Әдістерді қайта жүктеу
Object Pascal-да Delphi-дің төртінші версиясынан бастап қайта жүктелетін әдістер деп аталатын әдістердің түрі пайда болды. Әдістердің осы категориясы алдыңғы екі әдіске қарама-қарсы емес, виртуалды әдістер де, динамикалық әдістер де қайта жүктелетін әдіс бола алады. Қайта жүктеу әртипті мәліметтермен бірдей немесе ұқсас әрекеттер орындау үшін қажет.
Әдісті қайта жүктелетіндей жариялау үшін overload директивасы қолданылады. Мысалы:
Дәріс №11. Қасиеттер. Қарапайым қасиеттер. Массив-қасиеттер. Индекстелетін массивтер. Метакласстар. Класстарға ңұсқама (метакласс). Is және as амалдары.
Мұрагерлеу иерархиясын ұйымдастыру кезінде барлық класстар үшін бірдей әдістерді әдетте ата-баба класында статикалық әдістер ретінде жариялайды, ал маңызы бірдей, бірақ жүзеге асырылуы бойынша айрықшаланатын әдістерді ата-баба класында виртуалды және динамикалық әдістер ретінде жариялайды да ұрпақтарда көлегейлейді. Бірақ ұрпақ класстар үшін тек жүзеге асырылуы бойынша ғана емес, маңызы бойынша да бірегей болатын мінез-құлықтар бар. Мұндай әдістерді ұрпақ-класстарда жариялайды. Егер ұрпақ-класс типті нысандармен ата-баба-класына нұсқауыш арқылы жұмыс істесе, онда мұндай әдістерді тікелей шақыруға болмайды, ата-баба-класстарда олар жоқ. Бұл мәселені шешу үшін нысандық типтерді келтіру қолданылады. Басқа сөзбен айтқанда, нысандық типтерді келтіру келесілерді жасауға мүмкіндік береді: егер нысанға нұсқауыш ата-баба-классы типті болса, ал шынайы нысан жаңа әдістері бар ұрпақ-классқа жатса, онда осы әдістерге тек осы әдістері бар классқа нұсқауыш типін келтіру арқылы жетуге болады. Нысандық типтер үшін басқа кез-келген басқалары үшін де типтерді айқын келтіруге болады:
TAnotherType(ASomeObject).Methodl
Типтер сәйкестігін тексеру мұнда жүргізілмейді. Сондықтан мұндай әдісті қолдану ұсынылмайды. Нысандық типтерді келтіру үшін as операторы қолданылады. Оның көмегімен нысан экземплярын басқа сәйкес типке жататындай етіп қарастыруға болады:
(AsomeObject as TAnotherType).Methodl
Нысандық типтерді as операторын қолдану арқылы келтіру мысалын қарастырамыз:
Дәріс №12. Класстың әдістері. Программаны орындау кезеңінде типтерді анықтау механизмі. Әдістерді делегирлеу.
Оқиғалар мен делегирлеу
Программадағы нысандар өзара әрекеттесуі керек. Сонымен қатар олар сыртқы ортамен – пайдаланушымен операциялық жүйе арқылы әрекеттесуі керек. Олар өзара әрекеттескенде бұл әдетте әдістер арқылы жүзеге асырылады. Delphi –де Windows-пен әрекеттесу үшін оқиғалар механизмі қолданылады.
Оқиғалар – бұл нысанның сыртқы әсерге жауап қату мінез-құлқын жасауға арналған процедуралық типтің қасиеті.
Property OnMyEvent: TMyEvent read FOnMyEvent write FOnMyEvent
Мұндағы FOnMyEvent – қандай-да бір әдістің мекен-жайын қамтитын нысан өрісі. Осындай әдістердің мысалын Delphi-дің нысан инспекторындағы Events қалташасынан көруге болады, мысалы, onclick, OnMouseMove және т.б.
Осындай қасиетке мән беру – осы оқиға болған мезеттегі шақырылатын әдістің мекен-жайын нысанға беруді білдіреді. Осындай әдістерді оқиғаларды өңдеушілер деп атайды. Delphi-де оқиға өңдеушілерді шақыру әдетте программисттен жасырын болады. Тегіне және маңызына байланысты оқиғалардың параметрлерінің саны мен типі әртүрлі болады. Барлығы үшін ортақ параметр SendenTObject – ол оқиғаның нысан-көзіне сілтейді. Қарапайым жағдайда оқиға өңдеушінің басқа параметрлері болмауы мүмкін. Оқиғалар – бұл нысан қасиеттері болғандықтан, олардың мәндерін программаның орындалуы барысының кез-келген мезетінде өзгертуге болады. Бұл мүмкіндікті делегирлеу деп атайды. Делегирлеу – бұл программаның орындалуы кезінде бір нысанның оқиғаға жауап беру тәсілін алып, екінші нысанға меншіктеу (делегирлеу) механизмі. Нысандар қалып-күйімен және мінез-құлқымен сипатталады. Қалып-күй - өрістер, олардың жиынтығы тұрақты, мәндері өзгереді. Мінез-құлық - әдістер. Барлық алдында қарастырылған жағдайларда программаның орындалуы барысында нысандардың мінез-құлықтары өзгермейді. Делегирдеу программаның орындалуы барысында нысанның мінез-құлқының өзгеруіне мүмкіндік береді, жалпы тек оқиғаларды өңдеуден де кең қолданыла алады. Делегирлеу принципі әрбір өзгеше жағдай үшін қарапайым процедуралар қою арқылы жаңа ішкі класстар туындату үрдісінен құтылуға мүмкіндік береді. Мысал:
function CaIc{X,Y: Integer): Integer; - функция
var F: function (X,Y: Integer): Integer; - тура сол типті функцияға нұсқауыш
F := Calc;
A:=F(10,20);
A:=Calc{10,20);
Соңғы екі жол Calc функциясын шақыруды қамтидыбірінші жағдайда оған нұсқауыш, екіншісінде оның атауы арқылы нұсқауыш. Сонымен қатар классқа, яғни нысанға нұсқауыш типті айнымалылар сияқты процедураға нұсқауыш типі үшін оның пұсқауыш епкенін көрсететін арнайы белгілер қолданылмайды. Процедуралық типті айнымалыларды процедура параметрі ретінде беруге болады:
Дәріс №13. Delphi стандартты класстарының кітапханасы. "Негізгі-көмекші" және "үлкен-кіші" қатынастары.
Delphi –дің стандартты класстар кітапханасы VCL пайдаланушының өзі солардың базасында Windows қолданбаларын дайындай алатын жүздеген класстарды қамтиды.
Суретте VCL кітапханасының негізгі класстарының иерархиясы көрсетілген. Олардың базасында Delphi –дің қалған барлық класстары жасалған.
1-сурет. VCL кітпханасының негізгі компоненттерінің иерархиясы
Кітапхананың барлық компоненттері Tobject класының мұрагерлері, Tobject класы
Delphi-де программалауды едәуір жеңілдететін бірқатар арнайы әдістерге ие:
type TObject = class
constructor Create; {конструктор}
destructor Destroy; virtual; {деструктор}
procedure Free; {егер элемент жасалса, жою}
class Function InitInstance(Instance: Pointer): TObject; {нысанды жасау кезінде жадыны инициализациялайды}
class Function NewInstance: TObject; virtual; {нысанды орналастыру үшін жады бөледі}
^ Procedure CleanupInstance; {нысанды жою кезінде жолдармен және т.б. күрделі құрылымдармен жұмысты дұрыс аяқтауды жүзеге асырады }
Procedure FreeInstance; virtual; {нысанды орналастыруға арналған жадыны босатады}
^ Function ClassType: TClass;{нысанның класын қайтарады}
class Function ClassName: ShortString; {класс атауын қайтарады}
class Function ClassNameIs(const Name: string): Boolean; {нысанның көрсетілген классқа тиістілігін тексереді}
class Function ClassParent: TClass;{ата-баба типін қайтарады}
class Function ClassInfo: Pointer;{RTTI кестесіне нұсқауышты қайтарады
class Function InstanceSize: Longint;{нысанның байтпен өлшемін қайтарады}
class Function InheritsFrom(AClass: TClass): Boolean;{көрсетілген класс жанұясына класстың немесе нысанның тиістілігін тексереді}
^ Procedure Dispatch(var Message);{посылает сообщение объекту}
class Function MethodAddress(const Name: ShortString): Pointer; {жарияланған әдістің атауы бойынша мекен-жайын қайтарады }
class Function MethodName(Address: Pointer): ShortString;
{жарияланған әдістің атауын оның мекен-жайы бойынша қайтарады}
^ Function FieldAddress(const Name: ShortString): Pointer;
{жарияланған өріс атауын оның мекен-жайы бойынша қайтарады}
Function GetInterface(const IID: TGUID; out Obj): Boolean; {көрсетілген класс интерфейстренің сәйкестігін тексереді}
class Function GetInterfaceEntry(const IID: TGUID):
PInterfaceEntry; {арнайы класс интерфейсінің сипаттамасын қамтитын құрылымға нұсқауышты қайтарады}
class Function GetInterfaceTable: PInterfaceTable; {классқа арналған интерфейстің сиптаамасын қамтитын құрылымға нұсқауышты қамтиды}
^ Function SafeCallException(ExceptObject: TObject;
ExceptAddr: Pointer): Integer; virtual; {OLE алып тастауын қолдау әдісі
Procedure DefaultHandler(var Message); virtual;{үнсіз келісім бойынша хабарламаларды өңдейді}
end;
TObject класынан published секциялары бар болатын барлық класстардың текбасшысы - Tpersistent класы мұраланады. Бұл класс жарияланған әдістері бар Нысандар Инспекторының дұрыс жұмыс істеуін қакмтамасыз етеді (олардың форма файлдарында сақталуы, программа компиляциясы кезінде жарияланған қасиеттерді инициализациялау, және бір нысанның өрістерін екіншісіне көшіру).
TPersistent класынан TComponent (компонентте) кластары – барлық компонент-класстардың текбасшысы және бірқатар басқа да қосымша класстар мұраланады, мысалы: TStrings (жолдар), TCollection (коллекциялар), TCanvas («холсттар» - «сурет салуға» болатын өрістер), TGraphicObject (графикалық нысандар), TGraphic (графикалық элементтер), TPicture (бейнелер).
TComponent класынан қолданбаның барлық компоненттері , солардың арасында қолданбаның өзі де (TApplication класы) мұраланады. TComponent класстарының ұрпақтарының ерекшелігі нысан-компоненттер бір-бірімен «негізгі-қосалқы» қатынасында болатындығында.
Негізгі компонент қосалқы компоненттерді орналастыру кезіндегі жадыны басқару үшін жауап береді: компонентті жасау кезінде жады бөлу және оны жою кезінде жадыны босату. Формада (TForm) орналасқан барлық компоненттер үшін негізгі компонент форма болып табылады, ал форманың өзі үшін негізгі компонент қолданба (TApplication) болып табылады.
TComponent ұрпақтарының арасында TControl класы ерекше орын алады, одан формада орналасқан барлық басқару элементтері мұраланады. Сәйкесінше, бұл класс экрандағы формаға қатысты басқару элементтерінің орналасуын анықтайтын қасиеттерді қамтиды.
Кез-келген басқару элементі форма терезесі ішінде тіктөртбұрышты алады деп есептелінеді.
TControl класы тышқанның хабарламасын өңдейтін және сәйкес оқиғаларды генерациялауды қамтамасыз ететін әдістерді анықтайды (кәдімгі, екі рет шерту, басылған пернелермен жылжу, және т.б.).
TControl класынан TWinControl класстары мұраланады – терезенің басқару элементтері және TGraphicControl – графикалық басқару элементтері.
TWinControl класы терезелік басқару элементтерінің арасында «үлкен - кіші» қатынасын орнатады. Бұл қатынас терезелік басқару элементтерінің экрандағы бейнелерінің бағынуын анықтайды. Мысалы, егер форма экранда көрінбейтін болса, онда барлық кіші басқару элементтері де көрінбейтін болады.
2-сурет. Бірнеше компоненттері бар форма (жобалау кезеңінде)
3-сурет. «Негізгі - қосалқы» қатынасы
4-сурет. «Үлкен - кіші» қатынасы.
«Үлкен - кіші» қатынасын қолдана отырып, терезелік басқару элементтерінің біртипті мінез-құлқын анықтауға болады.
Дәріс №14. Delphi хабарламасы. Хабарламаларды өндеу әдістері. Хабарламаларды генерациялау.
Оқиға- программамен жұмыс істеу барысында обьект жағдайының белгілі бір әрекетке жауап ретінде өзгеруі. Мысалы: пайдаланушы программа құру үшін алдымен формаға компонент орнатуы, форманы не формада орналастырылған компонентті тышқан арқылы шерту мүмкін. Оның әр іс-әрекеті оқиға шығарады. Delphi -де әр оқиға атау беріліп қойылған. Әр обьектіге байланысты оқиғалар көп . Мысалы: формаға байланысты өқиғалар саны 35. Олар қасиеттер терезесінің Events қосымша бетіне еңгізілген. Терезеде оқиға атауларының алдына On прифексі (қосымшасы) тіркестіріліп жазылған. Ол-атаудың оқиға екендігін білдіретін белгі:
Delphi ортасында жиі кездесетін оқиғалар
OnClick-тышқан түймесін бір рет басу.
OnDblClick-тышқан түймесін екі рет басу.
OnKeyDown-клавишті басу.
OnGreatе-форманы екі рет шерту басу т.б.
Проект екі бөлімнен тұрады: автоматты түрде project1 атауы берілген проекті файлы
(негізгі модуль) және Unit1.pas атауы берілген модуль. Олар жеке терезелерде орналасқан. Модульге оқиғаларға сәйкес іс-әрекеттерді орындайтын программа мәтіні (процедуралар) еңгізіледі. Программа мәтінің программалық код деп , ол еңгізілетін процессі деп атайды. Формада код терезесіне өту және код терезесінен формаға өту үшін F12 клавишін басу жеткілікті.
Формасы екі рет шерткен кезде ол терезесіне еңгізілген процедура дайындамасы көрсетілген. Оқиғаға байланысты құрылатын процедура Оқиғаны өңдуіш не өңдеу процедурасы делінеді. Процедура дайындамасының жазылу түрі:
Procedure <атау> (Sender:TObject);
<сипаттау бөлімі>
begin
<процедура денесі>
еnd;
Мұндағы: Sender- құрылатын процедураның қай класқа тиістілігін анықтайтын параметр.
Терезенің сол бөлігінде –браузер терезесі.
Онда код терезесінде барлық жариялаулардың құрылым көріп шығуға болады.
- Берілгендерді еңгізу және шығару. InputBox функциясы ShowMessage процедурасы. Типті түрлендіру функциялары.
Delphi -де айнымалы мәнің еңгізу үшін меншіктеу командасын, еңгізу терезесін не форманың Edit компонентің өрісін пайдалану мүмкін.
Delphi -де нәтижені ShowMessage процедураның терезесіне шығаруға болады. Процедураның жазылу түрі:
ShowMessage(FloatStr(S));
ShowMessage(FloatTostrF(S,ffgeneral,7,3));
Жүйе соңғы операторды оқып шығып, 7 цифрдан тұратын нақты санды символдық типте
ShowMessage терезесінде көрсетеді.
Delphi-де хабарламаларды өңдеу тізбегі
Delphi-дің барлық класстарында хабарлама өңдеушілер деп аталатын кіріктірілген хабарламаларды өңдеу механизмі бар. Класс қандай-да бір хабарлама алады және алынған хабарламаға байланысты белгілі бір әдісті шақырады. Егер сәйкес әдіс анықталмаған болса, онда үнсіз келісім бойынша берілген өңдеушіні шақырады.
Хабарлама алынған соң VCL хабарламалар жүйесі оны өңдеу бойынша алдын ала үлкен жұмыстар атқарады.
Алдымен хабарлама TApplication.ProcessMessage әдісімен өңделеді, ол оны хабарламалардың негізгі циклынан таңдап алады. Мұнда FOnMessage өрісінің мазмұнын тексереді (OnMessage оқиғасында өңдеушінің бар-жоқтығын тексереді) және егер ол бос болмаса, онда осы оқиғаның өңдеушісін шақырадды, ал егер өріс бос болса (Nil), онда API DispatchMessage(Msg) функциясын шақырады. Хабарламаны өңдеу кезінде бұл болмайды.
Егер OnMessage хабарлама өңдеушісі анықталмаған болса, онда алынған хабарламаны өңдеу үшін API DispatchMessage функциясын шақырады, ол хабарламаны терезенің негізгі процедурасына береді.
Delphiде әрбір компонент терезесі үшін басты виртуалды емес әдіс MainWndProc(Var Message: TMessage) шақырылады. Ол Windows –тан хабарлама құрылымын WindowProc қасиетінде анықталған виртуалды әдіске бере отырып, ерекше жағдайларды өңдеу блогын қамтиды
Delphi компоненттерінің хабарламаларды өңдеуі
Барлық хабарламалар алғашқыда мекен-жайы WindowProc қасиетінде көрсетілген әдіс арқылы өтеді. Үнсіз келісім бойынша ол WndProc әдісі. Осыдан кейін олар өздерінің хабарламалар әдістері бойынша бөлініп, жөнелтіледі.
• WindowProc қасиеті келесі түрде жарияланған:
Туре TWndMethod=Procedure(Var Message: TMessage) Of Object;
Property WindowProc: TWndMethod;
Шындығында WindowProc қасиетін қолдана отырып, TWndMethod типті әдіс жасауға болады, және бастапқы әдісті жасалған әдіске уақытша ауыстыруға болады. Дегенмен, WindowProc қаситеніде әдістің мекен-жайы сақталмайтындықтан, онда алдын-ала WndProc бастапқы әдісінің мекен-жайын оны соңынан қалпына келтіру үшін сақтап қоюға болады.
OldWndProc: TWndMethod;
procedure NewWndProc(var Message: TMessage);
procedure TForm1.NewWndProc(var Message: TMessage);
var Ch: char;
begin
if message.Msg= WM_MOUSEMOVE then begin
Edit1.Text:=’x=’+inttostr(message.LParamLo)+’, y=’+inttostr(message.LParamHi);
end
else WndProc(Message);
end;
procedure TForm1.FormCreate(Sender: TObject);
begin
OldWndProc:=WindowProc;
end;
procedure TForm1.CheckBox1Click(Sender: TObject);
begin
If CheckBox1.Checked then WindowProc:= NewWndProc
else WindowProc:= OldWndProc;
end;
Дәріс №15. Оқиғаларды құру. VCL хабарламаларын өңдеу. Хабарламаларды өңдеу циклдарын басқару.
Хабарламалар мен оқиғалар арасындағы байланыс.
көптеген VCL оқиғалары Delphi-де тікелей Windows хабарламаларымен байланысты. Delphi-дің анықтамалық жүйесінде осы сәйкестіктер көрсетілген. Келесі кестеде олар көрстеіледі.
Кесте 1
VCL оқиғасы
|
Windows хабарламасы
|
VCL оқиғасы
|
Windows хабарламасы
|
OnActivate
|
WM_ACTIVATE
|
OnKeyPress
|
WM_CHAR
|
OnClick
|
WM_LBUTTONDOWN
|
OnKeyUp
|
WM_KEYUP
|
OnCreate
|
WM_CREATE
|
OnPaint
|
WM_PAINT
|
OnDblClick
|
WM_LBUTTONDBLCLK
|
OnResize
|
WM_SIZE
|
OnKeyDown
|
WM_KEYDOWN
|
OnTimer
|
WM_TIMER
|
Егер олар үшін алдын ала анықталған оқиға болмаса, хабарламла өңдеушілерін құруға болмайды. Мұндай жағдайларда оқиға өңдеуді қолдану керек, себебі оларға аз шектеу қойылады.
Дәріс №16. Алып тастаулар үзінділерінің құрылымы. Алып тастауларды кұру. Алып тастауларды генерациялау. Алып тастауларды өңдеу.
Қандай-да бір қолданба жасай отырып, сіз қойылған есепті шешетін код жазуыңыз керек және қателіктің бар-жоғын тексеретін код жазуыңыз керек. әдетте қателіктің бар-жоғын тексеретін код if операторының негізінде құрылады.
Көбінесе if операторы пайдаланушы енгізген мәліметтерді тексеру үшін және функциялардың орындалуын тексеру үшін қолданылады. Қарапайым алгоритмдерде if операторын қолданумен шектелуге болар еді, дегенмен пайдаланушының графикалық интерфейстері бар программаларда, пайдаланушының толық әрекет еркіндігі болғандықтан қателік кез-келген жерден және кез-келген уақытта болуы мүмкін. Қолданбаны қорғау үшін тек if операторын қолдану жеткіліксіз.
Қателіктерді табу және оларға жауап қатумен алып тастауларды өңдеу механизмдері жұмыс істейді. Егер Delphi-дің көмегімен жазылған қолданбаларда қателік туындаса, онда қолданба автоматты түрде алып тастауды генерациялайды. Алып тастау – туындаған қателікті сипаттайтын нысан болып табылады.
Алып тастауды генерациялау қолданбаның алып тастау нысанын жасап, қателікті болық сипаттағанын білдіреді.
Егер біз алып тастауды өңдемесек (яғни қателікті табу үшін арнайы код дайындалмаса), онда қолданба мұны автоматты түрде өзі жасайды. Delphi-де қорғалған блок төмендегідей көрінеді:
try
Оператор (-ы) ;
except
end;
алып тастауларды генерациялайтын операторлар try блогында жазылады, ал алып тастауларды өңдеушілерде алып тастауларды өңдеумен айналысатын код жазылады, алып тастауларды өңдеуші қорғалған блоктың бөлігі болып табылады, жәнеDelphi-де except резервтелген сөзінен басталады. в Delphi.
Листинг 1. Delphi-де алып тастауларды тосып алу
01.procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);
02.var
03.x: Integer;
04.begin
05.try
06.x := StrToInt(Edit1.Text);
07.except
08.ShowMessage('An error occurred.');
09.end;
10.end;
Листинг 2. Екі санды бөлу
01.procedure TForm1.Button2Click(Sender: TObject);
03.var
04.Num1: Integer;
05.Num2: Integer;
06.begin
07.Num1 := CustomStrToInt(Edit1.Text);
08.Num2 := CustomStrToInt(Edit2.Text);
09.ShowMessage(IntToStr(Num1 div Num2));
10.end;
Листинг 3. Арнайы алып тиастауларды өңдеу
procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);
var
Num1: Integer;
Num2: Integer;
begin
try
Num1 := StrToInt(Edit1.Text);
Num2 := StrToInt(Edit2.Text);
ShowMessage('Result: ' + IntToStr(Num1 div Num2));
except
{ Handle the EConvertError exception }
on EConvertError do
ShowMessage('One of the values is invalid.');
on EDivByZero do
begin
ShowMessage('This value can''t be 0.');
Edit2.Text := '1';
Edit2.SetFocus;
end; // Завершение конструкции
on EDivByZero do end;
end;
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮРГІЗУГЕ
АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Зертханалық жұмыс №1
Тақырыбы: Delphi программалау ортасымен танысу
Мақсаты: Delphi ортасының жұмысына жалпы сипаттама
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:
Компьютер, Delphi программалау ортасы
Теориялық түсініктеме:
Delphi ортасы-программист жұмысының өте жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін орта.
Delphi ортасын шақырғаннан кейін ортаның жұмысын басқаратын алты негізгі терезе шығады. (1.1.-сурет).
-
негізгі терезе;
-
объектілер тармағының терезесі;
-
объектілер инспекторының терезесі,
-
броузер (көру) терезесі;
-
формалар терезесі;
-
программа кодының терезесі.
Программа кодының терезесін көру үшін Ғ12 клавишін басу жеткілікті. Delphi-ді алғаш шақырғаннан кейін «Delphi» терезесі барлық терезесінің үстіне шығады. Осы терезенің көмегімен Inprise коорпарациясының WEB –беттеріне кіруге мүмкіндік туады.
1
4
2
5
3
6
1.1–сурет. Delphi ортасының интерфейсі.
Негізі терезе. Негізгі терезе құрылатын программаның жобаларын басқаратын негізіг қызметті атқарады. Бұл терезе экранда барлық уақытта болады және ең жоғарғы бөлігінде орналасады. Негізгі терезеде . Delphi ортасының бас менюі, пиктографиялық командалық батырамалар жиынтығы, компоненттер палитрасы орналасқан.
Бас меню жобаны басқаруға арналған барлық қажеті командалардан тұрады. Бас менюдің барлық опциялары екінші деңгейде ашылатын опциялар тақырыбын қамтиды.
Бас терезенің барлық элементтері арнайы панельдерінде орналасқан, оның сол жақ бөлігінде басқару батырмалары бар. Бас менюден басқа кез келген панельді терезеден алып тастауға болады.
Панельде көрінетін батырмалардың құрамын өзгерту үшін оған курсорды келтіріп, тышқанның оң жақ батырмасын басу жеткілікті. Бұдан кейін ашылған көмекші меню терезесінде барлық паенльдердің аттары келтірілген және олардың статусы көрсетілген (жалаушалар). Олардың ішінен Customize –ды (настройка, баптау) таңдағанан кейін баптау терезесі пайда болады. Енді қажет емес батырмаларды алып тастауға да болады, Commands терезесіндегі тізімнен қажетті батырмаларды таңдап, оны экранға тасып апаруға болады.
Негізгі терезеге жиі пайдаланатын пиктограммаларды ораластырған ыңғайлы: Project\Syntax Chek -программа командаларының синтаксисін тексеру; View\Debug Windows\Watches –отладкалық режимді бақылау терезесіне кіру және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |