы стилистика, ішінара стилистика.

1

1

3

3

Дара немесе индивидуальдық стилистика

1

1

3

4

«Стиль» сөзінің тарихы мен мағынасы туралы. Функциональдық стиль және экспрессивтік-эмоционалдық стиль. Функциональдық стильдің түрлері.

2

1

3

5

Ауызекі сөйлеу стилі

2

1

3

6

Ресми стиль

2

1

3

7

Ғылыми стиль

2

2

3

8

Публицистикалық стиль

2

1

3

9

Шешендік сөз мәдениеті

1

1

3

10

Көркем әдебиет стилі

2

2

3

11

Тіл ярустарының стилистикасы

2

1

3

12

Тілдің фразелогиялық құралдарының стилистикалық қолданысы

2

1

3

13

Грамматикалық стилистика

2

1

3

14

Етістіктің стилистикалық қызметі

1

1

1

15

Стилистикалық синтаксис

2

1

2

16

Тілдің бейнелегіш-мәнерлегіш құралдары

2

1

3

Барлығы: сағат

27

18

45

Теориялық курс мазмұны

1-тақырып. Стилистика және тіл мәдениеті туралы түсінік. Зерттейтін мәселелері, пайда болып қалыптасуы, оқытудың мақсаты мен міндеттері. Лингвистикалық стилистиканың анықтамасы, зерттейтін мәселелерінің пайда болып қалыптасуы, оқытудың мақсаты мен міндеттері. Лингвистикалық стилистика мен әдебиеттану лингвистика. Лингвистикалық стилистика мен тіл мәдениеті. Тіл мәдениеті туралы түсінік. Тіл мәдениеті туралы көзқарастар. Тіл мәдениеті және норма. Тіл мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, баспасөз тілінің мәдениеті, көркем әдебиеттің тілі қазақ тіл мәдениетін дамытудағы рөлі. Әдеби тілдің қалыптасуына фольклордың, көркем сөз зергерлерінің ықпалы. Жалпы халықтық тілі және оның нормалары. Функционалды стилистиканың өз ішіндегі стильдер бойынша жіктелісі.
2-тақырып. Функционалдық стилистика, зерттеу бағыттары, бөлінісі. Жалпы стилистика. Салыстырмалы-салғастырмалы стилистика, ішінара стилистика. Лингвистикалық стилистиканың бағыттары. Зерттеу нысандарының ауқымына, көлеміне байланысты жалпы стилистика. салыстырмалы-салғастырмалы стилистика, ішінара стилистика, дара немесе индивидуальдық стилистика болып бөлінуі. Жалпы стилистиканың анықтамасы, басты ұғымдары мен категориялары, әр түрлі топтарға жіктелуі. Стилистиканың салыстырмалы-салғастармалы түрлері, ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Контрастивтік стилистика. Ішінара стилистиканың нақтылы бір ұлт, халық тіліндегі стилистика мәселелерін көтеруі.
3-тақырып. Дара немесе индивидуальдық стилистика.
Дара немесе индивидуальды стилистика деп аталып жүрген стилистиканың түрі жеке автордың, жеке шығарманың немесе жеке жанрдың стилистикасын зерттеу нысаны болуы. М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» шығармасындағы дара стилі. Кеңсе қағазының тілі туралы, бір ғалымның монографиясының тіліне қатысты т.с.с. үлкенді-кішілі стилистикалық еңбектер осы салаға жататындығын қарастыру.
4-тақырып. «Стиль» сөзінің тарихы мен мағынасы туралы. Функциональдық стиль және экспрессивтік-эмоционалдық стиль.
Функциональдық стильдің түрлері. Лингвистикалық стилистиканың мазмұны мен бағыттарын айқындайтын ең басты түрлері – функциональдық стилистика мен тіл ярустары стилистикасы. Функциональдық стилистика өз ішінде стильдер жүйесіне жіктелуі: ауызекі сөйлеу тілі, ресми стиль, ғылыми стиль, публицистикалық стиль, көркем әдебиет стилі (тілі). Тіл стилистикасының басты бағыты- сөздердің мәтіннен тысқары күйіндегі стилистикалық қызметін айқындау. «Стиль» сөзінің тарихы мен мағынасы туралы. Функциональдық стиль және экспрессивтік-эмоционалдық стиль; олардың арақатынасы. Функциональдық стильдерді жіктеуге қатысты әр түрлі ғылыми көзқарастар. Функциональдық стильдің түрлері.
5-тақырып. Ауызекі сөйлеу стилі
Ауызекі сөйлеу стилі. Жалпы сипаттамасы. Ауызекі сөйлеу стилінің шағын түрлері (подстильдер): бейресми ауызекі сөйлеу шағын стилі, ауызекі сөйлеу шығын стилі, әдеби ауызекі сөйлеу шағын стилі, тұрмыстық-ауызекі сөйлеу шағын стилі. Ауызекі сөйлеу стилінің фонетикалық-интонациялық ерекшеліктері. Ауызекі сөйлеу стилінің лексикасы мен фразеологиясы. Ауызекі сөйлеу стилінің морфологиясы мен синтаксисі. Ауызекі сөйлеу стилінің мәдениеті. Ойдағыдай қарым-қатынас жасаудың шарттары (коммуникативтік қажеттілік, әңгімелесушінің көңіл-күйі, тыңдаушының айтушы көңілін түсіне білуі, айтушының әңгіме нысанын жеткізе алуы, сөйлеу кезіндегі жағдай, сөйлеушінің сөз әдебін білуі. т.б). Коммуникативтік сәтсіздіктің себептері. Коммуникативтік мақсат, сөйлеу стратегиясы мен тактикасы, тәсілдері. Тілдік қарым-қатынастың жанрлары (ақылдасу, әңгімелесу, талас, әңгіме, тарих, хат, күнделік т.б.). Тілдік қатынастағы әдеп. Ауызекі сөйлеу стилінің лингвистикалық және экстралингвистикалық белгілері.
6-тақырып. Ресми стиль.
Жалпы сипаттамасы. Ресми стильдің шағын түрлері: таза заң шағын ресми стилі, кеңсе қағаздары шағын ресми стилі, дипломатиялық шағын ресми стиль. Ресми стильдің лексикасы мен фразелогиясы. Ресми стильдің морфологиясы мен синтаксисі. Ресми стиль элементтерінің ресми қарым-қатынас аясынан тыс жерде қолданылуы. Ресми стиль мәдениеті. Құжат мәтіндерінің мәтіндік нормалары. Ресми сөз нормаларының динамикасы.
7-тақырып. Ғылыми стиль.
Жалпы сипаттамасы. Ғылыми стильдің шағын түрлері: таза ғылыми шағын стиль; ғылыми-оқулық шағын стилі, көпшілікке арналған шағын ғылыми стиль. Ғылыми стильдің лингвистикалық және экстралингвистикалық белгілері. Ғылыми стиль мәдениеті. Арнаулы категориялар мен ұғымдарды білдірудің құралдары. Ғылыми стильдің стильдік және жанрлық ерекшеліктері. Терминологиядағы норма, оған қойылатын талаптар ( мазмұнға сәйкестігі, дәлдік, бір мағыналылық, синонимі болмайтындығы, қысқалық т.б.). Норманың кәсіби варианты. Терминдердің қалыптасуы, стандартталуы және сәйкестендіруі. Академиялық сөйлеу кеізіндегі және лекция оқу үстіндегі шешендік өнер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет