103
Мұндай макростар программалық кодты С тілінен С++
тіліне немесе кері
бағытта ауыстыру кездерінде қолданылады.
_DATE_
-
ағымдағы мерзімді
ай күн жыл форматында сақтайтын
тіркесті береді, мысалы:
printf(" Компиляция мерзімі – %s \n",
_DATE_);
_FILE_-
ағымдағы файлдың толық аты сақталған тіркесті береді.
_LINE_-
бастапқы мəтіннің ағымдағы жолы.
_TIME _-
ағымдағы уақыт, мысалы:
printf("%s файлында қате бар \n Компиляция уақыты:
%s\n", _FILE_, _TIME_);
Идентификаторлардың əрекет ету аймақтары
Əрбір программалық объектінің түрі мен
жариялану орнына байланысты
өзіндік əрекет ету аймығы болады. Келесідей əрекет ету аймақтары болуы
мүмкін: блок, файл, функция, функцияның прототипі, класс жəне атау берілген
аймақ.
Блок. Блок ішінде сипатталған идентификаторлар жергілікті (локал-
ды) болып табылады. Идентификатордың əрекет
ету аймағы оның анықталу
нүктесінен басталып, блок соңында аяқталады, көріну аймағы – блок жəне
оның ішкі блоктары, өмірлік кезеңі – осы блоктан
шыққанға дейінгі мерзім
болып саналады. Блоктан шыққаннан кейін жады босатылады.
Файл. Кез келген блоктан, функциядан, кластан немесе атаулар кеңістігінен
тыс сипатталған идентификаторлардың көріну аймағы ауқымды (глобалды) бо-
лып
саналады, өмірлік кезеңі тұрақты болады жəне олар анықталу уақытынан
бастап қолданылуы мүмкін.
Функция. Əрекет ету аймағы функцияның іші ғана болып табылатын
идентификатор – ол оператор белгілері (label) ғана болып табылады. Бір функ-
ция құрамындағы белгілер əртүрлі
болуы тиіс, бірақ олар басқа функциялар
ішіндегі белгілермен сəйкес келуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: