Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі


Аспаптық программалық жасақтама (АПЖ)



бет6/7
Дата20.09.2022
өлшемі123.5 Kb.
#460965
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7
Программалы амтамасыз етуді жалпы сипаттамасы ж не жіктелуі

Аспаптық программалық жасақтама (АПЖ) — бұл дербес компьютерге қажетті программаларды құруға немесе өзгертуге арналған программа пакеттері. Оларға мысалы, Турбо Паскаль программалау тілін алуға болады.
Қазіргі заманның программалау жүйелері жаңа программаларды құруға программалаушыға мүмкіндігі жоғары және ыңғайлы құралдарды ұсынады. Программа- ны түрлі тәсілдер бойынша құруға болады. Оған қойылатын негізгі талап — оның сапалы және қолданушыға түсінікті болуы.
Қолданбалы программалық жасақтама (ҚПЖ) — әртүрлі мәселелік аумақтардағы қолданбалы есептерді шешуді жасақтайтын жеке қолданбалы программалар мен қолданбалы программалар дестелерінен (ҚПД) тұратын программалық жасақтама бөлігі. Оның құрамына төмендегідей ҚПЖ кіреді:

Жалпы мақсаттағы қолданбалы программалық жабдықтар құрамына әртүрлі қолданбалы есептерді шешуге жиі қолданылатын программалық құралдар енеді, олар: мәтіндік редакторлар мен процессорлар; графикалық редакторлар; электрондық кестелер (ЭК) процессорлары;

  • мәліметтер қорын басқару жүйелері;

  • электрондық тұсаукесерлер және т.с.с.

Мәселелік бағытталған қолданбалы программалық жабдықтар — белгілі бір саладағы есептерді жүзеге асыруға мамандандырылған программалық құралдардың жиынтығы. Мұндай программалық кұралдарға:

  • жобалауды автоматтандыру жүйелері (ЖАЖ);

  • таңбаларды айыру жүйелері;

  • статистикалық, қаржылық-аналитикалық жүйелер; ғылыми-зерттеу жүйелері.

Интегралданған ҚПЖ — қазіргі уақыттағы ҚПЖ-ның қарқынды және қуатты дамып жатқан бөлігі. Олар — көпфункционалды, бірнеше қолданбалы программалық жабдықтарды бір ресурстық қор негізінде жинақтап, нысандар деңгейінде әсерлесулерін жүзеге асыратын дестелер (Lotus Works, Microsoft Office жэне т.б.) тобы. Мыссиіы:Microsoft Office ортасын алатын болса, онда Microsoft Office Word — мәтіндік процессор, Microsoft Office Excel — электрондық кесте процессоры, Microsoft OfficePowerPoint — тұсаукесер жасау редакторы, Microsoft Office Access — мәліметтер базасын құру процессоры сияқты бірнеше қолданбалы программаларды қамтиды.
Сонымен, қорыта келгенде 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет