Тасымалдау тізбектеріндегі көліктің МӘНІ



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата11.03.2024
өлшемі248.07 Kb.
#494903
  1   2   3   4   5
Ққ



ТАСЫМАЛДАУ ТІЗБЕКТЕРІНДЕГІ КӨЛІКТІҢ МӘНІ 
 
Көлік – адамдар мен жүктер тасымалын жүзеге асыратын материалдық 
өндіріс саласы. Қоғамдық өндіріс құрылымында көлік материалдық қызмет 
өндірісіндегі салаға жатады.
Логистикалық операциялардың көп бөлігі шикізат кезінен бастап соңғы 
тұтынушыға дейінгі материалдық ағымдар қозғалысының жолында әртүрлі 
көлік құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Бұл операцияларды 
орындауға кететін шығындар логистикаға кететін шығындардың 50%-ға 
дейінгі сомасын қамтиды.
Қызметіне байланысты көліктің екі негізгі тобын ажыратады: 
Жалпы қолданыстағы көлік – жүктер мен жолаушыларды тасымалдау 
арқылы халық шаруашылығының барлық салалары мен халықтың 
қажеттіліктерін қанағаттандыратын халық шаруашылығының саласы.
Жалпы қолданыстағы көлік айналыс саласы мен халыққа қызмет көрсетеді. 
Оны көбінесе магистральды деп те атайды (магистраль – қандай да бір жүйеде 
негізгі, басты желі, аталған жағдайда қатынас жолдары жүйесінде). Жалпы 
қолданыстағы көлік ұғымы теміржол көлігін, су көлігін (өзен, теңіз) 
автомобиль көлігін, әуе көлігін және құбыр көлігін қамтиды.
1 сурет - Қоғамдық өндіріс құрылымындағы көліктің орны 
Жалпы қолданыстағы емес көлік – өндірісішілік көлік, сонымен қатар, 
көліктік емес кәсіпорындарға жататын көлік құралдарының түрлері. Олардың 
жұмысын ұйымдастыру жалпы кәсіпорындағы логистиканы ұйымдастыру 
міндеттерінің бірі болып табылады және өндіру, сатып алу, тарату міндеттерін 
шешумен бірге жүзеге асырылады.
Көлік жұмыстарының көлемі жеке үлкен массивтерге айналған кезде 
көліктік логистиканың міндеттеріне жататын өзіндік міндеттер пайда болады, 
мысалы: 
Қоғамдық өндіріс 
Материалдық өндіріс 
Материалдық емес өндіріс 
Материалдық 
игіліктердің өндірісі
Материалдық 
қызметтердің өндірісі 
Көлік 


- Көлік жүйелерін, соның ішінде көлік дәліздері мен көлік тізбектерін 
құру; 
- Әртүрлі көлік түрлерінде тасымал процесін бірлесіп жоспарлау 
(аралас тасымал болғанда); 
- Көліктік-қойма процесінің технологиялық бірлігін қамтамасыз ету; 
- Қойма және өндіріспен тасымал процесін бірлесіп жоспарлау; 
- Көлік құралының түрін таңдау; 
- Көлік құралының типін таңдау; 
- Жеткізудің тиімді маршрутын анықтау. 
Көлік дәліздері дегеніміз – жеке географиялық аудандар арасында жүк 
тасымалын қамтамасыз ететін ұлттық немесе халықаралық көлік жүйесінің 
бөлігі. Аталған бағытта жұмыс істейтін барлық жылжымалы көлік құралдары 
мен стационарлық құрылғыларды, сонымен қатар, осы тасымалдалдарды 
жүзеге асыратын құқықтық шарттардың жиынтығын қамтиды.
Көліктік тізбек дегеніміз – бір немесе бірнеше көлік түрлерін 
пайдаланып, белгілі бір уақытта, белгілі бір қашықтыққа жүкті тасымалдау 
кезеңі. Жүктер барлық уақытта өзгеріссіз болады (мысалы, пакеттегі жүк, 
контейнердегі жүк, т.с.с.). 
Көлік түрін таңдаудың негізіне жататын негізгі критерий – жеткізудің 
жалпы шығындары = тасымал тарифі + көлік қызметін тұтынушының 
шығындары. 
Сонымен қатар келесі факторларды да ескеру қажет: 
1. Жүктің түрлері: тез бұзылатын, құнды жүктер, қауіпті жүктер, т.б. 
2. Тасымалдау қашықтығы мен маршруты: бастапқы және соңғы 
операцияларға кететін шығындар көп болса, онда ол көлік түрі қысқа тиімсіз 
болып табылады.
3. Уақыт факторлары: жеткізу жылдамдығынан тасымалдау процесі 
кезіндегі жүк массасының өлшемі мен құны тәуелді болады. Уақыт факторы 
тұрғысынан көлік нарығын автомобиль көлігі басып алған. 
4. Тасымалдау құны: тарифтен басқа қосымша болатын шығындарды 
да есептеу керек. 
5. Орама құны: егер орама құны тасымал құнынан 8%-ға артса, онда 
көлік түрін ауыстыру керек. Ең арзан орама әуе көлігінде, ал ең қымбат – су 
көлігінде болады.
6. Сақтандыру құны: басқа көлік түрлеріне қарағанда әуе тасымалында 
сақтандырудың мерзімі қысқа болады.
7. Көлік магистральына дейін жеткізу құны: автомобиль көлігі ең 
арзан. 
8. Жүк желілерінің болуы және осы желілер арқылы тасымалдау 
жиілігі. 
9. Тасымалдау 
шартында, 
сатып 
алу-сату 
контрактілерінде 
шектеулердің болуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет