Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу



бет4/10
Дата04.10.2022
өлшемі299 Kb.
#461909
түріПрограмма дисциплины
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
7888 (1)

8-тақырып. Публицистикалық стиль.
Жалпы сипаттамасы. Публицистикалық стильдің шағын түрлері: саяси-насихаттық шағын публицистикалық стиль, таза публицистикалық стиль, таза публицистикалық шағын стиль, газет шағын публицистикалық стилі. Газет тілінің өз ішінде жіктелетіндігі (бас мақала, репортаж, сұхбат, ақпарат т.б.). Публицистикалық стилі. Публицистикалық стильдің жазбаша және ауызша түрлері. Публицистикалық стиль лингвистикалық және экстралингвистикалық белгілері. Публицистикалық стильдің фонетикасы. Публицистикалық стильдің морфологиясы мен синтаксисі. Публицистикалық стиль және ауызекі сөйлеу стилі. Публицистикалық стиль және көркем әдебиет тілі. Бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық өрісі мен ақпараттық нормасы. Сөйлем мәнерілігінің құралдары.
9-тақырып. Шешендік сөз мәдениеті.
Шешендік сөздің тектері мен түрлері. Әлеуметтік-саяси тақырыптағы шешендік өнер. Сот процесіндегі шешендік өнер. Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерге байланысты шешендік өнер. Шешендік өнер және әдеби тілдің функциональдық стильдері. Сөйлеудің функциональдық-мағыналық түрлері. Шешендік сөздің құрылымы.
10-тақырып. Көркем әдебиет стилі.
Жалпы сипаттама. Көркем әдебиет стилі түрлері. Көркем әдебиет стилі туралы көзқарастар. Көркем әдебиет тілінің эстетикалық қызметі. Көркем әдебиет тілі мен әдеби тіл. Көркем әдебиет тілі мен ауызекі сөйлеу стилінің арақатынасы. Көркем әдебиет стилі мен публицистикалық стильдің арақатынасы. Көркем әдебиет стилінің көп стильдік болып келетіндігі. Шығарманың көркем жүйесі. «Автор бейнесі» туралы түсінік. Көркем әдебиет тілін зерттеудің аспектілері. Көркем әдебиет тілінің әдебиеттің жанрларына байланысты әр түрлі көрінісі. Көркем әдебиет тілінде диалектизмдер мен кәсіби сөздердің қолданысы. Көркем шығармадағы архаизм және историзм. Табу, эвфемизмнің көркем шығармадан алатын орындары.
11-тақырып. Тіл ярустарының стилистикасы.
Тіл ярустарының стилистикасы туралы көзқарастар. Тіл ярустарының стилистикасының түрлері мен олардың тіл білімінің басқа салаларымен арақатынасы. Лексика-фразеологиялық стилистика. Сөзді таңдап қолдану. Лексикалық тіркесімділік. Сөздің көп мағыналығының стилистикалық қолданысы. Омонимдер. Синонимдер. Антонимдер. Паронимдер. Тілдің актив және пассив құрамындағы сөздердің стилистикалық қасиеттері. Архаизмдер мен историзмдер. Неологизмдер. Басқа тілдерден ауысқан сөздер. Сөздердің қолдану аясына байланысты стилистикалық қасиеттері. Көркем шығармадағы диалектизмдердің қызметі. Кәсіби-техникалық және терминологиялық лексика.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет