Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау


Гипертониялық ауру кезіндегі психикалық



Pdf көрінісі
бет186/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Гипертониялық ауру кезіндегі психикалық 
бҧзылыстар 
Атеросклероз және гипертониялық аурулардың кӛріністері бір 
қантамырлық патология формасы болып табылады. Гипертониялық және 
атеросклероздық психоздармен науқастарда ортақ кӛріністер жиі 
байқалады: жастық период, тҧқым қуалаушылық, преморбидтi белгiлер, 
әртҥрлi экзогендi факторлар (алкоголизм, бас-ми жарақаттары
психогениялар). Осының барлығы ортақ қантамырлық – милық ҥрдістердің 
осы аталған тҥрлерінің, әсіресе ерте даму сатыларында патогенезінің, 
клиникалық және патоморфологиялық ерекшелiктерiнің ортақтығын 
кӛрсетеді.
Гипертониялық ауру кезіндегі бастапқы психопатологиялық 
кӛрiнiстер церебральды атеросклероз кезіндегі синдромдармен кӛрініс 
береді. Атеросклероздық психоздың клиникалық кӛрiнiсiне ҧқсас 
гипертониялық психоздардың қҧрылымында аффективті бҧзылыстар 


~ 282 ~ 
айқынырақ кӛрінеді: сандырақпен, депрессиямен, галлюцинозбен ҥрейлі 
кҥй басым болады, сондықтан ҥрейлі-сандырақтық, ҥрейлі-депрессивті 
синдромдар жӛнінде айтуға болады. Гипертониялық психоздардың ағымы 
динамикалы, атеросклероздық психоздармен салыстырғанда ҧзақтығы 
тӛмен.
Церебральды қантамырлық гипотония кезіндегі 
психикалық бҧзылыстар 
 
Бҧл бҧзылыстар шығу тегі бойынша гипертониялық аурулар 
кезіндегі аналогты кӛріністерге жақын және ҧқсас психикалық 
бҧзылыстармен жҥруі мҥмкiн. Гипотония кезінде жиi кездесетiн синдром
астениялық болып табылады. Психотикалық бҧзылыстар аффективті 
кӛріністермен жҥруі мҥмкін: ҥрейлі депрессия, сананың қысқа уақыттық 
бҧзылыстары (сананың кҥңгірттенген бҧзылысының эпизодтары) 
байқалады. 
 
Этиология, патогенез 
 
Атеросклероздық және гипертониялық психоздардың, церебральды-
қантамырлық генезді психопатологиялық бҧзылыстардың да этиологиясы 
мен патогенезі жеткілікті зерттелмеген. Әлi кҥнге дейiн неге кейбiр 
жағдайларда психикалық бҧзылыстар дамиды, ал екінші бір жағдайларда 
дамымайтыны анықталған жоқ. 
Ҧқсас ми аурулары кезіндегі психикалық бҧзылыстардың клинико-
морфологиялық, биохимиялық зерттеулері және анализiнде тура 
корреляция анықталмайды. 
Әртҥрлi психикалық бҧзылыстар кезіндегі себеп-салдарлық 
байланыстар кҥрделі және кӛпқырлы. Соның iшiнде ең кӛп мән 
церебральды-қантамырлық ҥрдістің ҥнемі серігі дисциркуляторлы 
бҧзылыстар мен гипоксиялық факторларға берiледi. Сонымен бiрге 
қантамырлар ӛткiзгiштiгiнің жоғарылауына және су алмасуының 
бҧзылуына байланысты пайда болған ми ісінуі кейбір психотикалық 
бҧзылыстардың, әртҥрлі кӛріністегі сана бҧзылыстарының дамуына 
маңызды себеп болып табылады. Қантамырлық генездi психотикалық 
кӛрiнiстердің 
дамуында 
патологиялық 
негіздің, 
соның 
iшiнде 
патологиялық тҧқымқуалаушылық, преморбидтi жағдай ерекшеліктері, 
жасына байланысты науқас реактивтiлiгiнiң ӛзгеруi және әртҥрлі 
экзогениялар мен психогениялардың да мәні жоғары. 
Бас миының қантамырлық аурулары кезінде ақыл кемдігінің пайда 
болуында мидағы деструктивтi ҥрдістердің маңызы зор. Продуктивтi 
психикалық бҧзылыстарсыз ақыл кемдігінің дамуында қантамырлық 


~ 283 ~ 
ҥрдістің баяу қарқыны да маңызды рӛл ойнайды. 
Бас миының қантамырлық аурулары кезіндегі психикалық 
бҧзылыстардың патоморфологиялық суреттемесiн бағалағанда оны 
гипоксиялық энцефалопатия ретінде квалификациялауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет