14-бап. Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалау
Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру кезінде прокурор:
1) осы Заңның 6-бабының 3 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларда сот орындаушысы әрекеттерінің заңдылығын тексереді;
1-1) заңда белгіленген жағдайларда сот орындаушыларының қаулыларын санкциялайды;
2) заңда белгіленген жағдайларда сот орындаушысының іс жүргізуінен атқарушылық құжатты алады және оны басқа сот орындаушысына беру үшін "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аумағы бойынша тиісті әділет органына немесе жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына береді;
3) заңда көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.
Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
15-бап. Жазаларды орындаудың және мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге де шараларын қолданудың заңдылығын қадағалау
1. Жазаларды орындаудың және мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге де шараларын қолданудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру кезінде прокурор заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) ұстап алудың, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, арнайы мекемелерде және гауптвахталарда күзетпен ұстаудың заңдылығын;
2) ұстап алынғандардың, күзетпен ұстаудағы және қылмыстық жазасын өтеп жатқан адамдардың құқықтарының, оларды ұстау жағдайларының сақталуын, сондай-ақ аталған адамдардың өздеріне заңмен жүктелген міндеттерді орындауын;
3) бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаны орындаудың заңдылығын тексеруді жүзеге асырады.
2. Қадағалауды жүзеге асыру кезінде прокурор:
1) бас бостандығынан айыру орындарына және жазалар мен мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге де шараларын орындайтын басқа да мекемелерге тексеру мақсатымен кез келген уақытта баруға;
2) жазаларды орындайтын мекемелер әкімшілігінің актілерін заңда белгіленген жағдайларда келісуге;
3) күзетпен ұстаудағы, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдарға заңды бұза отырып қолданылған тәртіптік жазалар мен көтермелеулердің күшін жоюға, өзінің қаулысымен оларды тәртіптік изолятордан, жалғыз адамдық камерадан босатуға;
4) заңда көзделген өзге де өкілеттіктерді орындауға құқылы.
16-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының сақталуын қадағалау
Достарыңызбен бөлісу: |