Жабысқақтық неврозы
Жабысқақтық невроз дегеніміз- бҧл науқастарда еркінен тыс жабысқақ
ойлар, қорқыныштар, қимылдар пайда болуымен жҥретін невроз формасы,
олар науқас ҥшін жат, бірақ олардан арыла алмайды.
Психопатологиялық
кӛріністердің
қайсысының
басым
болуына
байланысты жабысқақ невроздың 3 тҥрін ажыратады: обсессивті, фобиялық
және жабысқақ - компульсивті.
Невроздың обсессивті түрінде науқастар жабысқақ естеліктерге
(фамилияларды, жағымсыз ситуацияларды естеріне алады), елестерге (ӛз
~ 192 ~
басынан ӛткен жағымсыз оқиғалар, кітаптардан немесе ӛзге кӛздерден
алынған ӛзіне таныс оқиғалар) шағымданады. санақ терезенің этаждың
және
т.б.)
кӛріністерге
шағымданады.
Ауру
осы
психикалық
қҧбылыстардың бӛтендігін тҥсінеді, бірақ олардан арылуға дәрменсіз. Олар
қандай-да бір әрекетті толық орындауға кедергі жасайды, қажытады.
Жабысқақтықтар ҥнемі күмәнданулармен де кӛрініс береді. Науқастар
орындаған істерінің шындығына сенімсіз, есікті жапты ма, жарықты
сӛндірді ме, ҥйден шыққанда газды сӛндірді ме және т.с.с. қайталап кӛп рет
тексереді.
Науқас П., 28 жаста, слесарь. Алғашқы жҥктіліктен дҥниеге келген. Ӛз жасына сай
дамып, ӛскен. Балалық шағында балалар инфекциясымен ауырған. Психикалық
аурулармен тҧқымқуалаушылық ауырлығы жоқ. Әкесі мінезі бойынша жҧмсақ, анасы-
ҧялшақ, кӛңілшең, ренжігіш. Науқас мінезі бойынша педант, ҧқыпты, қарым-қатынаста
ашық, бір істен екінші іске ауысуы қиын. Мектепке 7 жасында барған, жақсы оқыған.
Сабақ кезінде ӛзінің шешімдерінің дҧрыстығына кҥмәнді болған. 10-сыныпты бітіріп,
слесарь болып жҧмысқа орналасқан. Жҧмысына жоғары жауапкершілікпен қараған.
Кезекті жиналыста цех бастығы, жҧмысқа деген жауапсыздық нәтижесінде кӛрші цехта
тӛтенше оқиға болғанын айтқан. Артынан ол адамдардың қатаң жаза алатындығын
айтқан. Жҧмыстан кейін науқаста, станокты сӛндірдім бе жоқ па деген сезікті ой пайда
болады. Ҥйіне жете бере, ол станокты тексеру ҥшін, жҧмысқа қайта оралуға мәжбҥр
болған. Осындай ойлар кҥнде қайталанып отырған, ол онымен кҥресуге тырысқан, бірақ
нәтижесіз. Кей уақыттарда аса тітіркенгіштік, ашушаңдық танытқан.
Стацианарға тҥскенде науқаста аздап ҥрейшілдік байқалды. Жҧмыс орны, жанҧясы
туралы кӛп кҥйзеліп, ойланады. Науқас ӛзінің істеген істерінің дҧрыстығына ҥнемі
кҥмәнданатындығына, одан арыла алмайтындығына шағымданады. Ӛз кҥмәнінің
негізсіздігін біле тҧра бірнеше рет оларды тексеруге мәжбҥр екендігін айтады. Науқас ӛз
кҥйіне сын кӛзқараспен қарайды, оның қажу жағдайына байланысты екендігін тҥсінеді.
Дәрілік және психотерапиялық емнен кейін жағдайы жақсарды. Жҧмысына
шығарылды.
Жабысқақтық невроздың фобиялық нҧсқасының клиникалық кӛрінісінде
басты рӛл қорқыныштарға (фобияларға) тән. Олардың ішінде ең кең
тарағаны ауыр соматикалық және инфекциялық ауруларға шалдығу
қорқынышы: миокард инфарктымен, қатерлі ісікпен, мерезбен және т.б.
Науқас ӛз ойының дҧрыс емес екенін тҥсінеді, бірақ олардан арыла
алмайды, және белгілі бір жағдайларда осы ойлар оны қатты толқытады.
Кардиофобиямен науқасты лық толы автобус ішінде, метрода, тар
жерлерде инфаркт пайда болады деген қорқыныш және сенім баурайды.
Жҥрек
аймағынан
жағымсыздықты
сезінгенде
(соматовегетативтік
реакциялар), дер кезінде медициналық қызмет кӛрсете алмайды деген
кҥмән пайда болғанда науқас қорқынышы кҥшейеді.
Науқас Л., 32 жаста, инженер. Нашар ҧйқыға, тез шаршайтындығына,
ӛлімнен қорқынышқа, тәбетінің жоқтығына шағымдар айтады. Тҧқым қуалаушылық
ауырлығы жоқ. Әкесі ашушаң, тітіркенгіш, алкогольді шектен тыс қолданады,
балаларының кӛзінше жанжал кӛрсетеді. Балалары қорқыныштан ҥндемейтін болған,
науқастың айтуы бойынша «қорқыныш бҥкіл денесін баураған». Шешесі момын,
ҥндемейтін, мейірімді, әкесіне бағынышты жан болған. Балаларымен жақсы қатынаста
болған, мҥмкіндігінше оларды еркелетуге тырысқан.
~ 193 ~
Науқас мінезі бойынша сезімтал, әсершіл, тҧйықтау. Екі ағасымен ӛсіп, оларды бағып-
кҥткен. Сегіз сыныпты және индустриальды техникумды бітірген. Кҥйеуде болған,
артынан ажырасып кеткен. Бес жастағы ҧлы бар. Шешесі және ағасымен бір пәтерде
тҧрады. Жанҧясында ҧрыс-керіс жиі болады, ағасы арақ ішіп, ҧлына нашар ықпал етуде.
Науқас ол ҥшін кӛп кҥйзеледі, ағасымен бірнеше рет әңгімелескен, бірақ ол ешқандай
нәтиже бермеген. Ӛзінің ашушаң, тітіркенгіш болып кеткендігін байқаған. Жҧмыс
уақытында ҥй жайлы кӛп ойлаған, осы жағдайлар баласының тәрбиесіне кері әсерін
тигізеді деп кҥйзелген. Ӛзі ҥйде болмағанда ағасы оның баласына зақым келтіреді деп
қорыққан. Бір кҥні жҧмыс уақытынының соңында, ҥйінде бір жаман жағдай
болатындай сезінген. Жауапты жҧмыс болғандықтан, жҧмысын тастап кете
алмаған. Кеудесінде жайсыз сезім туып, қалтырап, жҥрегі тоқтап қалатындай болған.
Терапевтке қаралып, амбулаторлы ем қабылдаған. Терапевт жҥрек-қан тамырлары
жҥйесі тарапынан органикалық бҥзылыстар таппаған. Екі кҥннен кейін осы жағдай
қайталанған. Невропатологқа қаралған, ол оны психиатрға жолдаған. Тағайындалған
емді кҥнделікті қабылдамаған. Жағдайы нашарлаған: қалалық транспортта жҥруге, ҥйде
жалғыз қалуға қорыққан. Осындай ҧстама кезінде жедел жәрдем шақырған. Ӛз
кҥйзелістерінен шыға алмаған. Осындай ҧстама тамақ ішіп отырған кезде де байқалған,
осы жағдайдан кейін тамақты абайлап ішіп, кейде тамақ ішуден бас тарқан. Ӛз бетімен
психиатрға қаралып, стационарлық емге жолданған.
Психикалық жағдайы: әңгімелескенде толқиды, шамалы тҧтығады, ӛз жағдайы
жайлы жақсы әңгімелейді. Жҥрегі тарапынан кҥрделі бҧзылыс жоқ екендігін жоққа
шығармайды. Бірақ бҧл сенімділік, ӛзіне шҧғыл жәрдем кӛрсете алмайтын жерлерде
жоғалып кетеді. Науқастармен жақсы араласады. Ҥйі туралы кӛп ойлайды, кӛмек
іздейді, ӛз дертінің болжамын сҧрайды. Дҧрыс ӛмір сҥруіне кедергі жасайтын
қорқыныштардан арылғысы келеді.
Ӛткізілген емнен кейін жағдайы жақсарған. Науқас сабырлы, бӛлімшенің ӛмір
барысына қызығушылық танытады, еңбек ҥрдісіне баулынды. Ӛз жағдайына сын кӛзбен
қарайды, қорқыныш сезінбейді.
Инфекциялық
ауруларға
шалдығу
фобиясымен,
мысалы,
сифилофобиямен науқастарда, таныс емес адамдармен жанасқанда, бӛтен
заттарды ҧстағанда ауру жҧғады деген терең қоқыныш баурап алады.
Осындай жағдайлардан кейін науқастар арнайы шара қолданады: киімін
дезинфекциялайды, қолын бірнеше рет қайталап жуады.
Жабысқақтық невроздың жабысқақты-компульсивті тҥрінде жағдай
контрасты идеялармен, әуестікпен және әрекеттермен анықталады.
Науқастың моральды ҧстанымдарына қарама-қайшы әрекеттер жасауға кҥшті
мотивсіз ойлар пайда болады. Анасында баласының басын ауыр затпен ҧрып
жаруға, оның кӛздерін ҥшкір затпен шҧқуға және т.б. ойлар пайда болады.
Науқастардың ойына қоғамдық орындарда ҧятты іс жасау тілегі келеді.
Кейбір науқастарда компульсивті невроз бастың жабысқақ қозғалыстарымен,
мимикамен және т.с.с. кӛрінеді. Шамалы уақытқа науқастар осы
қозғалыстарын және әрекеттерін тежей алады. Бірақ бҧл уақытта науқастарда
психикалық кернеліс сезімі байқалады.
Жабысқақтық невроздардың жоғарыда аталған нҧсқаларының іс
жҥзіндегі бӛлінулері біршама схемалық, шартты сипатта. Жиі ауру
кӛрінісінде обсессивті және компульсивті немесе фобиялық невроздардың
элементтері болады. Кейде олардың байланыстарының тығыздығы соншалық
бір нҧсқаны екіншісінен ажырату мҥмкін емес. Мысалы, науқаста ӛткір
~ 194 ~
заттарды кӛргенде қорқыныш туып, сол сәтте ӛз балаларын кескілеп
тастағысы келген.
Жабысқақ жағдайлар неврозы жағдайы басқа невроздарға қарағанда
созылмалы ағымда ӛтеді. Науқас аурудың ҧзақ ағымында ӛз дертін ӛршітетін
ситуациялардан алшақ жҥреді. Жалпы алғанда олардың симптоматикасы
бірқатар эволюция жасайды. Мысалы, бастапқыда фобиялар белгілі бір
жағдайларда, белгілі бір әрекетті орындау кезінде немесе орындау алдында
пайда болады. Жабысқақ қорқыныштар кейін олар жӛніндегі естеліктердің
ӛзінен пайда болады. Жабысқақ естеліктер баурап алушы қорқыныштарға
ауысады. Мысалы, науқаста қайтыс болған туысқанының тірілей жерленгені
туралы жабысқақ ойлар пайда болады. Науқасты осы жағдай қалай ӛткендігі
туралы ойлар жиі мазалайды. Ол тірілей жерленген туысқанының қалай
тҧншыққанын айқын кӛз алдына келтіреді. Ақырында осы ойлар аса
айқындалып, ҥнемі сипат алып, науқас ҥшін ӛте ауыр кҥйзеліс болып
табылады, ӛз әрекеттерінің орынсыздығын тҥсіне отыра, молаға қарай
жҥгіреді, бейітті қазуды талап етеді.
Невротикалық бҧзылыстардың негізінде пайда болатын сапасы жағынан
жаңа жағдайларға ритуалдар, «жамандықты қайтаруға» арналған тәсілдер
динамикасы айқын мысал бола алады. Жиі науқастарда қимылдық ритуалдар
дамиды (аяқпен жерді тепкілеу, қолдарымен ерекше қимылдар асау және
т.б.). белгілі бір сатыда қимылдық акттар ритуал сипатынан айрылады. Бҧл
ритуалдық әрекеттер қарсы бағытталған фобиялар жоғалған жағдайда
болады, бірақ қимылдық актілер қалып қалады, қимылдық жабысқақтықтарға
ауысады.
Достарыңызбен бөлісу: |