Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет203/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Маниакальды кҥйлер 
Маниакальды кҥй дамуының алдында кҥш ағыны, жоғары сӛзшеңдік, 
әрекеттілік, белсенділік артуымен сипатталатын гипоманиакальды аффект 
кӛрініс береді. Мҧндай кҥйдегі науқастар ерекше ішкі шабытты сезінеді, олар 
кӛңілді, жиі кҥледі, кҥшті тәбеттерімен ерекшеленеді, аз ҧйықтайды, 
тәулігіне 5 – 6 сағат ҧйықтаса да ӛзін сергек, қуатты сезінеді.
Науқастарда маниакальды кҥй белгілер триадасымен сипатталады: 
кӛтеріңкі кӛңіл – кҥй, ойлау ҥрдісінің жылдамдаған ағымымен, қимыл – 
қозғалыстық белсенділіктің артуы. Науқастар әр нәрсеге кірісіп кетеді, тҥрлі 
жоспарлар қҧрады. Айқын байқалатын маниакальды кҥйлерде аса 
алаңдағыштық әсерінен олардың әрекеттерінің мақсаттылығы жоғалады, 
қимылдық қозу кҥшейе тҥседі. Бҧл жағдайда науқастар ӛздерін жоғары 
бағалайды. Ӛздерінің керемет қабілеттілігі, дарындылығын жариялайды. 
Кейбір жағдайларда ҧлылық сандырақтық идеялары дамуы мҥмкін 
(шығармашылдық, реформаторлық). Дегенмен маниакальды кҥйдегі 
науқастардың сандырақтық идеялары олардың аффективті кҥйлермен тығыз 
байланысты. 
Науқас А.М.Г., 59 жаста. Анасы тарапынан туыстарында жиі деприссивті 
эпизодтар бақыланған: әжесі депрессия жағдайында ӛз - ӛзіне қол жҧмсап, қайтыс болған, 
науқастың анасында кӛңіл – кҥйдің ттербелістері байқалған. Туған ағасында да 
субдепрессия ҧстамасы болған, бірақ ауруханада емделмеген. Әкесінің сҥйікті қызы 
болған, ал анасы оған суық қараған, бҧл науқасты қатты қынжылтатын. Ол ҥнемі 
анасының ашуын шақырып, ызаландыруға тырысқан. Ӛте ерке, қырсық, мазасыз болған: 
болмашы себептерден бірде ашуға булығып, бірде қуанған. Сабағын ӛте жақсы оқыған. 
Ерекше ӛлеңдер, прозалар жазған, тілге деген қабілетті жақсы болған, декломирлеуді 
ҧнатқан, кӛпшілік алдында ӛзін еркін ҧстаған. Науқас 14 жасқа толғанда анасы әкесімен 
ажырасқан. Қыз бҧл жағдайды қатты уайымдап, анасымен қатынасы одан ары нашарлай 
тҥскен. Туыстарымен қарым – қатынасы ешқашан жақын болмаған, достары кӛп болып,
олармен жақын қатынасқан. Достық байланыстары ҧзақ және тҧрақты болған. Филология 
факультетін бітірген. Біршама уақыт мектепте қызмет еткен, неміс және француз 
тілдерінен сабақ берген, сонан соң испан, итальян, португал тілдерінен әдеби аудармашы 
болып жҧмыс жасаған. Ӛз жҧмысымен аса әуестікпен айналысқан. Жеке ӛмірі 
қалыптаспаған, әйтсе де мҥмкіншіліктер болғанымен, ол ӛз дертімен ешкімді 
байланыстырғысы келмеген. Бір ӛзі тҧрады, тҧрмысы орнықпаған. Әдебиетпен, 
кӛрмелермен белсенді айналысады, қонақта жиі болады. Етеккір алдында, әсіресе жас 


~ 309 ~ 
кезінде кӛңіл – кҥйінде тӛмендеу жағына қарай тербелістер байқаған, ол жағдай бір 
аптадан бір айға дейін созылатын болған.
Алғашқы ауруханаға тҥсуі 45 жасында. Әлжуаз кҥйге тҥсіп, жҧмысқа қабілеті 
тӛмендеген. Осы сәтте анасы қайтыс болған, анасының жаназасына келмеген, қатыспаған. 
Бір кҥн бойы тӛсектен тҧрмай жатып алған. Ауруханаға тҥскен, 4 ай емделген. 
Ауруханадан кӛтеріңкі кӛңіл – кҥймен шығып, бҧл жағдайды бақыт ретінде қабылдаған. 
Белсенділік, іскерлік танытқан, кӛптеген кӛйлектер сатып алып, ауқымды ақша жаратқан, 
аударма жҧмыстары бойынша ҥлкен іс атқарған. Одан әрі науқаста жыл сайын 
маниакальды кҥйлер пайда болып тҧрған, ол кезде іскерлік танытқан, ҥлкен 
шығармашылық шабытпен кӛптеген жоғары сапалы аудармалар жасайды; осы кезеңдерде 
ретсіз ақша жҧмсайды, сылқымданып, танысулары жиілеген, туыстарымен керіскен. 
Ҧстамалары әдетте жаз айында, екі айға дейінгі мерзімді қамтыған. Туыстарының 
инициативасымен кҥштеп ауруханаға жатқызылған.
Психикалық кҥйі: әнгімеге белсенді қатысады, сӛздері монолог сипатында, ӛз 
инициативасы бойынша сӛйлейді, дәрігердің сӛзін бӛле береді. Сӛзі жылдамдаған, қатты 
дауыспен сӛйлейді, мәнерлі, жиі жҥріс-тҧрысы жасанды тҥрде балаларға тән сипатта. 
Кӛңіл – кҥйі кӛтеріңкі, тітіркенгіштікке тез ауысады, «анасы мен әкесінің» алдында 
кінәлімін дейді. Жоғары алаңдағыштық байқалады: ассоциация бойынша бір тақырыптан 
екінші тақырыпқа ауытқып отырады. Ӛзін кҥйіне сыни кӛзқараспен қарайды, оны 
«кҥлкілі» жағдай деп атап, оған жедел тҥрде кӛмек кӛрсетуді сҧранады, ем және зерттеу 
ҥрдісіне белсенді кірісіп кетті. Бӛлімшеде науқастармен тез танысып, араласып кетті, 
ӛлеңдерін ләззат ала оқиды, кейде ӛлеңдерінің сипаты қҧлаққа оғаш, кейде тітіркенгіш, 
ызалы кҥйге тҥседі. Ем нәтижесінде сабырлана тҥсіп, ӛзінің әрекеттерін реттей алатын 
жағдайға жетті. 
Атипті маниакальды кҥйлердің ішінен кӛңілді манияларды (бірінші 
кезекте кӛңілді, кӛтерінкі кӛңіл – кҥй), ӛнімсіз манияларды (науқастар 
әртҥрлі істерге кіріседі, бірақ олардың біреуін де аяғына дейін жеткізбейді), 
шатасқан манияларды (идеялар секірмелілігімен идеаторлы қозу айқын 
байқалады), ызалы манияларды (жоғары тітіркенгіштікпен, ызамен жҥреді) 
ажыратады.
Кейде басқа да атипті маниакальды кҥйлер кездеседі. Жоғары 
психикалық және моторлы белсенділік жағдйында науқастарда кӛтеріңкі 
кӛңіл – кҥй бақыланбайды. Олардың кҥйінде тітіркенгіштік, қозғыштық және 
ызалылық басым болады. 
МДП динамикасы әртҥрлі болуы мҥмкін. Жиі депрессивті де және 
маниакальды да ҧстаманың пайда болуы бақынадаы (аралас типтегі ағым). 
Сондай – ақ дерт динамикасында тек маниакальды немесе депрессивті 
ҧстамалардың пайда болуы мҥмкін (униполярлы типтегі ағым), сондай – ақ 
континуальды ағым варианттары (жалғасқан) болуы мҥмкін, бҧл кезде 
депрессивті кҥйлер ашық аралықсыз маниакальды кҥйге ауысады. МДП 
науқастарда аффективті бҧзылыстардың айқындылық дәрежесі әртҥрлі, 
аффективті бҧзылыстардың жеңіл формалары әдетте субдепрессивті және 
гипомания деп аталады. Жиі аффективті бҧзылыстар сырқаттың барлық 
барысында айқын емес сипатта болып, субдепрессиялармен, гипоманиямен 
байқалады. Аурудың мҧндай формасы «циклотимия» деген атауға ие болды.
Аурудың динамикасында белгілі бір заңдылықтар байқалады. 
Алғашында жиірек маниакальды ҧстамалар кездеседі, одан ары қарай олар 
сиреп, депрессивті ҧстамалар басым болады. Ҧстамалардың ҧзақтық мерзімі 


~ 310 ~ 
да ӛзгереді. Сырқаттың алғашқы кезеңінде олар қысқа және даму дәрежесіне 
қарай ҧзара бастайды, осыған сәйкес ашық аралықтар – ҧстама аралық 
кезендер қысқарады. Ҧстама аралық кезеңдерде психопатологиялық 
симптоматика бақыланбайды. Дегенмен жеңіл аффективті тербелістер болуы 
мҥмкін, кӛңіл – кҥйдің тӛмендеуі, жиі таңғы сағаттарда бақыланатын 
енжарлық байқалады. МДП ҥшін ҧстама аралық кезеңде психикалық 
денсаулықтың толық қалыптасуы тән. Науқастар ауруға дейінгі кезеңдегі 
кҥйлеріне қайта тҥседі. Мҧндай кҥйлер арнайы «интермиссия» терминімен 
анықталады. Бҧл терминмен науқастың психикалық денсаулығының толық 
қалыптасуы, оның барлық дертті психопатологиялық кӛріністерден арылуын 
тҥсінеміз. Ремиссиялар кезіндегідей науқаста басынан ӛткен ҧстаманың 
қалдық симптомдары немесе аурумен шақырылған кейбір ӛзгерістер қалуы 
мҥмкін. Интермиссиялар кезінде преморбидтік (ауруға дейінгі кезең) 
кезеңмен салыстырғанда науқас тҧлғасының кейбір ӛзгерістері болуы 
мҥмкін. Бірақ мҧндай ӛзгерістер жастық факторлармен, атеросклерозбен 
және т.б. байланысты болуы мҥмкін. МДП –бен науқастар ҧстама кезеңінде 
ҥнемі бақылауды қажет етеді. Депрессивті кҥйде науқастар жиі тамақтан бас 
тартады. Осыған байланысты науқастардың тамақтануын қадағалап отыру 
қажет. Кейде айқын депрессиялық кҥйдегі науқастарды мәжбҥрлеп 
тамақтандыру қажет болады. Бҧл науқастар жиі суицидальды ойлар айтады, 
жиі сол ойларын іске асыруға талпыныс жасайды; маниакальды науқастар ӛз 
кҥйлерінің ерекшелігіне байланысты ӛзіне немесе жақындарына зиян 
келтірулері мҥмкін: бейтаныс адамдармен қарым – қатынасқа тҥсіп, 
заттарын, ақшаларын тарту ету және т.с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет