«Программалау іі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет16/18
Дата11.06.2016
өлшемі5.29 Mb.
#128475
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Сұрақтар:

1. write және writeln инструкцияларының айрмашылығы?

2. read және readln инструкцияларының айрмашылығы?

3. Консоль қосымшасы туралы не білесіз?
Тапсыру формасы

Тапсырманы әдістемелік нұсқаға сүйене отырып орындаңыз, оқытушыға көрсетіңіз, қалай орындалғанын түсіндіріңіз. Таратпа материалда берілген тапсырмаларды алғашқы тапсырмаға қарап отырып орындап көрсетіңіз. Жұмыс нәтижесін баспаға шығарып оқытушыға тапсырыңыз.Берілген сұрақтарға СОӨЖ дәптеріңізге жауаптар жазу. Ауызша қорғау.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Экранға қарапайым мәтін шығаратын программаны қарастырайық:

1. Келесі команданы таңдаймыз: File > New > Other (Файл > Новый > Другое), және ашылған сұхбат терезесінен New қатпарынан Console Application (Консольное приложение) белгішесін таңдаймыз.

2. ОК батырмасына шерткеннен кейін экран келесі түрге түрленеді:




3. Мәтін автоматты түрде Delphi ортасына генерацияланған. Ол құрылатын қосымшаның шаблоны болып табылады. Бұл мәтінде өзгертудің қажеті жоқ, ол дайын программаа сәйкес келеді. Бірақ аздаған өзгертулер енгізейік.

4.Код терезесіне программа мәтінің енгізіңіз.



5. Run командасын таңдаңыз. Нәтижені аламыз. Код терезесіне өту үшін Enter басыңыз.




Таратпа материалдар:

  1. х және у-тің әр түрлі мәндерін енгізіп, төмендегі өрнектердің мәндерін есептеуге программа құрыңдар:

1)

2)

3)

4)

5) cos(x)\sіn(x)-scr(y)(x+3)

6) exp(3 ln(a))+sqr(b)/sіn ab)

7)


8)
9)
10)
11)
12)

13)


14) Жер бетіне һ биіктікпен құлаған тастың уақытын есепте.

15) х11 және х22 координаттағы екі нүктенің ара қашықтығын есепте.

16) a, b және c қабырғалары берілген үшбүрыштың ауданын Герон формуласы бойынша есептеeудің программасын жаз

17) x=2,25 және y=-4,05 нақты сандары берілген. Функцияның мәнін мына   формула бойынша есептеудің программасын құр.

18) Z=e2xln(a+x)-b3x(b-x) функцияларының мәнін есептеуге программа құр

19) Радиусы R-ге тең шеңбер берілген. Шеңбердің ұзындығын есептеу программасын құр

20) x=-5,1; y=10; z=2,3 сандары берілген.     функциясының мәнін есепте

21) а=5, b=4, c=0.5 сандары берілген. Осы сандардың көбейтіндісін есептеу (Х=abc) программасын құр

22) a=2,7; b=15,04; x=2,24; k=15 сандары берілген. Келесі функцияның мәнін есептеуге программа құр.

23) a=1,3; b=2,4; x=5,5; k=2 сандары берілген. Келесі функцияның мәнін  есептеуге программа құр.

24) Квадраттың а қабырғасы белгілі. Ауданың есепте

25) Төртбұрыштың периметрін есептейтін программа құр

26) Шеңбердің ауданын есептейтін программа құр

27) Үш санның арифметикалық ортасын есепте

28) Үш санның геометриялық ортасын есепте

29) Екі санның квадраттарының қосындысын тап

30) Тікбұрышты үшбұрыштың катеттері берілген. Гипотенузасын есепте
Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №2
Тақырыбы: Delphi ортасының негізгі элементтері.

Мақсаты Delphi жобасының құрылымы, терезелік қосымша жасау этаптарымен танысу
Тапсырма
Тапсырма №1. Жүгіру жылдамдығын есептейтін программа құрыңыз

Тапсырма №2. м/с-ті км/сағ-қа түрлендіретін программа құрыңыз

Сұрақтар:


  1. Delphi программалау ортасы қалай іске қосылады?

  2. Delphi терезесі неше бөліктен тұрады?

  3. Компонеттің құрылымы қандай терезед көрсетіледі?

  4. Жобаны қалай сақтаймыз?

  5. Жоба программасын қалай іске қосамыз?


Тапсыру формасы

Тапсырманы әдістемелік нұсқаға сүйене отырып орындаңыз, оқытушыға көрсетіңіз, қалай орындалғанын түсіндіріңіз. Жұмыс нәтижесін электронды нұқада оқытушыға тапсырыңыз.Берілген сұрақтарға СОӨЖ дәптеріңізге жауаптар жазу. Ауызша қорғау.



Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Рысжанова А.С. «Нысанды-бағдарланған программалау» бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға әдістемелік нұсқау, Семей мемлекеттік педагогикалық институты, Семей, 2007 ж.- 8-32 бет.



Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №3
Тақырыбы: Қолданба дайындау және оның параметрлерін орнату

Мақсаты Delphi программалау ортасымен танысу. Жоба жасау және оларға өзгерістер енгізу.
Тапсырма

Таратпа материалдағы, өз нұсқаңыз бойынша(журналдағы реттік номерге сәйкес) берілген есептерге жоба құрыңыз


Сұрақтар:


    1. Delphi ортасының компоенттер палитрасының қызметі қандай?

    2. Форма терезесінің міндеті не?

    3. Объектілер тармағы терезесі қандай қызмет атқарады?

    4. Объектілер инспекторы терезесі қандай қызмет атқарады?

    5. Программалар коды терезесінің қызметі қандай ол форма терезесімен қалай байланысады?


Тапсыру формасы

Тапсырманы әдістемелік нұсқаға сүйене отырып орындаңыз, оқытушыға көрсетіңіз, қалай орындалғанын түсіндіріңіз. Жұмыс нәтижесін электронды нұқада оқытушыға тапсырыңыз.Берілген сұрақтарға СОӨЖ дәптеріңізге жауаптар жазу. Ауызша қорғау.



Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Рысжанова А.С. «Нысанды-бағдарланған программалау» бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға әдістемелік нұсқау, Семей мемлекеттік педагогикалық институты, Семей, 2007 ж.- 28-33 бет.


Таратпа материалдар:

Бұл есептердегі мәліметтердің типтері бүтін сандар

1. а-квадраттың қабырғасы берілген. Оның периметрін табыңыз:

2. а-квадраттың қабырғасы берілген. Оның ауданың табыңыз:

3. Төртбұрыштың қабырғалары a және b берілген. Оның ауданын: және периметрін: табыңыз

4. Шеңбердің диаметрі d берілген. Оның ұзындығын: табыңыз. -дің мәні ретінде 3,14-ті пайдаланыңыз.

5. Кубтың а қабырғасы берілген. Кубтың көлемін: және оның жазықтығының ауданын: табыңыз.

6. Тікбұрышты параллепипедтің қабырғаларының ұзындығы: a,b,c берілген. Оның көлемін: және жазықтығының ауданын: табыңыз.

7. Шеңбердің R радиусы берілген. Шеңбердің L ұзындығын және S шеңбердің ауданын табу керек: және . -дің мәні ретінде 3,14-ті пайдаланыңыз.

8. Екі a және b сандары берілген. Олардың арифметикалық ортасын табыңыз:

9. Екі теріс емес a және b сандары берілген. Олардың геометриялық ортасын табыңыз:

10. Екі нолдік емес сан берілген. Оларды қосындысын, айырмасын, көбейтіндісін және жеке жеке квадраттарын табыңыз.

11. Тікбұрышты үшбұрыштың катеттері: a және b берілген. Оның гипотенузасын:с және периметрін табыңыз: және

12. Ортақ центрлі,радиусты ()екі шеңбер берілген. Осы шеңберлердің ауданын: , сонымен қатар сақинаның ауданын: табыңыздар: , , . -дің мәні ретінде 3,14-ті пайдаланыңыз.

13. Шеңбердің ұзындығы L берілген. Осы шеңбердің радиусын: R және ауданын:S табыңыз. және .-дің мәні ретінде 3,14-ті пайдаланыңыз.

14. Шеңбердің ауданы S берілген.Оның диаметрн және шеңбер ұзындығын L табу керек. және .-дің мәні ретінде 3,14-ті пайдаланыңыз.

15. х1 және х2 нүктелері координаталарымен берілген. Осы нүктелердің сандық осьтегі арақашықтығын табыңыз: |x2-x1|.

16. Сандық осьте үш нүкте: А, В, С берілген. АС және ВС кесінділерінің ұзындығын және олардың қосындысын табыңыз.

17. Сандық осьте үш нүкте: А, В, С берілген. С нүктесі А және В нүктелерінің арасында орналасқан. АС және ВС кесінділерінің ұзындықтарының көбейтіндісін табыңыз.

18. төртбұрыштың қарама қарсы төбелерінің координаталары берілген. Төртбқрыш қабырғалары координат осьтеріне параллель орналасқан. Берілген төртбұрыштың периметрін және ауданын табыңыз.

19. Координаттары берілген екі нүктенің арақашықтығын табыңыз. Арақашықтықты келесі формула ойынша есептеңіз:

20. Үшбұрыштың үш төбесінің координаттары берілген. Оның периметрін және ауданын табыңыз. Үшбқрыш ауданын табу үшін Герон формуласын пайдаланыңыз.

21. А және В айнымалыларының мәнінің орындарын ауыстырып, А және В айнымалыларының жаңа мәнін эканға шығарыңыз.

22. А, В, С айнымалылары берілген. Олардың мәндерінің орындарын келесі түрде ауыстырып экранға шығарыңыз: А-ны В-мен, В-ны С-мен, С-ны А-мен.

23. А, В, С айнымалылары берілген. Олардың мәндерінің орындарын келесі түрде ауыстырып экранға шығарыңыз: А-ны С-мен, С-ны В-мен, В-ны А-мен.

24. х тің мәні белгілі, келесі функцияның нәтижесін анықтаңыз:

25. х тің мәні белгілі, келесі функцияның нәтижесін анықтаңыз:

26. Шеңбердің диаметрі d берілген. Оның ұзындығын: табыңыз. -дің мәні ретінде 3,14-ті пайдаланыңыз.

27. Кубтың а қабырғасы берілген. Кубтың көлемін: және оның жазықтығының ауданын: табыңыз.

28. а-квадраттың қабырғасы берілген. Оның периметрін табыңыз:

29. а-квадраттың қабырғасы берілген. Оның ауданың табыңыз:

30. Төртбұрыштың қабырғалары a және b берілген. Оның ауданын: және периметрін: табыңыз




Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №4
Тақырыбы: Delphi тілінің басқарушы құрылымдары

Мақсаты Шартты оператордың әртүрлі форматтарына есептер шығару, жоба жасау

Тапсырма Таратпа материалдағы, өз нұсқаңыз бойынша(журналдағы реттік номерге сәйкес) берілген есептерге жоба құрыңыз

Сұрақтар:

  1. Edit, Button, Label компоненттерінің қызметі мен айырмашылықтарын ата

  2. if, then, else, case операторларының қызметін түсіндір

  3. Негізігі терезенің атқаратын қызметі қандай және ол қандай бөлімдерден тұрады?

  4. Пиктографиялық батырмалардың қызметі қандай және олар қаншаға бөлінген? Қалай аталады?

  5. Компонент дегеніміз не?


Тапсыру формасы

Тапсырманы әдістемелік нұсқаға сүйене отырып орындаңыз, оқытушыға көрсетіңіз, қалай орындалғанын түсіндіріңіз. Жұмыс нәтижесін электронды нұқада оқытушыға тапсырыңыз.Берілген сұрақтарға СОӨЖ дәптеріңізге жауаптар жазу. Ауызша қорғау.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Рысжанова А.С. «Нысанды-бағдарланған программалау» бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға әдістемелік нұсқау, Семей мемлекеттік педагогикалық институты, Семей, 2007 ж.- 33-45 бет.


Таратпа материалдар:

1. х, у, z бүтін сандары берілген. max (2x, y, 4z)-ды есептейтің программа құр.

2. х, у, z бүтін сандары берілген. min (5x, 2y, 3z)-ды есептейтің программа құр..

3. х, у, z бүтін сандары берілген. max (х + у + z, xyz)-ды есептейтің программа құр.

4. х, у, z бүтін сандары берілген. min2(x + у + z/2, xyz) + 1-ды есептейтің программа құр.

5. х, у, z бүтін сандары берілген. min (x2 + у2, у2 + z2) -ды есептейтің программа құр.

6. х, у бүтін сандары берілген. х ≤ 0 болғандағы z = max (х, у) және х > 0 болғандағы z = min (x, у)-тың мәнін есептейтін программа құр.

7. х, у (х <> у) бүтін сандары берілген. Осы екі санның кішісін қосындыларының жарты мәнімен, ал үлкенің екі еселенген көбейтінділерімен алмастыратын программа құр.

8. х, у, z бүтін сандары берілген u = max (x, z)/min (y, z)-ты есептейтін программа құр.

9. х, у бүтін сандары берілген. z = max (x, y)/min (x, y)- ты есептейтін программа құр.

10.Үш бүтін сан берілген. (1,3) аралығында жатқан санды анықтайтын программа құр.

11. Бүтін сан берілген. Егер ол оң сан болса 1қосу. Кері жағдайда санды өзгертпеу. Нәтижені Label компонентіне шығару

12. А,В,Х  сандары берілген. ү және z функцияларының мәнін есептеу программасын жаз.

         

13. Кез келген екі сан берілген. Егер екінші саннан бірінші санның абсолют шамасы артық болса, онда бірінші санды беске бөлу керек, ал кері жағдайда өзгеріссіз қалады.

14. Бүтін сан беілген. Сан туралы ақпарат: нольдік сан, теріс жұп сан, теріс тақ сан, оң жұп сан, теріс жұп сан. Бұл ақпарат Label компонентіне шығу керек.

15. 1-999 аралығындағы бүтін сан берілген. Бұл сан туралы ақпаратты Label компонентіне шығару керек: жұп екі орынды сан, тақ екі орынды сан, жұп үшорынды сан, тақ үш орынды сан.

16. a,b,c,d бүтін сандары берілген. Үшке бөлінетін санды табыңыз.

17. a,b,c,d бүтін сандары берілген. Беске бөлінетін санды табыңыз.

18. a,b,c,d бүтін сандары берілген. Тақ сандарды нольмен ауыстырып, сандарды Label компонентіне шығар.

19. a,b,c,d бүтін сандары берілген. Жұп сандарды бірмен ауыстырып, сандарды Label компонентіне шығар.

20. a,b,c,d бүтін сандары берілген. Екіге бөлінетін санды табыңыз.

21. a,b,c,d реттелген бүтін сандары берілген. Үлкен санның реттік номерін табыңыз.

22. a,b,c,d реттелеген бүтін сандары берілген. Кіші санның реттік номерін табыңыз.

23. Үш бүтін сан берілген. Теріс сандарды олардың квадраттарымен алмастырыңыз.

24. Үш бүтін сан берілген. Егер үшеуі де теріс болса, олардың геометриялық ортасын, кері жағдайда сандардың өзін экранға шығарыңыз.

25. Үш бүтін сан берілген. Егер үшеуі де жұп болса, олардың арифметикалық ортасын, кері жағдайда геометриялық ортасын табыңыз.

26. Үш оң бүтін сан берілген. Бұл сандар тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары бола ма?

27. Үш бүтін сан берілген. Жұп сандардың үлкенің табыңыз.

28. Үш бүтін сан берілген. Тақ сандардың ішінен кіші санды табыңыз.

29. Төрт санның арасынан үлкенің табыңыз.

30. Төрт бүтін сан берілген. Жұп сандардың ішінен үлкенін табыңыз.

Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №5
Тақырыбы: Object Pascal тілінде процедуралар мен функциялар дайындау.

Мақсаты Объект параметрлері, бульдік объектілер, объект типі. Сплайн түрлері, сплайн параметрлері.
Тапсырма

Таратпа материалда берілген тапсырмаларды әдістемелік нұсқауды пайдаланып орындаңыз.


Сұрақтар:

  1. Процедура дегеніміз не?

  2. Функция дегеніміз не?

  3. Процедура мен функцияны қай уақытта қолданған ыңғайлы немесе пайдалы?

  4. Процедураның сипатталуын көрсетіңіз

  5. Функцияның сипатталуын көрсетіңіз


Тапсыру формасы

Тапсырманы әдістемелік нұсқаға сүйене отырып орындаңыз, оқытушыға көрсетіңіз, қалай орындалғанын түсіндіріңіз. Жұмыс нәтижесін электронды нұқада оқытушыға тапсырыңыз.Берілген сұрақтарға СОӨЖ дәптеріңізге жауаптар жазу. Ауызша қорғау.



Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Рысжанова А.С. «Нысанды-бағдарланған программалау» бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға әдістемелік нұсқау, Семей мемлекеттік педагогикалық институты, Семей, 2007 ж.- 100-115 бет.


Таратпа материалдар:

Есептерді шығару кезінде ішкі программаларды пайдаланыңыз:

1. f=m!-k! мәнiн табу керек.

2. Екі үшбұрыш төбелерінің координаттарымен беріледі. Олардың ауданың келесі формуламен есептеңіз: S=1/2((Х2-Х1)(Y3-Y1)-(X3-X1)(Y2-Y1)) және олардың қайсысы үлкен

3. Портқа күніне орта есеппен үш кеме келеді. Күніне екі кеменің, төрт кеменің келу ықтималдығы қандай? Ықтималдық келесі формуламен есептелінеді: Р=3*е-3/к!.

4. Футболист h0=0,4м биіктікке тік бастапқы жылдамдықпен v0=18 м/с допты тебеді. 2с, 4с кейін доп қандай биіктікте болады? Биіктік келесі формуламен есептелнеді: h=h0+v0t+gt2/2.

5. Бесбұрыш өзінің төбелерінің координаталарымен берілген. Оның ауданын есептеңіз. Үшбұрыштың ауданын Герон формуласымен табыңыз:


S=p(p-a)(p-b)(p-c), где p=(a+b+c)/2.

6. Z=(v1+v2+v3)/3 есептеңіз, мұндағы v1,v2,v3 – сәйкесінше r1,r2,r3 радиусты шарлардың көлемі. Шардың көлемін келесі формуламен есептеңіз:V=4/3ПR3.

7. Төртбұрыш төбелерінің координталарымен берілген. Оның периметрін табыңыз.

8. АВС үшбұрышы өзінің қабырғаларының ұзындығымен берілген. Оның медианансын табыңыз (А төбесіне жүргізілген медиана: 0.5(2в2+2с2-а2).

9. Үш бірөлшемді массив А(15), В(10), С(20) берілген. Олардың мәндерін өсу реті бойынша экранға шығарыңыз.

10. m-дағы n санының үйлесімділігін анықтаңыз (n>m), үйлесімділік келесі формула бойынша анықталады С=n!/m!(n-m).

11. Z=(m1+m2)/2 есептеңіз, мұндағы m1 және m2 - Х(20) және Х(35) массвтерінің ең кіші элементтері.

12. Р(к), L(m), Q(n) массивтері үшін теріс емес элементтерінің арифметикалық ортасын есептеңіз.

13. S= x2+y2+sin2xy + x2+z2+sin2xz + y2+z2+sin2yz функциясының мәнін a2+b2+sin2ab функциясын пайдаланып есептеңіз.

14. А(n) массивін құрыңыз, мұнда а1=1!, а2=2!,...,аn=n!.

15. Екі квадратты матрица берілген Х(5,5) және Y(7,7). Бас диагональда орналасқан элементтердің қосындысын есептеңіз.

16. 2 ден 100 дейінгі барлық жұп факториалдардың қосындысын есептейтін программа құрыңыз, программада факториалдарды есептейтін ішкіпрограмманы қолданыңыз.

17. s және t нақты саны берілген. f(t,-2s,1.17)+f(2.2,t,s-t) есептеңіз, мұндағы

18. a,b,c нақты сандары берілген. есептеңіз.

19. Үшорынды сандардың арасынан цифрларының факториалдарының қосындысы санның өзіне тең болатын сандарды табыңыз. Есептеу барысында факториалды есептейтін ішкі программаны қолданыңыз.

20. Үшбұрыш координаттары және жазықтықтаңы нүктенің координаттары берілген. Нүкте үшбұрыштың ішінде орналасқан ба, жоқ па соны анықтаңыз.

21. f=m!+k! мәнiн табу керек.

22. а және b сандары берілген. Анықтау керек: u=min(a,b), v=min(ab, a+b), min(u+v2,3.14)

23. Процедураны қолданып квадрат теңдеуді шешіңіз:

24. Функция мәндерінің кестесін құрыңыз: , . У мәнін келесі функция арқылы есептеу керек, соған процедруа құрыңыз.

25. Функция мәндерінің кестесін құрыңыз: ,. У мәнін келесі функция арқылы есептеу керек, соған процедруа құрыңыз.

26. Герон формуласы арқылы үшбұрыштың ауданын табуға процедура жазыңыз.

27. Екіөлшемді массив берілген. Массивтің ең кіші және ең үлкен элементтерін табуды функцияны қолдану арқылы шығарыңыз.

28. Екіөлшемді массив берілген. Массивтің ең кіші және ең үлкен элементтерін табуды және олардың реттік номерін табуды функцияны қолдану арқылы шығарыңыз.

29. f=m!+k!+mk! мәнiн табу керек.

30. f=m!+k!-mk! мәнiн табу керек.


Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №6
Тақырыбы: Компоненттер палитрасының Standard беті.

Мақсаты Объект параметрлері, бульдік объектілер, объект типі. Сплайн түрлері, сплайн параметрлері.
Тапсырма

Таратпа материалда берілген тапсырмаларды орындаңыз


Сұрақтар:


  1. Стандарт бетінде орналасқан компоненттерді атап өтіңіз

  2. Label компонентінің параметрлерін сипаттаңыз

  3. Edit компонентінің параметрлерін атап көрсетіңіз

  4. Button компонентінің параметрлерін атап көрсетіңіз

  5. Memo компонентінің параметрлерін атап көрсетіңіз


Тапсыру формасы

Тапсырманы әдістемелік нұсқаға сүйене отырып орындаңыз, оқытушыға көрсетіңіз, қалай орындалғанын түсіндіріңіз. Жұмыс нәтижесін электронды нұқада оқытушыға тапсырыңыз.Берілген сұрақтарға СОӨЖ дәптеріңізге жауаптар жазу. Ауызша қорғау.



Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Рысжанова А.С. «Нысанды-бағдарланған программалау» бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға әдістемелік нұсқау, Семей мемлекеттік педагогикалық институты, Семей, 2007 ж.- 8-56 бет.


Таратпа материалдар:
Есептерді шығару кезінде Стандарт бетінің компоненттерін пайдаланыңыз

х және у-тің әр түрлі мәндерін енгізіп, төмендегі өрнектердің мәндерін есептеуге программа құрыңдар:












  1. cos(x)\sіn(x)-scr(y)(x+3)

  2. exp(3 ln(a))+sqr(b)/sіn ab)
























  1. Жер бетіне һ биіктікпен құлаған тастың уақытын есепте.

  2. х11 және х22 координаттағы екі нүктенің ара қашықтығын есепте.

  3. a, b және c қабырғалары берілген үшбүрыштың ауданын Герон формуласы бойынша есептеeудің программасын жаз

  4. x=2,25 және y=-4,05 нақты сандары берілген. Функцияның мәнін мына   формула бойынша есептеудің программасын құр.

  5. Z=e2xln(a+x)-b3x(b-x) функцияларының мәнін есептеуге программа құр

  6. Радиусы R-ге тең шеңбер берілген. Шеңбердің ұзындығын есептеу программасын құр

  7. x=-5,1; y=10; z=2,3 сандары берілген.     функциясының мәнін есепте

  8. а=5, b=4, c=0.5 сандары берілген. Осы сандардың көбейтіндісін есептеу (Х=abc) программасын құр

  9. a=2,7; b=15,04; x=2,24; k=15 сандары берілген. Келесі функцияның мәнін есептеуге программа құр.

  10. a=1,3; b=2,4; x=5,5; k=2 сандары берілген. Келесі функцияның мәнін  есептеуге программа құр.

  11. Квадраттың а қабырғасы белгілі. Ауданың есепте

  12. Төртбұрыштың периметрін есептейтін программа құр

  13. Шеңбердің ауданын есептейтін программа құр

  14. Үш санның арифметикалық ортасын есепте

  15. Үш санның геометриялық ортасын есепте

  16. Екі санның квадраттарының қосындысын тап

  17. Тікбұрышты үшбұрыштың катеттері берілген. Гипотенузасын есепте


Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №7
Тақырыбы: Компоненттер палитрасының Additional және Win32 беттері.
Мақсаты Объект параметрлері, бульдік объектілер, объект типі. Сплайн түрлері, сплайн параметрлері.
Тапсырма

Таратпа материалда берілген тапсырмаларды орындаңыз


Сұрақтар:


  1. image компонентіне сипаттама беріңіз

  2. BitButton компонентіне сипаттама беріңіз

  3. MonthCalendar компонентіне сипаттама беріңіз

  4. TabControl компонентіне сипаттама беріңіз

  5. Animate компонентіне сипаттама беріңіз


Тапсыру формасы

Тапсырманы әдістемелік нұсқаға сүйене отырып орындаңыз, оқытушыға көрсетіңіз, қалай орындалғанын түсіндіріңіз. Жұмыс нәтижесін электронды нұқада оқытушыға тапсырыңыз.Берілген сұрақтарға СОӨЖ дәптеріңізге жауаптар жазу. Ауызша қорғау.



Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Рысжанова А.С. «Нысанды-бағдарланған программалау» бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға әдістемелік нұсқау, Семей мемлекеттік педагогикалық институты, Семей, 2007 ж.- 8-35 бет.


Таратпа материалдар:

Есептерді шығару барысында, формаға форманы жабу батырмасын орналастырыңыз(BitButton компоненті), Форманың оң жақ жоғарғы бұрышында авторды суреті ораналассын (image компоненті). Есептің берілгендерін енгізу TabControl компонентінің бірінші қатпарында жүзеге ассын, ал нәтиже екінші қатпарына шықсын.


1. х, у, z бүтін сандары берілген. max (2x, y, 4z)-ды есептейтің программа құр.

2. х, у, z бүтін сандары берілген. min (5x, 2y, 3z)-ды есептейтің программа құр..

3. х, у, z бүтін сандары берілген. max (х + у + z, xyz)-ды есептейтің программа құр.

4. х, у, z бүтін сандары берілген. min2(x + у + z/2, xyz) + 1-ды есептейтің программа құр.

5. х, у, z бүтін сандары берілген. min (x2 + у2, у2 + z2) -ды есептейтің программа құр.

6. х, у бүтін сандары берілген. х ≤ 0 болғандағы z = max (х, у) және х > 0 болғандағы z = min (x, у)-тың мәнін есептейтін программа құр.

7. х, у (х <> у) бүтін сандары берілген. Осы екі санның кішісін қосындыларының жарты мәнімен, ал үлкенің екі еселенген көбейтінділерімен алмастыратын программа құр.

8. х, у, z бүтін сандары берілген u = max (x, z)/min (y, z)-ты есептейтін программа құр.

9. х, у бүтін сандары берілген. z = max (x, y)/min (x, y)- ты есептейтін программа құр.

10.Үш бүтін сан берілген. (1,3) аралығында жатқан санды анықтайтын программа құр.

11. Бүтін сан берілген. Егер ол оң сан болса 1қосу. Кері жағдайда санды өзгертпеу. Нәтижені Label компонентіне шығару

12. А,В,Х  сандары берілген. ү және z функцияларының мәнін есептеу программасын жаз.



         

13. Кез келген екі сан берілген. Егер екінші саннан бірінші санның абсолют шамасы артық болса, онда бірінші санды беске бөлу керек, ал кері жағдайда өзгеріссіз қалады.

14. Бүтін сан беілген. Сан туралы ақпарат: нольдік сан, теріс жұп сан, теріс тақ сан, оң жұп сан, теріс жұп сан. Бұл ақпарат Label компонентіне шығу керек.

15. 1-999 аралығындағы бүтін сан берілген. Бұл сан туралы ақпаратты Label компонентіне шығару керек: жұп екі орынды сан, тақ екі орынды сан, жұп үшорынды сан, тақ үш орынды сан.

16. a,b,c,d бүтін сандары берілген. Үшке бөлінетін санды табыңыз.

17. a,b,c,d бүтін сандары берілген. Беске бөлінетін санды табыңыз.

18. a,b,c,d бүтін сандары берілген. Тақ сандарды нольмен ауыстырып, сандарды Label компонентіне шығар.

19. a,b,c,d бүтін сандары берілген. Жұп сандарды бірмен ауыстырып, сандарды Label компонентіне шығар.

20. a,b,c,d бүтін сандары берілген. Екіге бөлінетін санды табыңыз.

21. a,b,c,d реттелген бүтін сандары берілген. Үлкен санның реттік номерін табыңыз.

22. a,b,c,d реттелеген бүтін сандары берілген. Кіші санның реттік номерін табыңыз.

23. Үш бүтін сан берілген. Теріс сандарды олардың квадраттарымен алмастырыңыз.

24. Үш бүтін сан берілген. Егер үшеуі де теріс болса, олардың геометриялық ортасын, кері жағдайда сандардың өзін экранға шығарыңыз.

25. Үш бүтін сан берілген. Егер үшеуі де жұп болса, олардың арифметикалық ортасын, кері жағдайда геометриялық ортасын табыңыз.

26. Үш оң бүтін сан берілген. Бұл сандар тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары бола ма?

27. Үш бүтін сан берілген. Жұп сандардың үлкенің табыңыз.

28. Үш бүтін сан берілген. Тақ сандардың ішінен кіші санды табыңыз.

29. Төрт санның арасынан үлкенің табыңыз.

30. Төрт бүтін сан берілген. Жұп сандардың ішінен үлкенін табыңыз.
Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №8
Тақырыбы: Комбинацияланған тізімді қолдану.

Мақсаты Объект параметрлері, бульдік объектілер, объект типі. Сплайн түрлері, сплайн параметрлері.
Тапсырма

Таратпа материалда берілген тапсырманы әдістемелік нұсқауды пайдалана отырып орындаңыз


Сұрақтар:


  1. Комбинацияланған тізім түсінігіне сипаттама беріңіз

  2. ComboBox компонентіне сипаттама беріңіз

  3. ComboBox компонентінің параметрлерін атап өтіңіз

  4. ComboBox компонентінің сыртқы түрін баптауға арналған параметрге сипаттама беріңіз

  5. Тізімдердің жалпы қасиеттерін атап көрсетіңіз


Тапсыру формасы

Тапсырманы әдістемелік нұсқаға сүйене отырып орындаңыз, оқытушыға көрсетіңіз, қалай орындалғанын түсіндіріңіз. Жұмыс нәтижесін электронды нұқада оқытушыға тапсырыңыз.Берілген сұрақтарға СОӨЖ дәптеріңізге жауаптар жазу. Ауызша қорғау.



Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырма 1. Өрістер ретінде ComboBox компоненті таңдалады. Button компонентінің OnClick оқиғасына келесі программалық кодты жазыңыз:

ComboBox1.ItemIndex :=

Random(ComboBox1.ItemIndex.Count);

ComboBox2.ItemIndex :=

Random(ComboBox2.ItemIndex.Count);

ComboBox3.ItemIndex :=

Random(ComboBox3.ItemIndex.Count);
Таратпа материалдар:
Тапсырма 1. Программаны жүктегеннен кейін экранда үш өріс бейнеленеді:

Батырмаға басқаннан кейін, үш сөзден бір сөйлем құралу керек:



Бірінші өрістегі сөздер: Кошка, змея, кузнечик, дельфин, черепаха, лсточка

Екінші өрістегі сөздер: Быстро, высоко, медленно, сильно, хорошо, плохо

Үшініші өрістегі сөздер: плавает, бегает, летает, ползает, прыгает, прячется


Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №9
Тақырыбы: Тәуелсіз фиксациялы ауыстырғыш.

Мақсаты Объект параметрлері, бульдік объектілер, объект типі. Сплайн түрлері, сплайн параметрлері.
Тапсырма

CheckBox компонентін пайдаланып таратпа материалда берілген тақырыптар бойынша (өз нұсқаңыз бойынша) шағын тест құрастырыңыз. Тестте бірнеше жауапты таңдауға мүмкіндік болу керек


Сұрақтар:


  1. CheckBox компонентіне сипаттама беріңіз

  2. CheckBox компонентінің параметрлерін атап өтіңіз

  3. CheckBox компонентінің Cheked қасиетіне сипаттама беріңіз

  4. OnClick оқиғасына сипаттама беріңіз

  5. Ауыстырғыш атауы мен саның қай қасиет арқылы басқарылады


Тапсыру формасы

Тапсырманы әдістемелік нұсқаға сүйене отырып орындаңыз, оқытушыға көрсетіңіз, қалай орындалғанын түсіндіріңіз. Жұмыс нәтижесін электронды нұқада оқытушыға тапсырыңыз.Берілген сұрақтарға СОӨЖ дәптеріңізге жауаптар жазу. Ауызша қорғау.



Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Ұсынылған әдебиеттерді пайдаланып орындаңыз



Таратпа материалдар:

  1. Геометрия пәні бойынша

  2. Алгебра пәні бойынша

  3. Орыс тілі пәні бойынша

  4. Қазақ тілі пәні бойынша

  5. География пәні бойынша

  6. Информатика пәні бойынша

  7. Биология пәні бойынша

  8. Программалау пәні бойынша

  9. Компьютерлік графика пәні бойынша

  10. Интерьер дизайны пәні бойынша

  11. Тарих пәні бойынша

  12. Дүниежүзілік тарих пәні бойынша

  13. Педагогика пәні бойыша

  14. Психология пәні бойынша

  15. Философия пәні бойынша

  16. Орыс әдебиеті пәні бойынша

  17. Қазақ әдебиеті пәні бойынша

  18. 4 сыныпқа арналған

  19. 7 сыныпқа арналған

  20. Орыс әдебиеті бойынша

  21. Шет тілі пәнінен

  22. Математика пәні бойынша

  23. Физика пәні бойынша

  24. Астрономия пәні бойынша

  25. Анотомия пәні бойынша

  26. Қазақстан тарихы пәні бойынша

  27. Экология пәні бойынша

  28. Экономика пәні бойынша

  29. Құқық негіздері пәні бойынша

  30. Программалау ІІ пәні бойынша



Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №10
Тақырыбы: Тәуелді фиксациялы ауыстырғыш.

Мақсаты Объект параметрлері, бульдік объектілер, объект типі. Сплайн түрлері, сплайн параметрлері.
Тапсырма

RadioButton компонентін пайдаланып таратпа материалда берілген тақырыптар бойынша (өз нұсқаңыз бойынша) шағын тест құрастырыңыз. Тестте бірақ жауап дұрыс болу керек


Сұрақтар:


  1. RadioGroup компонентіне сипаттама беріңіз

  2. Ауыстырғышқа арналған контейнер түрлерін атаңыз

  3. RadioGroup компонентінің Cheked қасиетіне сипаттама беріңіз

  4. RadioGroup компонентінің OnClick оқиғасына сипаттама беріңіз

  5. Ауыстырғыш атауы мен саның қай қасиет арқылы басқарылады


Тапсыру формасы

Тапсырманы әдістемелік нұсқаға сүйене отырып орындаңыз, оқытушыға көрсетіңіз, қалай орындалғанын түсіндіріңіз. Жұмыс нәтижесін электронды нұқада оқытушыға тапсырыңыз.Берілген сұрақтарға СОӨЖ дәптеріңізге жауаптар жазу. Ауызша қорғау.



Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Ұсынылған әдебиеттерді пайдаланып орындаңыз


Таратпа материалдар:

  1. Геометрия пәні бойынша

  2. Алгебра пәні бойынша

  3. Орыс тілі пәні бойынша

  4. Қазақ тілі пәні бойынша

  5. География пәні бойынша

  6. Информатика пәні бойынша

  7. Биология пәні бойынша

  8. Программалау пәні бойынша

  9. Компьютерлік графика пәні бойынша

  10. Интерьер дизайны пәні бойынша

  11. Тарих пәні бойынша

  12. Дүниежүзілік тарих пәні бойынша

  13. Педагогика пәні бойыша

  14. Психология пәні бойынша

  15. Философия пәні бойынша

  16. Орыс әдебиеті пәні бойынша

  17. Қазақ әдебиеті пәні бойынша

  18. 4 сыныпқа арналған

  19. 7 сыныпқа арналған

  20. Орыс әдебиеті бойынша

  21. Шет тілі пәнінен

  22. Математика пәні бойынша

  23. Физика пәні бойынша

  24. Астрономия пәні бойынша

  25. Анотомия пәні бойынша

  26. Қазақстан тарихы пәні бойынша

  27. Экология пәні бойынша

  28. Экономика пәні бойынша

  29. Құқық негіздері пәні бойынша

  30. Программалау ІІ пәні бойынша


СӨЖ ОРЫНДАУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛАР
Студенттің өздік жұмысы №1
Тақырыбы: Инкапсуляция. Мұрагерлеу және полиморфизм
Мақсаты: Есептер шығару

Тапсырма: Қосымша №1 де келтірілген тақырыптарға тірек конспект жазу (өз нұсқағыз бойынша)
Сұрақтар:

  1. Инкапсуляция терминіне анықтама бер

  2. Мұрагерлеу дегенді қалай түсінесіз?

  3. Полиморфизм дегеніміз не?


Тапсыру формасы: СӨЖ дәптеріне берілген сұрақтарға жауаптар жазу. Өз нұсқаңыз бойынша тірек консепкт жазып, ауызша қорғау.

СӨЖ-ді орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Ұсынылған әдебиеттерді пайдаланып, тірек консепкт жазыңыз.

Тірек консепктінің мазмұны:


  1. Жоспар- тақырып мазмұнын ашу керек

  2. Жоспардың мазмұнын ашу- жоспардың әр тарауы бойынша толық мазмұндама

  3. Қолданылған әдебиеттер

  4. Жаңа терминдер- әр терминге анықтама беру


Студенттің өздік жұмысы №2
Тақырыбы: Файлдар
Мақсаты: Файлдармен жұмысты меңгеру.

Тапсырма: Қосымша №2 де келтірілген есептерге (өз нұсқаңыз бойынша) программа құрыңыз
Сұрақтар:

1. Файл дегеніміз не?

2. Файлдық типтің қанша түрі бар?

3. Тізбекті кіру мүмкіндігі бар файл дегенді қалай түсіндіресіз?

4. Типтік файл дегеніміз не?

5. Типтік емес файл дегеніміз не?


Тапсыру формасы: СӨЖ дәптеріне берілген сұрақтарға жауаптар жазу. Өз нұсқаңыз бойынша есептерді шығарып, программа мәтінің СӨЖ дәптеріне жазып, электронды нұсқасын оқытушыға көрсету. Ауызша қорғау.
СӨЖ-ді орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Файл деп дербес компьютердің сыртқы жадысының атау берілген бөлігін түсінеміз. Кез келген файлдың өзіне тән үш ерекшелігі болады. Біріншіден, файлдың атауы бар, программаға осы атауы бойынша бір мезгілде бірнеше файлмен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Екіншіден, ол бір типті компоненттерден тұрады. Файлдан басқа Object Pascal–дың кез келген типі компоненттер типі бола алады. Үшіншіден, файлдың ұзындығы жөнінде оны хабарлауда ешнәрсе айтылмайды, ол тек сыртқы жады құрылғысының көлемімен шектеледі. Файлдық типті төмендегі үш тәсілдің бірімен беруге болады:



<аты>=File of <тип>;

<аты>=TextFile;

<аты>=File;

Мұндағы <аты> - файлдық типтің аты; File of - қызметші сөздер (файл, содан); TextFile - стандартты мәтіндік файл типінің атауы; <тип> - файлдан басқа Object Pascal –дың кез келген типі.

Мысалы,

Type


Product=Record

Name: String;

Code: word;

Cost: Comp

End;

Text80=File of String[80];



Val F1: File of char;

F2:TextFile;

F3:Text80;

F4:F4 of Product;



Файлдармен жұмыс

Хабарлау тәсіліне қарай, файлды үш түрге бөлуге болады: мәтіндік, типтік және типтік емес.

Ақпарат ASCII кодымен берілген файл мәтіндік файл болып табылады. Мәліметтердің кез келген қарапайым типі осылай беріледі. Жеке мәндер файлда жол болып беріледі. Мұндай жазулар ақпарат бөліктері болып бірігуі мүмкін. Мәтіндік физикалық файлдың атауы үшін оның заты .txt, .doc болып беріледі. Программалау тілдеріндегі программа мәтіндегіфайлдар үшін заты тілдің белгісін білдіреді, мысалы, .pas, .bas. Физикалық мәтіндік файл тізбекті кіру мүмкіндігі бар файл болып табылады.

Типтік файл – бұл компоненттері – мәндері екілік кодпен берілген, файлдық типтен басқа, жай және құрылымдық типті файл. Файл компоненті деп файл жөніндегі дербес мәліметті айтады. Мысалы, integer немесе real типті файл. Типтік файл тікелей кіру мүмкіндігі бар файл болып табылады, бірақ өзінің компоненттеріне тізбекті түрде кіру мүмкіндігін де береді.

Типтік емес файл – бұл компоненттері 0 мен 1 екілік цифрлардан құралған сегіз битті тізбек болып табылады. Мысалы, жадының кез келген ұяшығындағы кез келген типті ақпарат түрінде көз алдымызға елестетуге болады. Файлдарға төмендегідей ұғымдар тән: файл атауы, файл типі, файл компоненті, файлды жазу, файлды жазудың соңы және файл соңы. Бұл ұғымдардың бәрі логикалық та, физикалық та бола алады. Мысалы, файлдың логикалық атауы және файлдың физикалық атауы. Файлды жазудың соңы – тасымалдаушыға физикалық жазудан кейін қойылатын белгі. Ол EOL (End Of Line) деп аталады. Ол физикалық файлмен жұмыс барысында жазудың соңы кездессе мәнін қабылдайды.

Файлдың соңы – тасымалдаушыға физикалық файл компонентінің соңын жазғаннан кейін қойылатын белгі. Ол EOL (End Of Line). Сондай-ақ, физикалық файлмен жұмыс барысында файлдың соңы кездессе, true мәнін қабылдайтын Паскальдың бұл айнымалы функциясы да осылай аталады.

Физикалық файлдар оның компонентіне кіру тәсіліне қарай тізбекті және тікелей болып екіге бөлінеді. Осы бөлінуге сәйкес файлдар тікелей кіру және тізбекті кіру мүмкіндігі бар файл деп аталады.

Файлға тікелей кіру жағдайында файлдың кез келген компоненттерімен жұмыс істеу үшін тікелей кіруге болады. Тікелей кіру мүмкіндігі бар файлдың барлық компоненттері нөмірленген. Нөмір нольден басталады, яғни 1-компоненттің нөмірі - 0, екінші компоненттің нөмірі 1 және т.с.с. Бұдан, файлдың соңына n+1–ші орынға n–нөмірлі компонент орналасады. Тікелей кіру мүмкіндігі бар файлды тасымалдаушының кез келген бөлігіне тікелей кіруге мүмкіндік беретін ақпарат тасымалдаушыларда ғана орналастыруға болады, мысалы, магнитті дискілерде.

Тізбекті түрде кіру мүмкіндігі бар файл компоненттерін оқу тек бірінші компоненттен басталады. Сондықтан, тасымалдаушының қандай да бір компонентін оқу үшін ізделінді компонент табылғанынша алдыңғыларын өткізіп отыру қажет. Тізбекті файлдың қарапайым мысалына магнитті лентада жазылған файл жатады.

Object Pascal тілінде файлдармен төмендегідей жұмыс түрін ұйымдастыруға болады:



  • файл құру;

  • мәліметтерді файлға жазу;

  • мәліметтерді файлдан оқу;

  • файлды түрлендіру.

Файлмен жұмыс істеу үшін логикалық атауы бойынша логикалық файл сипатталуы тиіс. Одан кейін логикалық файл физикалық файлмен сәйкес құрылғыда, ақпаратты тасымалдаушыда байланысуы тиіс. Одан кейін физикалық файлды ашуға мүмкіндік болуы қажет. Файл тек оқу үшін, тек жазу үшін немесе оқу және жазу үшін ашылады. Оператор арқылы логикалық файл мен физикалық файлды байланыстырғаннан кейін файлмен жұмыс істеуде файлдың логикалық атауы пайдаланылады. Бұдан кейін жұмыс физикалық файлмен орындалады.

Файлды ашу
Программада файлдармен жұмыс істеу үшін алдымен оны ашу қажет. Бұл әрекет алдын-ала хабарланған файлдық айнымалыны бұрын құрылған файлдың немесе жаңадан құрылатын файлдың атымен байланыстырылғаннан кейін, сондай-ақ, ақпарат алмасу бағытын көрсетуді қамтиды: файлдан оқу немесе оған жазу.

Файлмен жұмыс істеу үшін – ашу, ал жұмыс аяқталғаннан кейін – жабу қажет. Оқуға арналған файл RESET(FF) операторымен, жазуға арналған файл REWRITE(FF) операторымен ашылады. APPEND(FF) – мәтіндік физикалық файлға мәліметтер қосып жазуға арналған.

Мәліметтерді оқу және жазу белгілі READ/WRITE операторларының көмегімен жүзеге асырылады, тек тізімінің басында файлдық айнымалының аты көрсетіледі:

READ(FF,тізім)

WRITE(FF,тізім)

Файлдың жабылуы CLOSE(FF) операторымен орындалады.



Файлды шартты түрде басы бар, соңы тіркелмеген лента түрінде елестетуге болады. Файлдың компоненттері осы лентаға бірінен соң бірі тізбектеліп жазылады.

REWRITE командасы жазуға арналған файлды ашып, файлды жазу режимінің бастапқы күйіне келтіреді, маркер нольдік позицияға орналасады. Егер FF файлы бұрын болса, онда ол жойылады.

RESET командасы бойынша диск каталогындағы физикалық файлдың бар екендігіне көз жеткізеді, егер физикалық файл табылмаса, онда файл табылған жоқ деген хабарлама беріледі. Егер файл табылса, маркер көрсеткіші нольдік күйге келтіріледі, файл мазмұны жойылмайды.

APPEND командасы бойынша файл көрсеткіші оның соңына орналастырылып, бұрыннан бар файлға қосымша мәліметтер тіркеліп жазылады.
9.5. Файлдармен жұмыс істеуге арналған процедуралар мен функциялар
Файлдың кез келген түріне пайдалануға болатын процедуралар мен функциялардың тізімін келтірейік.

  1. Procedure AssignFile(var F; FileName,:String); - Fфайлдық айнымалысын FileName атты файлмен байланыстырады;

  2. Function ChangeFileExt(const FileName, Extensions:String):String; - файлдың затын Extension параметрімен берілген файл затына өзгертеді;

  3. Procedure ChDir(Path:String); - Ағымдағы каталогты өзгертеді: Path -ескертусіз орнатылған каталогқа баратын жолды көрсететін жолдық өрнек;

  4. Procedure CloseFile(Var F); - Файлды жабады, бірақ F файлдың айнымалысымен AssignFile процедурасымен алдын-ала орнатылған байланыс сақталады. CloseFile процедурасының функциясы программа жұмысы дұрыс аяқталған жағдайда барлық ашылған файлдар автоматты түрде жабылады.

  5. Function DateTimeToFileDate(DataTime:TDataTime):Integer; - DataTime мәнін файл құру уақытының жүйелік форматына аударады;

  6. Function DiskFree(D:Byte):LongInt; – көрсетілген дискідегі бос орынның байттық көлемін береді; D - диск нөмірі (0 ескертусіз құрылғы; 1 - диск А; 2 – диск В және т.б.). Функция, егер жоқ дискінің нөмірі көрсетілсе 1 деген мәнді береді.

  7. Function EOF(Var F):Boolean; – Файлдың соңын көрсетеді, егер файлдық көрсеткіш файлдың соңында тұрса, онда True мәнін береді. Жазуда бұл кезекті компонент файлдың соңына қосылғанын, ал оқуда файлдың жойылғанын көрсетеді.

  8. Procedure Erase (Var F): - F файлын өшіреді. Процедураны орындар алдында файлды жбау қажет.

  9. Function FileAge(const FileName: String):integer; - FileName файлы үшін оның соңы жаңартылған (қайта жазылған) уақытын береді (жүйелік форматта); егер мұндай файл болмаса, онда – 1-ге тең.

  10. Function ExcludeTrailingBaslash(const S: String): String; - Sжолын тұйықтайтын “/” символын өшіреді (егер бұл символ жолды тұйықтамаса, онда S–ті өзгеріссіз қалдырады);

  11. Function ExpandFileName(const FileName: String):String; - файл атын ағымдағы каталогпен толықтырады;

  12. Function ExpandUncFileName(const FileName: String):String; – файл атын ағымдағы желілік каталогпен толықтырады;

  13. Function ExtractFileDir(const FileName: Srting):String; – файлдың толық атауынан оған кіру маршрутын шығарады (соңғы “/”символынсыз);

  14. Function ExtractFileExt(const FileName: String): String; – файлдың толық атауынан оның затын нүктесімен шығарады;

  15. Function ExtractFileName(const FileName: String): String: String; –файлдың толық атауынан оның атын затымен шығарады;

  16. Function ExtractFilePath(const FileName: String): String; – файлдың толық атауынан оған кіру маршрутын символымен қоса шығарады;

  17. Function ExtractRelativePath(const BaseName, DestName: String): String; – файлдың толық атауынан DestName–ге қатысты маршрут атын шығарады (аралық каталогтар: “/” символымен алмастырылады).

  18. Function FileDateTimeToDateTime (DataTime: Integer):TDateTime; –жүйелік форматы FileDate файлының құрылу уақытын дата-уақыт форматына түрлендіреді.

  19. Function FileExists(const FileName: String):Boolean; – егер FileName атты файл бар болса, онда True мәнін береді;

  20. Procedure FindNext(Var F:TSearchRec); – FindFirst/FindNext функциясымен файлды іздеуге бөлінген жадыны босатады;

  21. Function FindNext(Var F: TSearchRac): Integer; - F файлының каталогтағы келесі файлдың атын береді;

  22. Procedure Flash(var F); – дискідегі файлдың соңғы өзгертулерін сақтай отырып, файлдың ішкі буферін тазартады;

  23. Procedure GETDir(D:Byte; var S:String); – Ағымдағы каталогты береді: D - құрылғы нөмірі; 1 – А дискісі; 2 – В дискісі және т.б. S – String –типті айнымалы, ол көрсетілген дискідегі ағымдағы каталогқа баратын жолды көрсетеді;

  24. Function IncludeTrailingBackslash(const S:String); – “/” символымен файлға кіретін толық маршрутты береді;

  25. Function IOResult: Integer; – соңғы енгізу – шығару операциясының шартты белгісін береді;

  26. Function ISPathDelimiter(const S:String; Index:Integer):Boolean; – егер S жолындағы Index символында “/” белгісі болса, онда true мәнін береді;

  27. Function MatchesMask(const FileName, Mask: String):Boolean; – Егер FileName аты Mask топтық атауына сәйкес келсе, true мәнін береді;

  28. Procedure MKDir(Dir: String);– көрсетілген дискіде жаңа каталог құрады: Dir каталогты іздеу маршруты. Бұрын құрылған каталогтар атауы қайталанбауы тиіс;

  29. Procedure Rename(var F; NewName:String);–F файлының атын өзгертеді; NewName - файлдың жаңа атынан тұратын жолдық өрнек. Процедураны орындамас бұрын файлды жабу қажет;

  30. Procedure Reset(Var F:File; [RecSize:World]); – бұрын құрылған файлды ашады. RecSize–дың тек типтік емес файлдар үшін ғана мағынасы бар және мәліметтер блогының өлшемін береді;

  31. ProcedureRewrite(Var F:File; [RecSize:World]); – жаңа файл құрады. RecSize-дың тек типтік емес файлдар үшін ғана мағынасы бар және мәліметтер блогының өлшемін береді.

  32. Procedure RmDir(Dir:String); – Dir каталогын өшіреді. Өшірілетін каталог бос болуы тиіс.


Студенттің өздік жұмысы №3
Тақырыбы: Delphi-дің мультимедиялық мүмкіндіктері
Мақсаты: Delphiдің мультимедиялық мүмкіндіктерін пайдаланып есептер шығару

Тапсырма: Әдістемелік нұсқауда көрсетілген медиаплейрді жасаңыз. Тек Формаға өз атауыңызды беріңіз. Форма белгішесін өзгертіңіз. Форманы безндіріңіз.
Сұрақтар:

    1. Графикалық құралдары пайдалануға арналған кластарды атаңдар.

    2. Сызық қандай кластың көмегімен құралады?

    3. Толтыру қандай кластың көмегімен құралады?

    4. Қаламның қандай қасиеттері бар?

    5. Графикалық бетке мәтін қалай шығарылады?


Тапсыру формасы: СӨЖ дәптеріне берілген сұрақтарға жауаптар жазу. Өз нұсқаңыз бойынша есептерді шығарып, программа мәтінің СӨЖ дәптеріне жазып, электронды нұсқасын оқытушыға көрсету. Ауызша қорғау.

СӨЖ-ді орындауға әдістемелік нұсқаулар:

TMediaPlayer компоненті

T
MediaPlayer(1-сурет) компоненті құрылғыны басқаратын панельдегі сияқты бірнеше батырмалардан тұрады. Бұл батырмалар әртүрлі мультимедиалық құрылғыларды (компакт- дискілер, дыбыстық карталар және т.б.)басқаруға арналған. Мұнда магнитофондағы сияқты «ойнату», «айналдыру», «жазу» батырмалары бар.

1-сурет: Формадағы TMediaPlayer компоненті.

Егер де компьютер дыбыстық картамен қамтамасыз етілген болса, онда 1-суретте көрсетілгендей формаға TMediaPlayer (палитраның System беті) компонентін орналастырамыз.

Компонетті формаға орналастырғаннан кейін Объектілер Инспекторында "FileName" қасиеті пайда болғаның көреміз.



2-сурет: TMediaPlayer-дің Объектілер Инспекторындағы қасиеттері.

Осы жерде ойнатылатын AVI, WAV немесе MID кеңейтілу бар файлды таңдаймыз. 2-суретте AVI кеңейтілуіндегі DELPHI.AVI файлы таңдалған. Осыдан кейін AutoOpen қасиетін True-деп қоямыз.

Осы қадамдары орындағаннан кейін программа жүктеуге дайын. Программаны жүктегенне кейін жасыл «ойнату» батырмасына басамыз, сонда видеороликті (егер AVI таңдалса) немесе дыбысты(егер WAV немесеMID таңдалса) естиміз. Егер бұлардың бірі орындалмаса немесе қателік туралы хабарлама шықса онда оның екі түрлі себебі болуы мүмкін:


  1. Файлдың аты дұрыс енгізілмеген.

  2. Windows-та мультимедиа дұрыс жолмен бапталмаған. Бұл керек құрылғы жоқтығы немесе керек драйвер орнатылмағандығын білдіреді.

Егер AutoEnable қасиеті Trye мәніне ие болса, онда компонент автоматты түрде құрылғы типі бойынша немесе файл кеңейтілуі бойынша және MODE қасиеттерінің мәні қандай батырмалар белсенді болатынын анықтайды.

Егер AutoEnable=False болса, онда белсенді батырмалар қатарына EnabledButtons жиынына енетін батырмалар ғана болады.

AutoRewind қасиеті егр де құрылғыда жолдар бар болса немесе егер жазу/ойнату процесі StartPos және EndPosқасиеттеріне өзгертулер енгізіліп шақырылса, онда еленбейді.

TimeFormat қасиетіне Объектілер Инспекторы арқылы қатынаса алмаймыз. Сондықтан ол автоматты түрде мультимедиалық құрылғыны Open әдісі арқылы ашқанда орнатылады. Осыған сәйкес, StartPos, Position және EndPosқасиеттерінің мәндерін орнатуға болады, ал Length, Start, TrackLength және TrackPosition қасиеттерінің мәні тек Open әдісі шақырылғаннан кейін нақтыланады.

Сонымен, біз AVI, MIDI және WAVE файлдарды тек оның атын көрсетіп қана ойната аламыз.

3
-сурет: AVI-ді панелде ойнату.

TmediaPlayer компонентінің маңызды қасиеттерінің бірі ол- Display. Біздің мысалдарымызда ол толтырылған жоқ болатын, сондықтан видео жеке терезеде ойнатылды. Бірақ, роликті көрсетудің экраны ретінде, мысалы панельді алуға болады. Ол үшін формаға Tpanel компонентін орналастырамыз, Caption қасиетінен мәтінді алып тастаймыз. Осыдан кейін TmediaPlayer үшін Display қасиетіндегі тізімнен Panel1-ді таңдаймыз. Осыдан кейін программаны жүктейміз және “ойнату” батырмасына басамыз.(3-сурет)

TАnimate- анимацияны бейнелеу

TАnimate компоненті AVI(Audio Video Intervaleaved- аудио және видеоның қатарласуы) форматындағы видеоклиптерді ойнатуға арналған құрылғы болып табылады. Бейне жеке командалар топтамасында ойнатылады.

Осы компоненттің орындалу процесін көретін болсақ, онда келесілерді орындайық:




  1. Қажетті AVI файлды өзіміздің, яғни жобалар сақталатын бумаға көшіріп алайық.

  2. Бос қалыпқа Animate, ProgressBar, Timer(System бетінде)және BitBtn батырмасын орналастырайық.

  3. Timer1-дің Enabled қасиетін False-ге ауыстырайық. Ал Intervale қасиетіне 10деген мән береміз.ProgressBar1 компонентінің Visible қасиетіне False деген мәнді меншіктейік. Осыдан кейін осы қалыпты AVI файл сақталған бумаға сақтайық.

  4. BitBtn1 батырмасы үшін төмендегідей оқиғаларды өңдеуішін құрайық:


Procedure Tform1.BitBtn1Click(Sender:Tobject);

Begin

Animate1.FileName:=’Cool.avi’; //Ойнатылатын клип файылынын атын көрсетеміз

Animate1.Active:=Trye; //Клипті жүктейміз

ProgressBar1.Show; //ProgressBar-ды көрсетеміз

Timer1.Enabled:=Trye; //Таймерді іске қосамыз

End;


  1. Timer1 компоненті үшін төмендегідей оқиғаларды өңдеуішін құрамыз:


Procedure TForm1.Timer1Timer(Sender:TObject);

Begin

ProgressBar1.Position:= ProgressBar1.Position+1;

if ProgressBar1.Position>= ProgressBar1.max then

begin

Timer1.Enabled:=false; //Таймерді өшіреміз

ProgressBar1.Position:=0;//жаңа жүктеуге дайындаламыз

ProgressBar1.Hide;// ProgressBar-ды жасырамыз

Animate1.Stop; //Клипті тоқтатамыз

End;

End.

Сонымен біз Delphi программалық ортасында мультимедиалық файлдармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін арнайы компоненттерімен таныстық. Енді сол компоненттерді пайдаланып Windows Media Player ойнатқышының кейбір функцияларын атқаратын программалық жабдық құруды қарастырайық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет