Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет205/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

 
Емі және профилактикасы 
 
Психотропты заттар маниакальды және депрессивті бҧзылыстарды 
бақылап, басқарып отыруға мҥмкіндік береді. Маниакальды қозуды басу 
ҥшін тҥрлі нейролептиктерді қолдануға болады. Олар әдеттегі дозада 
таблетка және инъекция тҥрінде беріледі. 
Гипоманиакальды кҥйде бензодиазепин тобының транквилизаторлары 
тиімді әсер кӛрсетуі мҥмкін. Олар тек психомоторлы қозуды басып қана 
қоймайды, сонымен қатар ҧйқыны қалыптастырады.
Депрессия кезінде антидепресанттар тағайындау кӛрсетілген. Таза 
(қозусыз) депрессия жағдайында моноаминоксидаза ингибиторлары тиімді


~ 312 ~ 
ҥрейлі депрессия кезінде - транквилизаторлық әсері бар антидепресанттарды 
нейролептиктермен бірге беру эффективті. Мҧндай ҥйлестіру МДП – дың 
атипті тҥрлерінде, ҧстамалар қҧрамында аффективті бҧзылыстардан ӛзге, 
галлюцинаторлы, сандырақтық қҧбылыстар орын алғанда қоладылады. 
Депрессияның жеңіл формаларында, әсіресе бҧл кҥйлер ҥреймен қосарланған 
жағдайларда транквилизаторды қолданған дҧрыс. Депрессивті кҥйлерде 
ҥнемі ҧйқы бҧзылысы бақыланады. Мҧндай жағдайда ҧйықтататын 
препараттар тағайындау кӛрсетілген: эуноктин және т.б. МДП емінде литий 
тҧздары кеңінен қолданылады. Олар ҧстама кезеңінде де және ҧстама аралық 
кезеңдерде де профилактикалық мақсатта қолданылады. Бҧл препараттардың 
маниакальды кҥйдің алдын-алуда тиімділігі жоғары.
Кейбір 
науқастарда, 
әсіресе 
депрессивті 
науқастарда 
тҥрлі 
антидепресанттарды қолдану нәтижесіз болады (резистентті тҥрлері). Бҧл 
жағдайда препаратты бірден алып тастау керек. 1 – 2 апта бойы науқас бір 
мезгілде тоқтатылатын препараттардың тӛмен дозасын қабылдайды. 
Препаратты тоқтатқаннан кейін бірнеше кҥн ӛткен соң (науқастың 
жағдайына байланысты) препаратты беруді аз дозадан қайта бастайды. 
Тӛзімділікті қайтара алмаған жағдайда осындай тоқтатуларды аздаған 
аралықтардан кейін қайталап отыру қажет. Тӛзімділікпен кҥрес ҥшін 3 – 5 
инъекция мӛлшерінде сульфазинотерапия курсын қолдану кӛрсетілген 
(науқастың соматикалық жағдайы кӛтерген жағдайда). 
Емнің барлық тҥріне тӛзімді депрессивті кҥйлер орын алғанда ең соңғы 
қолданылатын 
әдіс 
электроқҧрысулық 
терапия 
болып 
табылады. 
Психотропты және литий тҧздарымен терапия жҥргізгенде науқастың 
соматикалық кҥйін ӛте ҧқыпты қадағалап отыру қажет. 
Соматовегетативті функциясы онсыз да тежелу жағдайындағы 
депрессивті науқастарда антидепрессанттардың әсерінен ҧзақ уақыт бойы 
ҥлкен және кіші дәреттің тежелуі бақылануы мҥмкін. Литий тҧздарын 
қолдану су және электролит алмасуының балансын бҧзуы мҥмкін. Осы 
жағдайлардың барлығы науқастардың соматикалық кҥйін егжей – тегжейлі 
тексеріп отыруды және ҥнемі лабораториялық зерттеулер жҥргізіп отыруды 
талап етеді.
МДП – дың біріншілік профилактикасы медико – генетикалық кеңестің 
міндеті болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет