Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет118/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

 
12 Тарау
Невроздар 
Невроздар – ол психикалық жарақаттың әсерінен пайда болатын 
аурулар тобы, жалпы кҥйдің және әртҥрлі соматовегетативті 
функциялардың бҧзылуымен, эмоциональды тҧрақсыздықпен, қоршаған 
ортаға дҧрыс баға берудің жеткілікті сақталуымен және ӛзінің дертті кҥйін 
тҥсінумен жҥреді. Психикалық жарақат жедел эмоциональды стресспен 
немесе айқын емес, бірақ ҧзақ мерзімдік жағымсыз кҥйзелістермен, және де 
эмоциональды ажырау ситуациясымен байланысты болуы мҥмкін. 
 
Невроздардың клиникалық кӛріністері 
Невроздардың клиникалық кӛрінісі психикалық бҧзылыстарға ҧқсас 
тҥрде, және де невроз формасына тәуелді бҧзылыстар тҥрінде кӛрініс 
береді. Жалпы психопатологиялық кӛріністер ӛзін дҧрыс сезінудің 
бҧзылыстарын бейнелейді, және оларға сандырақтық идеялар
галлюцинациялар, интеллектуальды-мнестикалық бҧзылыстар және т.б. 
тәрізді психикалық бҧзылыстар тән емес. 
Невроздың клиникалық кӛрінісіне және мәніне оларды жеке аурулар 
тобына бӛлу уақытынан бастап ҥлкен эволюциядан ӛтті. Алғаш «невроз» 
терминін 1776 жылы Шотландия психиатры В.Куллен ҧсынды. Осы атаумен 
ол қызба жағдайы болмайтын сезім және қозғалыс бҧзылыстарын және осы 


~ 188 ~ 
функциялардың жергілікті немесе жалпы бҧзылыстарымен байланыссыз 
ауруларды суреттеп жазды. Ары қарай невроздардың клиникасы және 
оларға ықпал ететін факторлар анықтала тҥсті. Невроздардың 
клиникалық суретін және оның пайда болуындағы әртҥрлі факторлардың 
рӛлін бағалауда жарақаттық және әскери невроздар және т.б. себепші болды. 
Невроздардың пайда болу себептері әртҥрлі факторлардың комплексті 
әсерімен қарастырылды: әскери жағдайдың психогенді стрессі, жарылыс 
толқынының әсері және т.б. Бірақ ары қарай бақылау нәтижелері 
невроздардың дамуы тек психогенді факторлардың әсерімен байланысты деп 
кӛрсетті. 
Бірқатар жағдайларда невроздардың этиологиясын невроз бен 
психопатияның 
арасындағы 
ерекше 
қатынаспен 
байланыстырады. 
Психопатиялық тҧлғалар невроздар дамуына аса сезімталдық кӛрсетеді. 
Әрине, дисгармониялық қасиеттердің болуы невроз туындауына бейімдейді, 
дегенмен дисгармония белгілері жоқ адам қолайсыз, психожарақаттық 
жағдайлар әсерінен неврозға шалдығуы мҥмкін. 
Невроздың жалпы клиникалық белгілерінен науқастардың мынадай 
шағымдарын атап ӛтуге болады: негізсіз ҥреймен бірге ӛзін нашар сезіну, 
жоғары шаршағыштық, тҧрақсыз, кӛп жағдайда жабырқаулы кӛңіл-кҥй. ӛзін 
сезіну және кӛңіл-кҥй таңертеңгі уақытта кӛңілтоларлық, ал кешке 
нашарлайды. Мҧндай ӛзгерістерді науқас еңбекке қабілетті жағдайда да 
сезінеді. Олар физикалық және интеллектуальды жҥктемеден тез шаршайды. 
Бірақ демалғаннан кейін олар жҧмыстарын жалғастыра алады. Барлық 
науқастарға ҧйқы бҧзылысы тән. Олар жиі денесіндегі жағымсыз сезімге, 
ішкі мҥшелерінің функцияларының бҧзылуына шағымдар айтады. Бҧл 
сезімдер мен ауырсынулар сипаты соматикалық аурулардың белгілеріне 
ҧқсауы мҥмкін. 
Вегетативті бҧзылыстар вегетативті дистониялар және криздер тҥрінде 
кӛрінеді, бҧл жағдайда процеске вегетативті жҥйке жҥйесінің 
симпатикалық және қара бӛлімдері араласады. Әдетте дистония фонында 
қысқа уытты симпатоадреналдық, вагоинсулярлық немесе аралас криздер 
пайда болуы мҥмкін. 
Вегетативті бҧзылыстар қорқыныш, ҥрей, ипохондриялық және фобиялық 
бҧзылыстармен бірге жҥріп отырады. Жиі жҥрек қызметінің бҧзылуы 
байқалады: кардиологиялық синдром және жҥрек ритмінің ӛзгіруі, тыныс 
бҧзылыстары: дем тарту толымсыздығы, тыныс алу ритмінің бҧзылуы және 
ларингоспазм; асқазан-ішектік бҧзылыстар: ӛңештің тарылуы, анорексия, 
аэрофагия (ауаны жҧтып, кекіру) қҧсу, гастралгия (ауырлық, керілу сезімі). 
Жыныстық бҧзылыстар кездеседі: ерлерде – эрекция, эакуляция бҧзылысы 
және жыныстық әуестіктің тӛмендеуі, әйелдерде- жыныстық әуестіктің 
тӛмендеуі, аноргазмия, вагинизм. Жиі қозғалыстық бҧзылыстар байқалады: 
оғаш позамен ӛтетін ҧстамалар, астазия-абазия (жҥріп-тҧруы мҥмкін емес), 
гиперкинездер (бҥкіл дененің немесе бір бӛліктерінің дірілдеуі); бет 
бҧлшық еттерінің тиктары; дауыс байламаларының салы (афония, кейде 


~ 189 ~ 
мутизм); профессиональды дискинезиялар (жоғарғы координациялық 
қозғалыстың бҥзылуы, шиқылды спазм синдромы). Сенсорлы бҧзылыстар 
және сезімталдық бҧзылыстары, кӛру аймағының тарылуы, соқырлық және 
кӛрудің басқа да бҧзылыстары байқалады (диплопия, фотопсия және т.б.), 
есту бҧзылысы (саңыраулық және сурдомутизм), қатты дыбыстарды кӛтере 
алмау; жағымсыз сезімдер (жансыздану, қҧмырсқалар жорғалағандай, ине 
шаншығандай және т.б.). Жҥйке-бҧлшық еттік және жҥйкелік-қантамырлық 
сипаттағы бас аурулары, психалгиялар («каска», «сақина» тәріздес қысқан 
ауру сезімдері) болуы мҥмкін,
Невротикалық бҧзылыстар айқындығы қолайсыз факторлардың 
патогенділігіне сәйкес келеді, онымен қатар аурудың тҧлғалық 
ерекшеліктеріне де байланысты. Неврозды тудыруға ықпал еткен қолайсыз 
жағдайды жойғанда және қажетті ем қолданғанда психикалық, 
соматовегетативті бҧзылыстар жойылып, науқас сауығады. Бірақ неврозды 
тудырған қолайсыз жағдайлар сол кҥйінде сақталса, онда невроз 
созылмалы тҥрге ауысады. Невроздың созылмалы тҥріне созылмалы 
соматикалық немесе басқа аурулар, психикалық аурулармен тҧқым 
қуалаушылық ауырлық бейімдейді. Созылмалы ағымда невроздың 
клиникалық кӛрінісі ӛзгереді. Егер невроздың бастапқы кезеңінде оның 
жеке формаларын жеткілікті дәрежеде анықтау мҥмкін болса, кейін келе 
невротикалық симптоматиканың полиморфизміне байланысты клиникалық 
кӛрінісінің айқындылығы тӛмендейді. Невроздың негізгі формасының 
психопатологиялық кӛріністеріне уақыт ӛте астениялық, депрессивті, 
ҥрейлі-фобиялық және ипохондриялық бҧзылыстар қосылады. 
Невроздар әртҥрлі жас кезеңінде пайда болуы мҥмкін, бірақ невроз 
пайда болуына аса тән жас кезеңі 25-40 жас. Невроздар психикалық 
бҧзылыстардың ішінде жиі кездесетін тҥрі болып табылады. Олардың 
таралуы дамыған елдерде 5-15% ҧҥрайдығ яғни әрбір оныншы адам 
неврозбен зардап шегеді. 
Невроздың клиникалық кӛрінісі кӛпқырлылықпен ерекшеленеді. 
Әртҥрлі клиникалық кӛріністер басым болуына байланысты невроздар 
бірнеше формаға бӛлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет