(Ж). «Суреттер сөйлейді» əдісі Интерактивті тақтадан 4-суреттегі дыбыс колонкалары көрсетіледі. Оқушылар жұбымен бірлесіп, сол суреттер туралы əңгімелейді жəне төмендегі сұрақтарға жауап береді.
|
2-тапсырма.
–Суретте қандай дыбыс колонкалары берілген? (4-сурет)
–Суретте қай нөмірдегі колонканың жұбы жоқ?
–Сынып бөлмесіне пайдалану үшін қай колонканы таңдар едіңдер? Ал үйге ше? Дескриптор:
Суретте қандай колонкалар берілгенін айтады.
Суретте жұбы жоқ колонканы көрсетеді.
Сынып бөлмесіне жəне үйіне қай колонканы
таңдағаны туралы əңгімелейді.
|
Жұптағы оқушылар бір- бірін тапсырма орындау деңгейіне байланысты
«Менің жұлдызым» əдісі бойынша бағалайды.
|
|
Бұл əдісті шағын топпен, жалпы сыныппен сондай-ақ жеке оқушының өзімен жүргізуге де болады.
Нақты құрылымы болмағандықтан, бұндай талқылауда көмек керек болуы мүмкін. Көмекті мұғалім көрсете алады.
|
–Дыбысты өңдей білу не үшін маңызды деп ойлайсың?
–Дыбысқа жасалатын 3 əрекет: тыңдау, жазу, өңдеудің бір-бірінен басты ерекшеліктерін ата.
Дескриптор:
Дыбысты өңдей білу не үшін маңызды екенін əңгімелейді.
Дыбысқа жасалатын 3 əрекет: тыңдау, жазу, өңдеудің бір-бірінен басты ерекшеліктерін атайды.
|
Оқушылар өзін- өзі «Менің жұлдызым» əдісі бойынша бағалайды.
|
Интерактивті тақта
|