Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі



бет5/7
Дата20.09.2022
өлшемі123.5 Kb.
#460965
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7
Программалы амтамасыз етуді жалпы сипаттамасы ж не жіктелуі

Амалдық жүйе (АЖ) — құжаттар мен амалдар орындауға арналған, сыртқы құрылғыларды және программаларды басқаруды жүзеге асыратын программалар жиынтыгы. АЖ программалар жүйесінің компьютердің мәліметтерді өңдеу жөніндегі бүкіл жұмысын, пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастырады, компьютердің құрылғыларын және қор көздерін басқарады, мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді, пайдаланушы мен программалар сұратуы бойынша түрлі қызметтерді атқарады және т.б.
Амалдық жүйе болмаса, қазіргі заманғы компьютердің жабдықтары мен программа- ларына қатынасу мүлде мүмкін емес. Барлық аппараттық, сонымен қатар программалық жабдықтар пайдаланушыға тек амалдық жүйе арқылы ганаұсынылады. Дербес компьютерлерде тілдесудің екі түрін (әмірлік және терезелік) көруге болады. Әмірлік тілдесуі бар амалдық жүйелерге MS DOS жатады. Компьютермен дұрыс жұмыс істей алу үшін қолданушы MS DOS амалдық жүйесі бойынша том-том нүсқаулықтарды оқып шығуы қажет болатын.
Терезелік тілдесу Windows сияқты, компьютермен тек бір құрылгы (тінтуір) арқылы ғана қатынас жасауға болатын амалдық жүйеде жүзеге асырылған. Бұнда компьютермен қатынас жасау үшін тек бейне беттен сызбалық кескін түрінде ұсынылған қажетті әрекеттерді таңдаған жөн.
Windows амалдық жүйесінің пайдаланушы тілдесуінің негізгі элементтеріне мына нысандар жатады: жұмыс үстелі, терезелер, лақаптар, батырмалар, үстелдер, мәзірлер, қалталар, қосымшалар және құжаттар.
Терезелік тілдесуді меңзерді нысан үстіне апарған кезде қалқып шығатын түсініктемелер, сондай-ақ тінтуірдің оң жақ пернесін Windows амалдық жүйесі нысанының үстінде шерткен кезде пайда болатын контекстік мәзірлер өте үғынықты етеді.
Қызметші (сервистік) программалар — әрбір адамның амалдық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы. Қолданбалы программалар арқылы біз өз есептерімізді шығарамыз. Мұндай программалар «қосымшалар» (приложения) деп те аталады. Қолданбалы программалар сан алуан, оларға қарапайым программадан бастап күрделі есептерді шығара алатын қуатты мамандандырылған жүйелерді (мәтіндік процессор, графикалық редактор, баспаханалық жүйелер, т.б.), ғылыми мәселелерге және жалпы көпшілікке арналған қызмет ету кешендерін де жатқызуға болады.
Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттер болып табылады. Оларға мысал ретінде антивирустік (вирустерге қарсы) программаларды, мәліметтерді мұрағаттау (қысу) программаларын, компьютердің жұмыс істеу қабілетін тексеретін (диагностика) программаларды (тест программалары) айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет