#include
int main(){
int i;
printf("Бүтін сан енгізіңіз\n"):
scanf("%d", &i);
printf("Сіз %d санын енгіздіңіз, рахмет!", i);
return 0;
}
Бұл программаның бірінші жолы – препроцессор директивасы, ол про-
граммада қолданылған енгізу/шығару функцияларының сипаттамалары
орналасқан
тақырыптық файлын программа мəтініне кірістіреді
(бұл жердегі бұрыштық жақшалар тілдің элементі болып табылады). Препро-
цессор директиваларының барлығы да
#
белгісінен басталады.
Үшінші жолда бүтін типті
і
айнымалысының сипаттамасы берілген. Ай-
нымалылар 22 б. қарастырылған.
Төртінші жолдағы
printf
функциясы «Бүтін сан енгізіңіз» мəтінін
экранға шығарады да,
\n
басқару тізбегіне сəйкес курсор жаңа жолға көшеді.
Келесі
scanf
функциясы пернетақтадан енгізілген бүтін санды
і
айныма-
лысына меншіктейді (
&
белгісі адресті алу операциясын білдіреді), ал келесі
оператор берілген тіркес құрамындағы түрлендіру спецификациясын осы
санның мəніне алмастырып, осы тіркесті экранға шығарады. С тілі стиліндегі
енгізу/шығару операциялары «Енгізу/шығару функциялары» бөлімінде (92 б.)
қарастырылған.
Жоғарыда қарастырылған мысал үшін C++ кластар кітапханасын пайдала-
ну программасы келесідей түрде жазылады:
#include
int main(){
int i;
cout << "Бүтін сан енгізіңіз\n";
cin >> i;
cout << "Сіз " << i << " санын енгіздіңіз, рахмет!";
return 0;
}
Мұндағы
тақырыптық файлы енгізу/шығаруды басқаруға
арналған кластар жиынының сипаттамасын қамтиды. Мұнда мəліметтерді
пернетақтадан енгізуге арналған
Достарыңызбен бөлісу: |