Қызметтік деңгей. Программалық жасақтаманың бұл деңгейі базалық деңгейдегі программалармен де, жүйелік деңгейдегі программалармен де тыгыз байланыста болады. Қызметтік программалар дербес компьютерлік жүйені тексеру, баптау және жөндеу жұмыстарын автоматтандырады. Сонымен қатар олар жүйелік программалардың қыз- метін жақсарту және кеңейту үшін қолданылады.
Өндеуде және қызметтік программаларды пайдалануда екі таңдаулы баыт бар: амалдық жүйемен біріктіру жэне автономды жұмыс жасау. Бірінші жағдайда қызметтік программалар жүйелік программаның тұтынушылық құрамын тэжірибелік жұмысқа өте ыңғайлы етіп өзгерте алады. Екінші жағдайда олар жүйелік программалық қамсыздануымен әлсіз байланысқан, бірақ қолданушыға аппараттық және программалық қамсыздануы мен олардың өзара әрекеттесуін дербес күйге келтіру үшін көп мүмкіндік береді.
Қолданбалы деңгей. Қолданбалы программалардың көмегімен өндірістік, шығармашылық, оқыту және т.б. мақсатта нақты жүмыстар атқарылады. Қолданбалы программалық құралдарға мәтіндік редакторлар, мәтіндік процессорлар, графиктік редакторлар, электрондық кестелер, мәліметтер базасын басқару жүйелері, автоматтандырылған жо балау жүйелері, баспахана жүйелері, web-редакторлар, браузерлер және т.б. жатады.
Дербес компьютерге арналған программалық жасақтамаларды функционалдык қызметтеріне байланысты төмендегідей түрлерге бөледі:
Жүйелік программалық жасақтама — дербес компьютерді пайдалану мен техникалық қызмет етуге, есептеу жұмыстарын ұйымдастыру мен қолданбалы программалар әзірлеуді автоматтандыруға арналған программалық жасақтама. Амалдық жүйе және программалау жүйесі жүйелік программалық жасақтаманың негізгі бөліктері болып табылады. Аймақтық, мемлекеттік жэне ғарыштық жүйелердің алуан түрлерімен бірге олардың сәулеттік формасын, жұмыс істеу тәсілдерін, қоршаған ортаға әсерін және адамдық фактордың қатысуын қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |