Программа по специальности «5В050300 психология»


Тұлға теориясындағы психодинамикалық бағыттар (З.Фрейд)



Pdf көрінісі
бет91/231
Дата20.09.2022
өлшемі1.92 Mb.
#460974
түріБағдарламасы
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   231
ПСИХОЛОГИЯ бак.

Тұлға теориясындағы психодинамикалық бағыттар (З.Фрейд). 
Психодинамикалық бағыттың қысқаша сипаттамасы. Тұлға теориясына 
ғалымның өмірбаянының ықпалы. Фрейдтің қысқаша өмірбаяны. 
Психоанализ: негізгі тұжырымдамалары мен принциптері. 
Психикалықтың деңгейлері: саналы, алғы сана, бейсаналық. Тұлға 
құрылымы (ид, эго және суперэго). Психикалық деңгейлер мен тұлғаның 
құрылымдық моделі арасындағы өзара байланыстар. Фрейд теориясындағы 
бейсаналықты түсіну ерекшелігі. Тұлғаның даму деңгейі көрінісі ретінде 
тұлға құрылымы (ид, эго және суперэго) компоненттерінің өзара 
әрекеттестігі. 
Тұлға 
дамуы: 
психосексуалдық 
сатылары.. 
Тұлғаның 
даму 
механизмдері. Тұлға даму процесінде Эдип комплексінің маңызы мен рөлі. 
Тұлға қалыптасуында ата-ананың интроектілер рөлі мен маңызы. Әлеммен 
өзара әрекеттестік ерекшеліктері. Өзара әрекеттесу принциптері (рақаттылық 
принципі, нақты шындық принципі). Тұлға қалыптасуында қорғаныш 


93 
механизмдерінің рөлі мен маңызы (ығыстыру, проекция, алмастыру
рационализация, 
регрессия, 
сублимация 
және, 
т.б.) 
Фрейдтің 
психоанализіндегі тұлғалық ерекшеліктер диагностикасы және терапиялар. 
Аналитикалық және индивидуалды психология дағы тұлғаны 
түсіну (К.Г. Юнг және А. Адлер). 
Карл Густав Юнг өмірбаяны. К.Г. Юнгтің 
аналитикалық 
психологиясының жалпы сипаттамасы. Аналитикалық психология: негізгі 
концепциялары мен принциптері. Тұлға құрылымы (эго, жеке бейсаналық 
және ұжымдық бейсаналық). Ұжымдық бейсаналық түсінігі тұлғаның даму 
көзі ретінде. Архетип ұғымы және оның тұлға қалыптасуындағы маңызы.
Тұлға туралы Юнг іліміндегі Шығыс рәміздері мағынасы. 
Карл Юнг бойынша тұлға типтері: экстроверттік-бағдарланған және 
интроверттік бағдарланған типтер. Олардың ерекшеліктері тән негізгі типтік 
бейім-тұрыс : экстроверсия және интроверсия және психикалық функциялар: 
ойлау, түйсіну, сезімдер мен интуиция. Жетекші және бағынышты 
функциялар. Рационалды және иррационалды функциялар. Индивидуация 
үғымы тұлғаның кемелділікке жетуі ретінде. Аналитикалық психологиядағы 
тұлғалық ерекшеліктер диагностикасы және терапиясы. 
Альфред Адлердің өмірбаяндық очеркі. Даралық психологияның 
негізгі тұжырымдары. Индивидуум біртұтас және өзара үйлесімді тұтастық 
ретінде. Адам өмірі жетілуге, кемелденуге белсенді ұмтылыс ретінде. 
Кемістік комплексі тұлғаның даму көзі ретінде. Басымдыққа, артықшылыққа 
ұмтылу біртұтас іргелі негізгі мотив ретінде. Жалған мақсаттар мен өмір 
жоспары ұғымдары. Апперцепция схемасының тұлға қалыптасуындағы рөлі 
мен маңызы. Тұлға дамуының отбасындағы қарым-қатынас ерекшеліктеріне 
және бала туу ретіне тәуелділігі. Қарымақы (компенсация) тұлға дамуы тетігі 
ретінде. Әлеуметтік қызығушылық психикалық денсаулық көрсеткіші 
ретінде. Шығармашылық «Мен» тұжырымдамасы. 
Тұлғаның өмір стилі. Тұлғаның типологиясы. Даралық психологиядағы 
тұлғалық ерекшеліктер диагностикасы және терапиясы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   231




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет