Прокуратура туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 30 маусымдағы №81-vі қРЗ


Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының сақталуын қадағалауды жүзеге асыру кезінде прокурор



бет8/21
Дата15.09.2022
өлшемі46.1 Kb.
#460786
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Прокуратура туралы заң

1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының сақталуын қадағалауды жүзеге асыру кезінде прокурор:
1) Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысуға;
2) ұстап беру, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек, сотталғандарды және психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды беру туралы, сондай-ақ шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын заңнамада белгіленген тәртіппен жасасуға;
3) ұстап беру, бас бостандығынан айыруға сотталғандарды одан әрі жазасын өтеу үшін беру, сондай-ақ психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды мәжбүрлеп емдеу жүргізу үшін беру туралы, адамдар транзиті, процестік әрекеттерді жүргізу жөніндегі тапсырмаларды жіберу және орындау туралы өтінішхаттарды қарауға;

4) шет мемлекеттердің құзыретті органдарында қылмыстық қудалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіруге;


5) заңда және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындауға құқылы.
Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 07.07.2020 № 361-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
17-бап. Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау
Прокуратура "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, осы Заңда және өзге де заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалауды жүзеге асырады.
3-тарау. СОТТА МЕМЛЕКЕТ МҮДДЕЛЕРІН БІЛДІРУ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУ
18-бап. Сотта мемлекет мүдделерін білдіру
Прокуратура Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік, азаматтық процестік заңнамасында және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен сотта мемлекет мүдделерін білдіреді.
Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.06.2020 № 351-VI Заңымен (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет