Программа по специальности «5В050300 психология»



Pdf көрінісі
бет76/231
Дата20.09.2022
өлшемі1.92 Mb.
#460974
түріБағдарламасы
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   231
ПСИХОЛОГИЯ бак.

Әлеуметтік-психология 
дербес 
ғылым 
ретінде 
дамуының
қалыптасу тарихы.
Әлеуметтік психологияның дербес ғылым ретінде қалыптасуының 
алғышарттары. Алғашқы әлеуметтік-психологиялық теориялар ("Халықтар 
психологиясы" М.Лацарус, Г.Штейнтал, В.Вундт: "Көпшілік психологиясы" 
Г.Тард: В.Макдугаллдың "Әлеуметтік жүріс-тұрыс инстинкті" теориясы). 
Әлеуметтік психология тарихының кезеңдері (Г.М. Андреева және 
Е.С.Кузьмин бойынша). Қазіргі американдық, европалық әлеуметтік 
психологияның жалпы сипаттамасы. Кеңестік әлеуметтік психологияның 
даму тарихы. Әлеуметтік психологияның негізгі теориялық бағдарлары және 
сипаттамасы. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-психологиялық 
идеялардың дамуы мен әлеуметтік психология аймағындағы теориялық және 
қолданбалық зерттеулердің өңделуі мен жүргізілуі.
Қазіргі әлеуметтік психологияның негізгі теориялық бағыттары 
Қазіргі әлеуметтік психологиядағы необихевиоризм. Әлеуметтік-
психологиялық зерттеулер контексіндегі үйрену теориясының негізгі 
ұғымдары.
Әлеуметтік-психологиялық 
феномендердің 
психоаналитикалық 
талдауы. 
Әлеуметтік 
психологиядағы 
қазіргі 
психоаналитикалық 
тұжырымдамалар және З.Фрейд позициясы.
Әлеуметтік 
психологиядағы 
интеракционизм. 
Дж. 
Мидтің 
тұжырымдамасы интеракционистік бағдардың теориялық негіздері ретінде. 
Рөлдік теориялар. Конфликтілердің ішкі рөлдік және аралық рөлдік 
мәселелері. Референтті топ теориялары (Г.Хайманн, Т.Ньюком, М.Шериф, 
Р.Мертон т б.).
Когнитивизм қазіргі әлеуметтік психологияның басым бағыты ретінде. 
Зерттеудің бастапқы принциптері мен мәселелері. Когнитивтік сәйкестілік 
теориясының жалпы сипаттамасы. Когнитивті диссонанс, коммуникативті 
акт, құрылымдық баланс теориялары. 
Әлеуметтік-психологиялық құбылыстардың табиғатын жүйелік-
әрекеттік түсіндіру. А.Н.Леонтьевтің іс-әрекет теориясы және оны әлеуметтік 
психологияда пайдалану мүмкіндігі. Бірлескен іс-әрекет концепциясы және 
А.С.Макаренко, А.В.Петровский, Л.И.Уманский, А.И.Донцовтың ұжым 
теориялары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   231




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет