Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу



бет5/10
Дата04.10.2022
өлшемі299 Kb.
#461909
түріПрограмма дисциплины
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
7888 (1)

12-тақырып. Тілдің фразелогиялық құралдарының стилистикалық қолданысы Тілдің фразеологиялық құралдарының стилистикалық қолданысы. Фразелогиялық тіркестер. Мақалдар мен мәтелдер. Қанатты сөздер. Фразеологиялық синонимдер мен варианттар. Фразеологиялық единицалардың эмоциональды-экспрессивті бояуы. Фразеологизмдердің экспрессивті-стилистикалық қасиеттеріне қарай топтастырылуы: бейтарап фразеологизмдер, сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер, кітаби сипаттағы фразеологизмдер. Басқа тілдерден ауысқан фразеологизмдер.
13-тақырып. Грамматикалық стилистика.
Жалпы түсінік. Морфологиялық құрылыстың негізгі стилистикалық белгілері. Зат есім. Зат есімнің септік жалғауларының стилистикалық қызметі. Септік жалғауларының синонимдігі. Көптік ұғымды білдірудің тәсілдері. Сын есім. Сын есім кейбір жұрнақтарының стилистикалық қызметі. Сын есім шырайларының синонимдес келетіндігі. Субстантивтену құбылысы. Есімдік, Жіктеу, өздік, сілтеу есімдіктерінің стилистикалық қызметі.
14-тақырып. Етістіктің стилистикалық қызметі.
Үстеу, шылау, одағайлардың қолданылуы. Етістіктің шақтары. Етістік шақтарының тұлғаларын қабылдаған сөздердің синонимдігі. Етістік райларының стилистикалық қызметі. Райлардың қосымшаларын жалғаған синоним болу мүмкіндіктері. Үстеу, шылау, одағайлардың қолданылуы.
15-тақырып. Стилистикалық синтаксис .
Стилистикалық синтаксис туралы жалпы түсінік. Жай сөйлемнің құрылысы. Жай сөйлемнің кейбір түрлерінің синонимдігі. Экспрессивтілікті білдірудің синтаксистік тәсілдері. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінің стилистикалық қызметі. Бірыңғай сөйлем мүшелерінің қолданылуы. Қаратпа сөздер мен сөз тіркестері. Қыстырма сөздер, сөз тіркестері және сөйлемдер. Құрмалас сөйлем синтаксисі. Құрмалас сөйлем түрлерінің қолданылуы. Жазба тілдегі, фольклордағы және ауызша сөйлеудегі сөйлемдер. Құрмалас сөйлемдерді қолдануда кететін қателер. Синтаксистік параллель конструкциялар. Құрамалас сөйлемдердің өзара және жай сөйлемдермен параллель қатынасқа түсетіндігі. Автор сөзінің, төл сөз бен ортақ төл сөздің қолданылуындағы стилистикалық ерекшеліктер.
16-тақырып. Тілдің бейнелегіш-мәнерлегіш құралдары.
Троптар. Эпитет. Теңеу. Метафора. Метонимия. Синекдоха. Гипербола мен литота. Ирония. Сарказм. Аллегория. Ассонанс. Перифраза. Стилистикалық фигуралар. Анафора. Эпифора. Параллелизм. Антитеза. Градация. Инверсия. Эллипсис. Риторикалық қаратпа. Риторикалық сұрақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет