Прокуратура туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 30 маусымдағы №81-vі қРЗ



бет11/21
Дата15.09.2022
өлшемі46.1 Kb.
#460786
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Прокуратура туралы заң

24-бап. Наразылық
1. Прокурор Конституцияға, заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің актiлерiне және Республика ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келетiн нормативтiк және өзге де құқықтық актiлерге және мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) наразылық келтіреді.
2. Заңнамалық актілер, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Президентi Әкімшілігінің, Конституциялық Кеңестің актілері, Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары, Жоғары Сот Кеңесінің, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің (жүргізілген тексеріс қорытындылары бойынша) актілері, техникалық сипаттағы нормативтік актілер прокурорлардың наразылық білдіруіне жатпайды.
3. Наразылық заңсыз актіні, шешімді қабылдаған органға немесе лауазымды адамға, немесе жоғары тұрған органға не жоғары тұрған лауазымды адамға келтіріледі. Органның немесе лауазымды адамның заңсыз әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) наразылық осындай тәртiппен білдіріледі.
4. Прокурордың наразылығын тиiстi орган немесе лауазымды адам күнтізбелік он күн ішінде қарауға тиiс.
Наразылық бойынша шешім дайындау және қабылдау қажеттілігіне байланысты прокурор оны қараудың өзге де мерзімін белгілеуге құқылы, бірақ бұл күнтізбелік он күннен кем болмауға тиіс.
Орган немесе лауазымды адам наразылықтың қаралатын уақыты мен орны туралы прокурорды хабардар етуге міндетті.
5. Прокурор наразылықта заңсыз актiнiң күшiн жоюды не оны Конституцияға, заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және Республика ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес келтiрудi, сондай-ақ лауазымды адамның заңсыз әрекетін (әрекетсіздігін) тоқтатуды және бұзылған құқықты қалпына келтiрудi талап етедi.
6. Орындалуы физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өздерін қорғауды дербес жүзеге асыра алмайтын адамдардың, шектелмеген адамдар қатарының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзуға, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас зардапқа алып келсе не алып келуі мүмкін болса, Бас Прокурор, Бас Прокурордың орынбасарлары, облыстық және оларға теңестірілген прокурорлар наразылық келтірілген құқықтық актінің не әрекеттің орындалуын наразылық бойынша шешім қабылданғанға дейін тоқтата тұруға құқылы.
7. Заңды күшіне енген сот актілеріне наразылық келтіру негіздері, тәртібі, мерзімдері, сондай-ақ олардың орындалуын тоқтата тұру қылмыстық-процестік, азаматтық процестік заңнамада және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада айқындалады.
Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2021 № 62-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
25-бап. Санкция
1. Прокурор заңда белгіленген жағдайларда құқықты шектейтін сипаттағы жекелеген әрекеттерді жасауға, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді алуға санкция (келісім) береді.
2. Санкция (келісім) беруді не оны беруден бас тартуды прокурор санкция сұратуға негіз болған материалдар зерделенгеннен кейін лауазымды адамның қаулысына бұрыштама және қол қойып ресімдейді.
Санкция (келісім) беруден бас тартылған жағдайда оның себептері мен негіздері көрсетіледі.
Санкция (келісім) беру электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамаға сәйкес электрондық цифрлық қолтаңба арқылы да куәландырылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет